Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет14/37
Дата11.03.2024
өлшемі450.47 Kb.
#495037
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

(«Қобыланды батыр»)
Қазіргі тілімізде «он қолынан өнері тамған адамды» шебер деп
атасақ, әуел баста бұл «сұлу» деген мағына аңғартқан. Монғол
тілінде цэвэр «әсем», «әдемі», «таза», «сұлу» дегенді білдіреді.
Тілдегі құбылыс із-тозсыз кетпейді. Бұл сөздің «сұлу», «әсем» деген
көне мағынасы көршілес тілде сақталған.
Тілімізде негізгі мағынасын сақтаған, бірақ тұрақты сөз
тіркестерінің құрамында айтылғанда өзгеше қызметке көшкен сөздер
де бар. Қара сөзінің жеке алғандағы мағынасы түр-түсті
білдіретіндігі белгілі, ал кейбір сөздермен тіркес құрай келгенде, бұл
сөз мүлде өзгеше мәнге көшеді. Қара шаңырақ, қара орман, қара
жол. Бұндай тіркестерде қара сөзі «ұлы» «үлкен» тәрізді ұғымды
аңғартады. Қызыл сөзі де осы тәрізді, тұрақты тіркестерде өзгеше
мәнде жұмсалады: қызыл май болу – «әбден болдыру, шаршау»,
қызыл аяқ – «жалаңаш-жалпы», қызыл қарын – «жас бала»


мағынасын білдіреді. Осылайша өзгеше мағынада жұмсалатын
сындық ұғымдағы сөздер тіл білімінде ахроматизмдер деп аталады.
Заттық ұғымды білдіретін кейбір сөздер де тұрақты тіркес
құрамында айтылғанда күшейткіш мәнге көшеді. Сондай сөздердің
бірі – қан: қан сонар – «нағыз сонар», қан сәске – «ұлы сәске»,
«түске таяу шақ», қан сорпа – «қызыл май болу», қан қаза – «ауыр
қаза», қан қазына – «зор», «үлкен қазына», қан базар – «қайнаған
базар». Осы соңғы тіркес ақын-жазушы, өзге де қалам иелерінің сөз
қолданысында «у-шу», «қызық думан» деген мағынада жұмсалады.
«Абай да бұрынғы жылдар осы Көлқайнардан сонау Байқошқар
өзеніне жеткенше он шақты көшіп баратын сапарды қызығы бітпес
қан базардың көшкеніндей көретін» (М. Әуезов). Мұндай
қолданыстардағы 
қан базар 
тіркесін 
хан-базар 
түрінде
«дұрыстаудың» қажеті шамалы. Тілімізде қан базарға ұқсас тіркестің
бірі – қан жайлау. Кейбіреулер бұл тіркестің мағынасын дәл
түсінбей, «үлкен жайлау» деп те ұғады. Шындығында, малшы
тұрмысында қан жайлау мезгілдік ұғымға байланысты айтылады 
5
.
Өйткені жайлаудың алғашқы кезеңі, басталар шағы бар. Бұл кез өз
көрінісімен әсем. Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды
жайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Жайлау отының сонысына тіс
тимей, құрағының қаймағы бұзылмай тұрады. Бұдан кейінгі кез –
қан жайлау. Бұл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп болып,
бас-аяғы түгел жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кәде, ат жарыс,
өнер жарыс т. б. қызықтардың өткізілетін шағы да осы тұс.
Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі қан жайлау
деп аталса керек. Ел салтына байланысты айтылатын мұндай сөздер
М. Әуезовтей ұлы суреткердің қаламынан қаға беріс қалмаған.
«Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл сағаттағы қаракеті қалың топыр,
қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем емес» (М. Әуезов).
Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған, жапырылмаған
сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған, базардың тарқар
сәтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол – сары жайлау. Жайлаудың
мерзімге байланысты атауларын ғана емес, кеңістікке қатысты
аттарын кездестіреміз: ой жайлау немесе етек, бөктер жайлау, төр
жайлау; кер жайлау. Осылардың ішінде кер жайлауды «кең жайлау»
деп түсінетіндер де бар. Бұл түсінік дәл емес. Кер жайлау – «ең
алыс», «ең биік» жайлау. Мұндай жайлауда у-шу аз болады. Мал
оңаша бағылып, қоңды күтіледі.
I . К е н е с б а е в . Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 316-318-бет.


Осындағы кер сөзін М. Қашғаридің сөздігінде кездесетін, «аттың
шоқтығы», «таудың төбесі» деген мағынаны білдіретін керіш
6
атауымен салыстыруға болады. Бұл сөз түбір мен қосымшадан
құрылуы ықтимал: керші.
Сондай-ақ тау беткейін қуалай түскен, етекке көлбеулеу жатқан
жол кер жол деп аталады. Кей жерлерде кер сөзімен аталатын жеке
биіктердің, шындардың атаулары кер сөзінің «биік» деген ұғымды
білдіруіне байланысты қойылуы ықтимал. Кертау – Орталық
Қазақстандағы биік, Кер – Жоңғар тауындағы шың.
Осындай ерен біткен Жүрек тауын,
Жағалай біткен жасыл алма бауын.
Күн сайын жылы леппен жауып тұрады,
Кербез шың – Кер бұлтынан сепкен жауын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет