Ресурстардың шектеулілігі
Бүгінгі сабақта біз сіздің бизнесіңіздің қызметі үшін қажетті ресурстарды талқылаймыз. Біз негізгі ресурстар туралы айтқан кезде, келесідей сұраққа барамыз: «Сіздің бизнес-модельіңіздің жұмыс істеуі үшін Сізге қандай маңызды активтер қажет?». Қандай активтер ең маңызды болып табылады?
Әрбір стартап үшін ең қызықты мәселе қаражат немесе қаржы болып табылады. Компания жұмысын қалай іске қосуға болады? Материалдық ресурстарды сатып алуға бизнес үшін несие алу керек пе? Өндірістік желі қажет. Жабдық керек. Машиналар қажет. Станоктар қажет. Ал зияткерлік меншік қалай? Нарықтағы ұстанымды анықтау керек пе, онда клиенттер бар ма? Мұның бәрі болу үшін қандай негізгі адами ресурстар қажет? Бізге ғалымдар қажет пе? Бағдарламашылар? Инженерлер? Есепші? Мүмкін, елде осының барлығы шоғырланған бір орын бар шығар? Сіз ресурстар туралы ойлаған кезде, осы мәселелердің барлығы орынды.
Жалпы ресурстар не үшін қажет? Олар бірнеше маңызды атқарымдарды орындайды. Олардың көмегімен:
тұтынушыға құнды ұсыныстар жасау және жеткізуге болады.Бір нәрсені сату үшін, Сіз бұны жасауға тиіссіз, немесе қандай да бір «құпия» ингредиент қосып, ұсынысыңызды ерекше етіп жасау үшін оны басқа өндірушіден сатып алуыңыз керек. Сіз сәнді кепкаларды өзіңіз тіге аласыз, не кепка дүкенін ашып, ең танымал брендтердің кепкалары мен бейсболкаларын ұсына аласыз. Бұл жағдайдағы сіздің құндылығыңыз енді сатып алушыға өзіне қатты ұнайтын кепканы таңдап, бағаларын алыстыру үшін 10 түрлі кепка өндірушілердің сайттарына кірудің қажеті жоқ екендігінде болып отыр. Мұның бәрін бір ғана (сіздің) дүкеніңіз жасай алады, әрі түрлі модельдерді киіп көруге болады. Қай жағдайда да сізге түрлі ресурстар қажет болады – тігін шеберханасы, сату бөлімі, дүкен және т.б. немесе қойма, сатып алу бөлімі, оқытылған персонал және т.б.;
нарыққа шығуға болады.Міне, сіз өзіңіздің керемет кепкаларыңызды тектіңіз делік. Бірақ енді нарыққа шығуыңыз керек. Ол үшін дүкенді сатып алу немесе жалға алу, немесе интернет-дүкен үшін тамаша веб-сайт жасау, жарнама менеджерін жалдау, жарнамалық акцияларды ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы өз тауарыңызбен таныстыруыңыз қажет. Бұл үшін түрлі ресурстар қажет;
Достарыңызбен бөлісу: |