( Журналдан ).
Ақынның жазирадағы айдынды жарқын маңдайға теңеген әдемі
образды жолдарының сымбаты әдеби тіл нормасынан ауытқудан
барып бұзылып тұрғандығы бірден аңғарылады.
Әдеби тілдің нормасынан ауытқудың кейбір түрлері тілдегі
жарыса өмір сүріп жатқан варианттарға байланысты болса, кейбірі
оған мүлде кереғар. Әдеби тілде жүйеленген, қатаң нормаға түскен
тілдік амал – тәсілдерді талапқа сай қолданбау сөз жатықтығының
бұзылуына себеп болып жатады. Мысал келтірелік. Қазақ тілінде
самай сөзінің самай шаш, самайын қырау шалған тәрізді орындарда
жұмсалып, адамға байланысты қолданылатыны белгілі. Солай бола
тұрса да біз бір автордың былай деп жазғанын, оқимыз: «Баса киген
түлкі тымағының екі самайына қалың қырау қатқан. Өзен қария
шанадан түскені болмаса қозғалмай тұр» (газеттен). Оқушы секем
алатын қолданыс – тымақтың самайы. Секем алған жерде –
селкеулік бар. Нормадан жөнсіз ауытқуды жөн көре берсек, екінші
біреудің тымақтың желкесі деп тіркестірмесіне кім кепіл? Нормадан
ауытқудың мұндай түрлері кейде тіл білмегендіктен емес,
мұқиятсыздықтан кетіп жататын мүкістіктер. Ал енді мына бір
үзіндіні оқып қарасаңыз, автор сөзді ойнақы құрам деп,
қойыртпаққа айналдырып алған: «Адамның кенет толуы не дұрысқа,
не бұрысқа көнбейтін өліара сәт қой. Екі қолын қайда қоярын білмей
абыржып қалмасы бар ма? Ақыры арқасына айқастырып салды да
бұтағын сыпырып, сылып алған сырғауылдай сидия қалды... Сол
мұң екен, үстіңгі еріннің сол жақ құйрығы дір етіп шапши қалды...
Әкесі күлмей ғұмыр кешті, қиратқанда күлімсірейтін, сонда ернінің
сол жақ құйрығы өстіп жоғары шапшып қалушы еді... Костюм үстіне
түскен алақаны матаны уыстап мыжғылай берді» (газеттен). Қолды
арқасына салу, еріннің құйрығын шапшыту, өліара сәт, алақанды
костюм үстіне түсіру, алақанға матаны мыжғылату дегендер кімге де
болса, әсіресе қалам ұстап, тіл кестелеймін деушілер үшін
кешірімсіз. Мұндай тігісі теріс тіркестер жазушыдан талап етер
көркем тілді айтпағанның өзінде тіпті жатық тілге қойылар
талаптың маңайына да келмейтіндігі көрініп тұр. Оқушы
наразылығын тудыратын мұндай бұрыс қолданыстар газет-журнал
беттерінде орынды сыналып та жатады.
Сөз жатықтығына қойылар талаппен мүлде сыйыспайтын ағат
қолданыстардың көзге шыққан сүйелдей болып баттиып тұратыны
да, бидай арасында өскен бидайықтай көзге бірден шалына
қоймайтындары да болады. Сөз мәдениеті үшін әсіресе соңғысы
қауіпті. Өйткені ондайлар ет үйрене келе кейбіреулердің дағдысына
сіңеді. Сөз жатықтығынан қиыс жатқан қолданыстың бірін байқаған
Ғ. Мүсіреповтей сөз зергерінің мына ескертуін еске түсіре кету
артық емес. Газет бетінде жарияланған аударма әңгімеден жайма
шуақ таң сәріде дегенді ұшыратқан жазушы: «Таң сәріде жайма шуақ
болмайтынын білмейді-ау деймін. Жайма шуақ деп кешегі, не
болмаса бүгінгі күннің сипатын айтады. Тегінде, мал жаюға болатын
қысқы күннің шуағын айтады. Таң сәріде де, тұтас алғанда түн
мезгіліне де мұның қатысы жоқ» дейді.
Сөзді былай қолдану дұрыс, былай қолдану бұрыс деп баға беру
оп-оңай шешіле салатын да шаруа емес. Оны кейде газет-журнал
беттерінде ара-тұра айтылып жүрген тартысты пікір таластардан да
байқайсыз. Тіліміздегі бір алуан сөздердің жұмсалуын кейбіріміз
даулы деп білсек, екінші біреуіміз ондай сөздерді өз мағынасына сай
қолданылған деп танимыз. Сондай сөздердің бірі – паш етті. Осы
сөздің мағынасы кейбіріміздің түсінігімізше мүлде бұрмаланған:
«Парсыдан кірген «паш» деген сөз де көп жағдайда бұрмаланып
алынып жүр. «Паш ету» деген – әшкерелеу, қылмысының, не
айыбының бетін ашу деген мағынада... Ал бізде кейбір жолдастар
оны «дәріптеу» деген мағынада қолданады» (газеттен). Бұл сөз
жөнінде өз ойын ортаға салған екінші бір автордың пікірі де осы
тәрізді: «Өлеңнің соңғы жолдары есіңізде шығар: «Зорлығын
Мұстафаның паш қыламын!». Сөзіне орай әні қандай қуатты. Жапа
шегіп жасыған бейшараның мұңы емес, зорлықшының кінәсын
дүйім жұрттың алдыңда бетіне басып тұрған айыптаушының өр,
асқақ үні қазақ құлағында мәңгіге қалғандай.
Енді бүгін біз газет-журнал беттерінен екі күннің бірінде: «Әрбір
100 бас саулықтан 150 бас қозы өндірген Пәленшеев Түгеншенің
еңбегі паш етуге лайық» тәрізді сөйлемдерді оқитын болдық. Байқап
отырсыз ба, мағына қалай өзгерген?
«Әшкерелеу», «масқаралау» мағынасындағы сөз мүлдем керісінше
«мадақтау», «марапаттау» ұғымын бүркеніп шыға келіпті»
(газеттен).
Бірінші келтірілген мысалда автор паш сөзінің парсы тілінен
енгендігін дұрыс айтқан. Бірақ осы сөздің қазақ тіліндегі мағынасын
екі автор да дәл көрсетіп, дұрыс түсінбеген. Паш ету – «әшкерелеу,
қылмысын, айыбын ашу» емес, тіркестің мағынасы – «жария ету»,
«әйгілеу», «білдіру». Көркем сөздің көрнекті зергерлері бұл сөзді
осы мағынада қолданған. Бірер мысал: «Тауының Шыңғыс, биігінің
Хан аталғаны да сол Шыңғыс ханның мекен еткен конысы екенің
паш етеді». «Сылдыраған шолпысы әлдеқайда былдыраған тілмен
Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді (М. Әуезов). Паш етуге
байланысты осындай мысалдарды өзге де суреткерлер
шығармасынан кездестіруге болады. Бұл жерде паш ету сөзін
жоғарыда айтылған пікірдегідей «масқаралау, айыбын бетіне басу,
кылмысын ашу» деп түсінсек, «Тоғжанның келері мен кетерін
шолпысы масқаралап, қылмысын ашып тұр» деп ұғар едік. Осы
мысалдың өзінен-ақ паш ету сөзінің мағынасы «әйгілеу»,
«жариялау», «білдіру» екендігін байқаймыз. Атақты әнші,
композитор Жаяу Мұсаның «Зорлығын Мұстафаның паш қыламын»
деуін де «жұртқа жария етемін, әйгілеймін» деген мағынада түсіну
керек.
Паш ету тіркесінің кейбірімізді «жаңылдырып» отырған тағы бір
сыры бар.
Сөз – аса күрделі категория. Белгілі бір сөздің заттық
мағынасымен бірге реңі де болады. Сөздің заттың, ұғымның аты
ретінде білдіретін мағынасы лингвистикада денотациялық мағына
деп аталады.
Паш ету сөзінің «жариялау, әйгілеу, жұртқа жаю» деген мағынасы
– денотациялық мағына. Ал бірсыпыра сөзде осы мағынаға қоса
коннотациялық мағына да болады. Сөз реңі деп отырғанымыз осы.
Мысалы, қазақ тілінде дидар деген сөз бет-әлпет, түр-түс деген
мағынаны (денотациялық мағына) білдіреді, оған үстеме бұл сөзде
жағымды рең бар (коннотациялық мағына). Бет әлпет, дидар
сөздерінің заттық мағынасы бірдей болғанымен, бірінің орнына
екіншісін қолдануға болмайды. Бет әлпеті келіспеген, бет әлпеті
нашарлау дегенді дидары келіспеген, дидары нашарлау деуге
болмайтыны белгілі. Дидар сөзінің мұндай орындарда жұмсалуына
бұл сөздің жағымды реңі (коннотациялық мағынасы) ырық бермейді.
Сұңқар сөзі – белгілі бір құстың атауы. Енді осы сөз жігіттің
сұңқары дегенде жағымды рең алады. Сөйлеуші баяндалып отырған
жайға іш тарта сөйлегенде сөзді жағымды, жағымсыз реңіне қарай
талғап қолданады. Сөздің заттық мағынасына ғана назар аударып,
реңін елеп-ескере бермейтіндер қадап айтты, шұқшия айтты деп
сөзімге жағымсыздау сөйлейді. Мұндайда шегелеп айтты, мұқият
айтты деудің жөні бір басқа екендігі көрініп те тұр.
Сонымен, ана тіліміздегі бір алуан сөздің заттық мағынасына қоса
жағымды немесе жағымсыз реңі де болады. Ал көптеген сөз бұл
қасиеттен қалыс тұрады да, бейтарап реңде болады. Ақындар,
жазушылар, журналистер, өнер-білім қайраткерлері, өзге де сөзге
шебер адамдар тілде «дайын» күйде кездесетін жағымды немесе
жағымсыз сөздерді таңдап қана қоймайды, сонымен бірге ол
сөздерге айтар ойының мазмұнына сай етіп, көздеген мақсатына
орай әр түрлі бояу дарыта алады. Бұл – сөйлеушінің тіл шеберлігіне
байланысты.
Уақыт өте келе тіліміздегі кейбір сөздердің мағынасы да өзгеріп
жатады. Ал кейбірінің мағынасы емес, тек реңі өзгереді, жағымды
реңдегі сөз жағымсыз реңге көшеді. Еліміздегі саяси-әлеуметтік
өзгерістерге байланысты бай, манап, патша тәрізді сөздердің ұнамсыз
контексте жұмсала бастағаны белгілі. Сондай-ақ реңі жағынан
бейтарап сөздер жаңа бір рең алуы да ықтимал. Міне бұл мәселе –
сөз мағынасының өзгеруі деген кұбылыстан бөлек қарауды талап
етеді.
Әуелден паш ету сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы «жария ету»,
«әйгілеу», «жұртқа білдіру». Осы сөздің бастапқыда бейтарап реңде
болғандығын «Абай жолы» эпопеясынан алынған мысалдан-ақ
аңғаруға болады. Тіл жұмсау дағдымызда бұл сөз мына тәрізді
контекстерде жиі қолданыла келіп, бейтарап реңнен жағымды реңге
көшті:
Октябрь күнінің
Он екінші тойында
Паш етейін бір істі
Көптен жүрген ойымда
Достарыңызбен бөлісу: |