4-тапсырма
Өз стартапыңыздағы CAC есептеңіз және өзіңіздің маркетингтік қызметіңіздің тиімділігі туралы қорытынды жасаңыз.
Сату сүзгісінің (айналым) тиімділігін арттыру құралдары
СС тиімділігін арттырудың негізгі құралдары:
Басқаша айтқанда, өз қызметіңіздің сапасын және сату сүзгісінің (айналым) әрбір кезеңінде клиенттермен қарым-қатынасты арттыра отырып, сіз оның тиімділігін арттырасыз.
Сізге бұл істе «сарафан радиосы» сияқты құрал көмектесе алады. Оның құдыреті сонда, ол клиентті тартудың барлық сатыларынан өткізу қажеттілігін айналып өтугежәне сіздің тарабыңыздан ешқандай күш жұмсамай, «ақпарат беру» кезеңінен «сатып алу» кезеңіне секіріп кетуге мүмкіндік береді Клиент сіздің аяқ киіміңізді сатып алған соң, достарының алдында оны тамашалап, мақтанған кезде, осы іс-әрекет іске асады:«Қараңдаршы, бізде қандай аяқ киім тігетін болған! Таза былғарыдан тігілген, ал бағасы шетелдік аяқ киімге қарағанда екі есе арзан!» Нәтижесінде,сіздің дүкеніңізге аяқ киімдеріңізді жай ғана ұнатып қалғандықтан сатып алғысы келетін адамдар көптеп келе бастайды.
Сіздің міндетіңіз –«сарафан радиосына» табыс табуға көмектесу. Осы әсерді іске қосу үшін, клиент кейіннен бұл жөнінде өз достарымен бөліскісі келетіндей сіздің компанияңызбен қарым-қатынас оныңесінде сақталып қалуы үшінайналымның әр кезеңінде сізге не істеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |