О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата03.12.2023
өлшемі4.58 Mb.
#485237
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Кешірдім????

Кешіруді үйренуге 
көмектесетін тәсілдер
«Кек алған адам түбінде өкінеді, 
ал кешірген адам - ешқашан». 
Дюма А.
Ш
ын мәнінде, кешірім сапарына терең бойлап, 
бұл сапарда көздеген мақсатқа жету үшін, 
рухани практикалық тәсілдердің маңызы зор. Бұл 
мұратқа жету үшін қолданатын ең әуелгі тәсілің – 
кешірімді болуға ниетің, яғни, ойланбастан шынайы 
құлшыныс білдіруің керек. 
Расында ашу – адам баласына тән, бәрімізге ортақ 
сезім. Алайда әр адамның ашуланғаннан кейінгі 
жағдайлары әр түрлі. Әдетте адамдардың ой - сезімдері 
ұқсас келеді. Адамның қандай да бір нәрсеге қатысты 
көрсеткен іс-әрекеті оның көңіл-күйіне, ой-санасына 
сай болады. Адамдардың арасында ашуланып, 
артынша кешірімшілдік танытатын немесе ашуланып, 
ашуы одан сайын өршелене түсетін немесе ашуланып, 
бірнеше жыл өтсе де кешпейтіндер кездеседі.


iqup
149
«Шура» сүресінде кешірімге лайық адамдардың 
сипаты былай бейнелеген: 
• «Сондай зор күнәлардан, арсыздықтардан 
сақтанғандар, 
• ашу кернеген кезде өздері кешірім 
е т к е н д е р ; 
• Раббыларының үндеуін қабыл алып, 
намазды 
толық 
орындағандар,
• өзара істерін кеңеспен жүргізгендер 
және өздеріне берген несібелерін тиісті 
орындарға жұмсағандар;
• Бір зұлымдыққа тап болса, жұмыла 
жәрдемдескендер; Бір жамандықтың 
қарымы дәл сондай жамандық болмақ. 
Сонда кім кешірім етіп, жарасса; онда оның 
сыйлығын Алла береді. Ол қиянатшыл 
залымдарды жақсы көрмейді;
• Егер біреу зұлымдық көргеннен кейін әділ 
түрде өшін алар болса, оларға тағар 
сын болмайды; Алайда кім сабыр етіп, 
кешірімді болса, дау жоқ, сауабы зор іс 
атқарған болады».
Құран адамға тән сезімдердің ең маңыздысы 
және күнделікті өмірде жиі бой алдырып қоятын 
«ашу» сезімін қалай баяндағанына қарашы. Құран 
«ашуды» 
баяндаумен 
шектелмеген. 
Керісінше, 
iqup


Өткеннен сабақ ал
150
аталмыш сезімдердің түрлеріне біртіндеп тоқталған. 
Өмірде жай ашуды көрсету мен зұлымдық, жамандық 
көруіңнің арасында парық бар. Дей тұрғанмен 
мұның бәрі кешірім танытпауға итермелейтін фактор 
саналады. Бірақ Құран сенің адамгершілігіңді 
ескеріп, саған жамандықтың қарымтасын қайтаруға 
немесе кешірім танытып, қоғамды түзетуге таңдау 
берген. Сосын құқығың тапталған кезде, есеңді алып
шектен шықпасаң, саған айып жоқ екенін баяндаған. 
Дегенмен, бұл да сабырлықты, кешіруді қажет етеді. 
Кешірімді болу, ғафушылық, кеңшілік сияқты ізгі істер 
табандылықты, жігерді қажет етеді. Сен аталмыш ізгі 
істерде, Құдай қаласа, табандылық таныта алатыныңа 
шәк жоқ. 
Бір досымның айтуынша, ол «Егер ақылыңның аясын 
білгің келсе, онда сені қандай істер ашуландыратынына 
қара» деген нақыл сөзді оқыған кезде, әрбір болмашы 
іске ашулана салуды доғарған. Расымен, іс жүзінде 
сенің ойыңа, ішкі сезіміңе әсер етіп, тәніңнің, 
жаныңның, ойыңның құбылмалығын тудыратын істер 
дерт сияқты. Бұл - сенің тұлғаңды, оның шынайы 
бейнесін анықтайтын үлкен көрсеткіш.
Түркі халықтарының нақыл сөздерінің бірінде: 
«Ашудың басылмауы - шоқты біреуге лақтыру ниетімен 
қолға ұстау сияқты. Бірақ, әуелі, сол шоққа өзің 
күйесің», – делінген.
Расында, кешіру - адам жанына ауыр іс. Әлбетте, 
жеңіл емес. Сол үшін саған, Алланың қалауымен, 


iqup
151
кешірімді болуға жетуіңе көмектесетін біршама 
практикалық нұсқауларды ұсынамыз: 
• Көптеген жағымсыз істің емі – руханият. Сондықтан 
Алладан жүрегіңдегі жек көрініш сезімін алып 
тастауды сұра. Өзің кешіре алмай, кеңшілік таныта 
алмай жүрген кісіге дұға тіле. Басында бұл саған 
ауыр болса да, оған жақсылық, игілік тіле. Сен 
жаныңның мұны біртіндеп қабылдай бастағанын, 
сонымен қатар жағдайдың оңалғанын байқайсың. 
Өйткені дұға тек жақсылық әкеледі; 
• Сенің ақыңа қатысты қате-кемшілік жіберген кісіге 
жанашырлық таныт. Бәлкім, ол қателік істеген кезде, 
пайым-парасатқа немесе сау санаға ие бола алмаған 
шығар. Қате-кемшілігін, күнәсін жеңе алмаған 
шығар; 
• Оңаша қалсаң да қателескен кісі жайлы тек жақсы 
сөз айт. Оған есендік пен кешірім қуатын төк. Оған 
қайыр-жақсылық тіле. Бұл тұрғыда нәпсіңе бой 
берме. Өйткені нәпсі жаратылысынан иесінің ізгі 
болуына кедергі жасауға тырысады. Нәпсі өз иесінің 
тек эгосы, мәртебесі, үстемдігі туралы ойлағанын 
қалайды; 
• Хат жазып, оған өзің қиянат көрген кісі туралы 
баяндап, сосын жыртып таста; 
• Ғафушылдық, кешірімді болу туралы оқиғалар 
жайлы оқып, өзіңді кешірімшіл болуға ынталандыр. 
Кешірімнің сыйы туралы оқы. Жүрегіңде шамаң 
келгенше реніш, өкпе, ыза сияқты т.б. жағымсыз 


Өткеннен сабақ ал
152
сезімдерді барынша азайтуға немесе мүлдем жоқ 
қылуға бел буып, таза жүрекпен күн батыруға тырыс;
• Биік мақсаттарды көзде. Өмірге, адамға қажет 
мәселелермен айналысып, соның қамына кіріс. Бұл 
дүниелік тақырыптардың көбісін көңіліңе өте жақын 
алмауыңа көмектеседі; 
• Бақытты болудың, көңіліңнің тыныштығының, 
зейініңді таза ұстаудың, өзіңді рухани байытудың, 
пайдалы нәрсе алудың жолын ізде. Қуатыңды, 
еңбегіңнің жемісін арттыратын тетіктерді ізде; 
• Ашушаңдыққа, талас-тартысқа бастайтын жолдардың 
бәрін жап. Мұндай қолайсыздықтарды тудыратын 
орындардан аулақ жүр. Ешкімге бүлік шығаруға 
мүмкіндік берме. Оның қасынан кету - ең абзал 
шешім екенін сезсең, сырт айнал; 
• Егер адамдардың орынсыз іс-әрекеттерге баруына 
әсер еткен себептерді немесе өсіп-өнген ортасын, 
бойына сіңген нәрселерді түсінсең, расында, 
олардың ондай іс-әрекеттеріне жауап табар едің. 
Себеп-салдарды түсінген соң, жек көру сезімінің 
орнына сенде мейірім, жанашырлық сезімі пайда 
болуы мүмкін. Сол сәтте мұндай жан-жақты түсінік 
сені ғафушылдық сезіміңді оятады. Артынша өзіңді 
және өзгелерді жақсы көру сезімің оянады; 
• Жақсы ойлауды, әр нәрсенің себеп-салдар, үзірін 
табуды үйрен. Іс-тәжірибелік сыннан өткіз немесе 
істерді өзің әдеттенген тәсілден бөлек жаңаша 
тәсілмен шеш; 


iqup
153
• Әр нәрсеге жан-жақты қарап, ой жүгірт. Тынысыңды 
терең алып, байсалдылық таныт. Өзің жақсы көретін 
түрлі жаттығуларды жаса. Сол жаттығулар арқылы 
ішіңде жиналып қалған жағымсыз ойлардан 
арыласың; 
• Бұрынғы кездегі кешірмей жүрген кездің салдарын 
көз алдыңа елестетші. Кешіре алмағаннан ашудың, 
қайғы-мұңның, жан жарасының қанша ұнамсыз 
әсерін көрдің. Басқа нәрселердің аталмыш 
әсерлерінің туындауына себеп болған кезде, 
мұншалықты жағымсыз әсер көрмеген шығарсың. 
Шын мәнінде, сен күннен күнге одан сайын жағымсыз 
әсермен өмір сүруді қаламайсың ғой;
Балалардан риясыз жақсы көруді, бірін-бірі шынайы 
кешіретінін, бір-бірімен риясыз күн кешетінін үйрен; 
• Кешіру - сабырлықты, еңбекті, табандылықты қажет 
ететіні есіңде болсын. Егін құр дән егу арқылы 
өнім бермейді. Дән өсіп, тамырын терең жайып, 
көлеңкелі, жайқалған ағашқа айналып, жемісін 
алғаныңша, оны суарып, баптап, үздіксіз қарауың 
керек.


Кешірдім
154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет