сіңді, көз үйренді
болғандығы сондай, соны сөз жаңа сөз ретінде
қабылданбайды. Ондай сөздер сонда да бірден оқулықтарға еніп,
сөздіктерде тіркеле қоймайды. Оның себебі мынада: жаңа қолданыс
тіл жұмсау дүкенінде сыналып, байқалуы, тәжірибеден өтуі керек.
Олардың құбылысты дәл, дұрыс бейнелей алатындары өміршең
болып қалады да, лингвистикалық
зерттеу елегінен өткен соң,
сөздіктерде тіркеліп, оқулықтарға енеді.
Тіл жұмсау дағдымызда жиі қолданылатын сөздің бірі –
ұстаз. Бұл
сөз – «оқытушы», «мұғалім
» дегенмен синонимдес. Соңғы жылдары
жас ұрпақты мамандыққа баулу ісінің елімізде өрістеп, кеңінен қанат
жаюына байланысты жастарды мамандыққа, еңбекке баулушы,
тәрбиелеуші адамдарды, еңбек озаттарын
ұстаз, ұстаз жетекші,
ақылшы ұстаз деп атай бастады.
Ұстаздық деген жаңа ұғымдағы сөз
пайда болды. «Комбинаттың әр цехында
алдың ала ойластырылып
жасалған жоспар бойынша жұмыс істейтін
ұстаздар советі бар. Бұл
советтерге өмір тәжірибесі мол, еңбекте ысылған коммунист
жұмысшылар басшылық етеді» (газеттен).
Тәжірибеде жиі кездескенмен,
ұстаз сөзінің бұл мағынасын тиісті
әдебиетте кодификациялау асығыстық болар еді, өйткені тіл
қолданысымызда
ұстаз сөзімен тайталас
тәлімгер сөзі де жұмсала
бастады.
«Тәлімгерлердің ішінде 28 Совет Одағының Батыры мен
Социалистік Еңбек Ерлері бар. 16-сы бүкілодақтық
«Жастардың
ұстазы» деген белгіге ие болды» (газеттен).
Тәлімгер сөзінің
«ұстазбен» жарыса қолданылуы, әрине, кездейсоқ емес. Сөз себепсіз
пайда болмайды.
Ұстаз – ұғымы кең, әрі көп мағыналы сөз. Ал ондай
сөзге мағыналық жүк арта беру коммуникациялық жақтан қолайсыз
болуы ықтимал. Мұндайда тіл белгілі бір ұғымдарды
тәлімгер тәрізді
дара мағыналы сөзбен белгілеуді қажетсінеді. Сонымен, жаңа сөздер
тіл тәжірибесінен өтіп, қолданыс тезінен шыққанша белгілі бір
уақытты қажет етеді. Сол уақыттың
ішінде жаңа сөздің кейбірі
орнын тауып, орныға түссе, кейбірі өтпелі ғана сипатта болып,
ығыса бастайды. Күнделікті тіл қолданысымызда пайда болған
жаңалықтарды кодификациялау ісінің тәжірибемізде кенжелеп
отыратындығы да осы себептен.
Арнайы зер салған адамға, тіл жұмсауымызда пайда болып жатқан
жаңа сөздер аз емес. Бірақ олардың кейбірінің құрылымдық жүйесі
ана тіліміздің сөз тудыру нормасына сәйкес (тыңгер, теледидар,
хабарлама т. б.) болса, кейбірі олай емес. Мысалы: Соңғы кезде
Балғабай
лездемені тіпті қысқа қайыратын болып жүр (газеттен)
дегендегі
лездеме – тілдің құрылымына жат «жаңалық».
Лезде –
жатыс септігінің жалғауы арқылы жасалған үстеу. Мұндай типтегі
сөздерге
етістіктен есім тудыратын -ма, -ме (бөлме, үйме, тартпа,
қойма т. б.) тәрізді қосымша жалғанбайтындығы белгілі. Мысалы,