Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


MVP ең көп таралған түрлері



бет56/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   223
Китап касипкерлик

MVP ең көп таралған түрлері:
1. Жоспар-сызбалар. Егер сіздің уақытыңыз бен қаражатыңыз жетпей жатса және сіз MVP техникалық жағынан жоғары деңгейде ұсынсаңыз жоспар-сызбалар MVP тамаша таңдауы болып табылады. Егер сіз болашақ тамаша жобаны елестете алатын адамдарға бағдарлансаңыз, жоспар-сызба– қауіпсіз іс-әрекет. Егер сіз осы категорияға жатпайтынклиенттер тобына ұсынсаңыз, сіз MVP графикалық кеңейтілген түріне инвестиция жасай аласыз.Егер сіз суши-мейрамхана ашуды жоспарласаңыз, сіз оның мәзірін жасай аласыз, таныс және бейтаныс адамдарға олардың өздерін қызықтырған ұстанымдарын таңдау үшін көрсете аласыз.
2. Макеттер. Егер сіз дерексіз түсініктерді визуализациялау тәжірибесі жоқ аудиториямен жұмыс істесеңіз, макеттер қауіпсіздеу. Өз мақсатыңызды бейнелеу үшін Sketch сияқты бағдарламадағы бірнеше макеттерді әзірлеңіз. Оларды болашақ өнім бойынша экскурсия өткізетін гидтер деп ойлаңыз. Кейбір адамдар үшін үшін сурет мыңдаған сызбадан маңыздырақ.Егер сіздің өз стоматологияңызды ашқыңыз келсе, қызметтер ұсынылған веб-сайтжасаңыз және клиенттердің қабылдауға қаншалықты жазылатынын анықтаңыз.
3. Жылдам прототиптер. Кейде адамдарға жай ғана қозғалатын нәрселерді көру қажет, көзге түсетін суреттері мен түрлі-түсті көріністері бар басуға болатын батырмаларды қарау керек.Сізге аудитория атқарымдылыққа тым көп назар аудармауы үшін оларға мұныңөнімнің жұмыс нұсқасы емес екенін анықтап түсіндіру керек, дегенмен, жылдам прототиптер көзге елестету үшін қосымша көмекті қажет ететін аудиторияға қолайлы болады.Егер сіз жаңа жылдық сыйлықтар бойынша бизнес ашқыңыз келсе, сіз бір тестілік жинақты алып, оны жарнамалауды бастаңыз. Осылайша сіз оның сатып алушыларды қаншалықты қызықтыратынын түсіне аласыз. Егер сіз өзіңіздің маникюр салоныңызды ашқыңыз келсе, екі танымал түсті лак сатып алып, жұмысыңызды бастай аласыз. Үдеріс кезінде сізге қандай лак пен қосымша жабдықсатып алу керектігін түсінесіз.
4. Өнімнің жеңіл (light) нұсқасы. Егер командада жеткілікті құралдар мен адамдар болса, сіз MVP жеңіл нұсқасын жасай аласыз. Бұл жоба нарықта жеткілікті қызығушылық туғызса, жалғастыру үшін негіз болатын бірнеше негізгі атқарымдары бар оңай орындалатын нұсқа болуы тиіс. Егер сіз балмұздаққа сеппе өндіруді қаласаңыз, сіз сеппенің бір нұсқасын жасап, оның дәмін көру үшін және өз пікірін айту үшін адамдарға ұсына аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет