Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет54/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   223
Китап касипкерлик

Географиялық:

    • Олар қалада тұра ма,әлде ауылда ма?

    • Олар үлкен қалада тұра ма?

    • Олар қандай елде тұрады?

    • Климат сіздің өніміңізді сатуға әсер ете ме?

    • Интернет сіздің өніміңізді сатуға әсер ете ме?

    • Олар қандай да бір белгілі бір аймақта тұра ма?

  1. Демографиялық:

    • Олардың жасы қаншада?

    • Олар қай жынысқа жатады?

    • Олардың ұлты маңызды ма?

    • Олардың табыс деңгейі маңызды ма?

    • Олардың білім деңгейі маңызды ма?

    • Олар некеде болу-болмауы маңызды ма?

  1. Психографиялық:

    • Олардың мінез-құлқы қандай?

    • Олардың қызығушылықтары қандай?

    • Оларға не ұнайды немесе не ұнамайды?

    • Олардың сенімі қандай?

    • Олардың өмір сүру стилі қандай?

Wordstat, Google Trands аналитикалық сервистері Интернеттегі тауар немесе қызметке деген сұраныстың жалпы көрінісін қажетті аймақта нақты уақытта түсінуге көмектеседі. Осы сервистердің көмегімен қай аймақта қандай сұраныстар ең танымал екенін білуге болады. Мысалы, уақыт өте келе мақсатты аудиторияға Қазақстанның кез келген қаласында самокаттарды сатып алуға деген сұраныс қаншалықты өсіп жатқанын немесе төмендегенін көруге болады. Бұл құрал сараптама жүргізу үшін пайдалы. Ол үшін сілтемеге өтіп, сізді қызықтыратын іздеу сұрауын жазып көріңіз және басқа пайдаланушылардан осындай сұраулардың санын және олардың географиялық орналасуын көре аласыз (https://trends.google.ru/trends/?geo=RU).
Сондай-ақ, мақсатты аудиторияны дұрыс сұрақ қою арқылы іздеуге болады:
1. Ең алдымен сіз өз клиенттеріңіздің қандай да бір мәселесін шеше алатыныңызды немесе оларға белгілі бір артықшылықтар бере алатыныңызды анықтаңыз. Барлық бизнес-идеялар осы екі категория арасында бөлінеді. Қағида бойынша, бизнес-идеялар клиенттердің қиындықтарын шешуге бағытталған.
2. Өз идеяңызды бірнеше тармақшаларға бөліңіз: сіздің өніміңіз қандай атқарымды орындайды, қандай мәселені шешеді, одан кім табыс түсіреді. Нәтижесінде сіз үш жолдан тұратын кесте құрасыз.



Не істейді

3-4 атқарым

Қандай қиындықты шешеді

Атқарымдарды қайта оқып, олардың әрқайсысы қандай мәселені шешетінін анықтаңыз

Кім үшін

Бірінші жолды жабыңыз және оған назар аудармаңыз. Мәселені қарап, оның кімге тиесілі екенін ойлап көріңіз

3. Мүмкін, сіз осылайша аудиторияның жанама бөлігіне назар аударыңыз. Олар сіздің өніміңізден табыс алады, бірақ сіз бұл туралы ешқашан ойланған жоқсыз. Тағы кімдерді сіз өзіңізге жанама клиент ете аласыз, ойланып көріңіз.


4. Өзіңіздің әлеуетті клиентіңіздің портретін салыңыз. Оған есім беріңіз (мысалы, Клиент 1).
5. Оның сипаттамаларының кестесін құрастырыңыз.
1-Клиент:

  • жасы;

  • ұлты;

  • табысы;

  • қала немесе ауыл тұрғыны;

  • қайда тұрады;

  • отбасы жағдайы;

  • балалары;

  • нені ұнатады;

  • нені ұнатпайды;

  • ақпаратты қайдан алады;

  • оған сіздің өніміңіз неге ұнауы мүмкін;

  • мінез-құлық сипаты;

  • қосымша маңызды ақпарат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет