Сабақтың мақсаты: «Нарықтық экономикада өндіріс қалай ұйымдастырылуы тиіс?» деген сұрақты шешу, Жекелеген салалар арасындағы ресурстар қалай бөлінуге тиісті? Әрбір саладағы өндірісті нақ қай фирмалар жүзеге асыруы керек? Әрбір фирма ресурстардың қандай тәсілін, қандай технологияны қолдануы тиіс? Осы сұрақтарға жауап қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық тиімділік неге байланысты?
Табыстау дегеніміз не?
Жауапкершілік дегеніміз не?
Өкілеттіліктер қалай беріледі?
Тақырып 11. Басқару еңбегінің этикасы мен мәдениеті
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
Басқару еңбегін ұйымдасыру - бұл ұжым алдындағы мақсатқа жетуге және анықталған тапсырмаларды шешуге бағытталған адамдардын іс-қызметгерін құрьгльгмды жүйеге келтіруге, үйлестіруге, реттеуге, біріктіруге арналған іс-қимылдар жүйесі.
Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады.
Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы. Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу
Бақылау сұрақтары:
Басқару этикасы қалай сипатталады
Этика нормалары
Еңбек ұжымында іскерлік қарым-қатынастар құратын принциптері
Этикеттің бірнеше түрін ата
Дж. Ягер өзінің кітабында іскерлік этикеттің алты қағидасын жазған, қандай?
Тақырып 12. Басқару қызметіндегі билік, ықпал ету және лидерлік
Тәжірибелік сабаққа дайындалу кезінде келесі сұрақтарға негізделген дәріс материалдарын және ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып шығу керек:
Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Көпшілік басшылар мен ұйымдарға сондағы өнім жеткізушілерге тапсырушыларға, бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомстволар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамдарға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себептердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |