сөздердің
(жыларман, сабарман, білермен т. б.) білдіретін
мағынасына қарағанда,
оқырман деу қисынсыз қолданыс тәрізді
көрінеді. Бірақ бұл жерде екінші бір құбылысты да ескеру қажет.
Ол – ман тұлғалы сөздің
тілімізде субстанцияланып, заттың аты
ретінде жұмсалу фактісінің де бар екендігі, мысалы,
атарман
(стражник),
шабарман. «Жаһангер сонда да жай жата алмады, бар еді
атақты көп
атарманы. Олардың екі жүзін ертіп алып, Ой қылды
залдан барып бата алғалы (Т. Ізтілеуов)
3
.
«Бірең-саран
шабарман старшынды өз қолымен де ұрып жіберіп,
болыс, би, қарияларды бойын жазғызбай ақыра ықтырып бет
қаратпай жасқандырып тұрды» (М. Әуезов).
-Ман, -мен тұлғалы сөз кейде септік жалғауы не өзге де
қосымшалар арқылы субстанцияланған күйде де жұмсалады:
Берерменге бесеу көп,
аларманға алтау аз (мақал).
-Ман, -мен
тұлғалы сөзді субстанциялап жұмсау жазушының өзіндік тіл
қолданысында да кездеседі. «Әуелі жылда екі рет егін салып, содан
ішермендік, тұқымдық алған соң, жер емшегін емуден дәндей берді
(М. Әуезов).
-Ман, мен тұлғалы сөздердің тілімізде осылайша субстанциялану
ерекшелігін ескерсек,
оқырман, көрермен сөздерін кодификациялау
(орфографиялық сөздік, анықтағыштарда тіркеп, заңдастырып
отыру), норма ретінде мойындау қажеттілігі байқалады.
Жоғарыда сөз болған неологизмдердің дені қоғамдық өміріміздегі
жаңа ұғым,
жаңа құбылыстарға, содан туып отырған номинация
тенденциясына байланысты пайда болса, тілдегі кейбір
жаңалықтардың өмірге келуінің себеп-салдары кейде бұдан
өзгешелеу болып та жатады. Кейінгі жылдарда тіліміздің сөздік
құрамы
космос, космонавт, космос кораблі, орбита т.б.
терминдерімен, номенклатуралық сөздермен толыға түскені мәлім.
Олай болса,
телевизор сөзі тұрғанда неге
теледидар деп жаңа сөз
жасаймыз, немесе
космос сөзінің қолданылып жүргендігіне
қарамастан оған
ғарышты неге қосақтаймыз? Сөзді басы артық
қолданып жүрген жоқпыз ба? Газет-журнал беттерінде кейде осы
тәрізді пікірлер де шаң беріп қалады.
Ғарыш сөзінің төркін тіліндегі (араб тіліндегі) мағынасы діни
ұғымға қатысты сөз, сондықтан да бұл
сөздің космос мағынасында
жұмсалуы, сырт қарағанда, орынсыз көрінуі де ықтимал. Алайда шет
тілден енген сөздер өзге
тілге келіп жерсінгенде, бастапқы
мағынасының ескерілмейтіндігі де белгілі. Бөтен тілден енген сөзге
3
Р. С ы з д ы қ о в а. Қазақ әдеби тілі – 60 жылда (Дамуындағы тенденциялар мен принциптер)–
Достарыңызбен бөлісу: