Өткеннен сабақ ал
136
Кешірімді болудың күшін сол ұғымды дұрыс түсінген
кезде сезінесің. Кешірім танытуың өз құқықтарыңнан
бас тартуды немесе аңқаулыққа салынып, мың рет опық
жеуіңді білдірмейді. Кешіру - қорлық немесе қандай да
бір пенденің көрсеткен тәкаппарлығының құрбанына
айналу емес. Кешіруге күш ретінде қарауың үшін,
санаңда ол туралы жаңаша түсінік қалыптасуы қажет.
Кешірудің күші өмірдегі қандай жағдайда да кешірім
еткеніңде көрінеді. Алайда
барлық жағдайға бірдей
кешіре беруге болмайды. Кейде кешірімді болуың күш
саналады. Ал кейде екінші тарап кешіріміңді әлсіздік
санап, сені істемеген қателікті мойнына ала салатын
әлжуаз көрсе, кеңшілік танытпайсың.
Сен кешірудің қашан күшке айналатынын, ал
қашан әлсіздік саналатынын жақсылап түсінуің керек.
Кеңшілігің оң нәтижемен аяқталатынын көріп тұрсаң,
кешірім ет. Ал кеңшілігің себепті бұзғындық тек арта
түсетінін көрсең, кешірме.
Барлық істі өлшейтін ақыл таразың болсын. Басыңа
түскен әрбір істі сонша күшімді алуға лайық дүние ме,
әлде елемеуге болатын дүние ме деп, ойша таразыла. Ал
егер оны елемеуге шамаң келмей жатса, онда оның маған
түсірген салмағын
қалайша азайтсам екен деп, іштей
шешімін ізде. Мазалаған істің нәтижесін әлемдердің
Раббысына тапсырып, ойымнан қалай шығарсам деген
жауап ізде. Сол істің әсерінен пендешілік сезімдердің
бойымда қордалана беруін қалайша тоқтатсам екен,
уының таралуына жол бермесем екен деп ойлан. Әрбір
iqup
137
істі байыпты түрде қолға алып, пендешіліктің уынан
біртіндеп айығудың жоспарын түз. Құран аятында:
«Тақуа жандарға шайтаннан
қандай да бір азғыру
келсе, Алланы еске алады да қырағылық танытады», –
делінген. Сені ашу қысқан кезде, аталмыш аятты еске
түсіріп, басшылыққа ал. Сонда көкірек көзімен әрбір
істің ақиқатын, нәтижесін көресің.
Бірде Әбу Бәкір кедей Мұстах есімді бір
мұқтажға үнемі жәрдем беріп тұратын
еді «Ифк оқиғасы» деген атпен белгілі
болған
оқиғада Айша анамы зға жала
жабушылардың ішінде Мұстах та бар
болатын.
Ардақты пайғамбардың жұбайы Айшаға
жала жабушылар арасында Мұстахтың
да болғанын естіген кезде Әбу Бәкір бұдан
былай оның жанұясына көмектеспеуге ант
ішеді. Әбу Бәкірдің
жәрдемі тоқтап қалған
кезде Мұстахтың жанұясы бейшара халге
түседі. Бұл Мұстах Айша анамыздың немере
бауыры еді.
Ғалымдарымыз мына аяттың осы оқиға
кезінде түскендігін айтады: «Араларыңдағы
молшылық пен дәулетке ие болғандар
жақындарына, міскіндерге, мұхажирлерге
Алла жолында бермеуге ант етпесін!
Ғапу етіп кешірсін.
Алланың сендерді
iqup
Өткеннен сабақ ал
138
кешіруін қаламаймысыңдар ма? Алла аса
жарылқаушы, ерекше мейірімді!».
Ардақты Мұхаммед Әбу Бәкірді шақырып:
– Саған Алла Тағаланың кешірімі керек пе? –
деп, жоғарыдағы аятты оқып береді.
Сонда Әбу Бәкір:
– Әлбетте
мен
Алланың
кешіруін
қалаймын! – деді де, антын бұзып әрі мұны
бұзғандығы үшін
кәффаратын да өтеп
барып Мұстахтың жанұясына жәрдем
етуін жалғастырды. Себебі, ол Алланың
кешіріміне лайық болу үшін кешірімшіл бола
білу керектігін түсінген еді.