192
байланысты бөледі (балаларға арналған сусабын, қайызғаққа қарсы
сусабын, т.с.с.).
Мөлдір сусабындар басқаларға қарағанда кеңінен қолданысқа
енген. Зерттеу нəтижесі бойынша, бұл сусабындардың пайдала-
нылуы барлық сусабындардың жартысына тең болады екен.
Сусабын əзірлейтін шикізаттан молекуласында кем дегенде
10 көміртек атомы болатын келесі май қышқылдарының сабын-
дары пайдаланылады: капрон (С
10
), лаурин (С
12
), миристин (С
14
),
пальмитин (С
16
), стеарин (С
18
) жəне олеин (С
18
) қышқылдары.
Бұл қышқылдардың натрий жəне калий тұздары (сабын, сұйық
сабын) сабын шығару өндірісіндегі басты шикізат көзі болып табы-
лады. Бұл сабындардың кермек суда нашар көбіктенетіні айтылып
өткен. Олар кермек суда кальций, магний тұздарын түзіп, шашта
жұқа, қабыршақ түрінде тұрып қалады.
Оларды сусабын жасауда
көп қолданбайды.
Сульфонат сияқты анионды жуғыш заттар сусабын шығаруда
басты шикізат болып табылады. Олардың ішінде С
12
-(лаурил)
туындылары жиі қолданылады. Бұл көміртекті тізбек бір рет суль-
фаттанған болса (ларилсульфат, натрийлаурилсульфат), бірде одан
да күрделі қосылыстарға (триэтаноламинлаурилсульфат, глицерин-
лаурилсульфат жəне т.с.с.) айналады. Бұлардың барлығы керемет
жуғыш қасиетке ие.
Бұл топқа кіретін басқа да заттардың ішінде саркозиндерді
атап өтуге болады. Оның ішіндегі лаурилсаркозин сусабынның ең
маңызды құрамдас бөлігіне айналған. Саркозин жақсы көбіктенеді.
Көбік өз кезегінде шашты əрі қарай жуу мен тарауды жеңілдетеді.
Аталған барлық заттардың ағзаға теріс əсері жоқ жəне де көзді
тітіркендірмейді. Өзінің химиялық қасиеттеріне орай олар анионды
жуғыш заттар болып саналады.
Катионды жуғыш заттар анионды заттар сияқты сұранысқа ие
емес. Олар, əдетте аммонийдің төртіншілік қосылыстары түрінде
болады (мысалы, дистеарилдиметил-аммонийхлорид). Бұл заттар
жақсы
жуғыш қасиетке ие болмағанымен, бактрицидтік қасиеті
басым.
Амфотерлі жуғыш заттардың молекуласында анионды да,
катионды да заттар бар. Бұлар өздерін сілтілік ортадағы анионды,
қышқылды ортадағы катионды заттар сияқты ұстайды. Құрамы
жағынан өте күрделі, құрамында азот жиі кездеседі (аминді немесе
193
иминді топ ретінде). Амфотерлі жуғыш заттар сусабындарға арнал-
ған қоспа əзірлеуде таптырмайтын қосынды болып табылады.
Сусабындарға арналған шикізаттардың ішінде ион емес зат-
тардың маңызы бар. Олар кермек суда да, теңіз суында да жақсы
жуып, ағзаға да теріс əсері жоқ. Жақсы көбіктенбесе де, басқа зат-
тармен қосылыстары сусабын қасиетін жақсарта түседі. Мысал
ретінде полиоксиал-кенилгликолинді атауға болады.
Сусабындарды тек қана жуғыш деп айтуға болмайды. Себебі
олар құрамында түрлі қасиеттері бар күрделі
қоспа болып сана-
лады. Осылайша, əр мақсатта қолданылатын сусабынға өзіне сəй-
кес құрам əзірленеді.
Сусабындарға арналған қосымша заттардың түрі өте көп.
Көбік түзілткіштер мен тұрақтандырғыштар химиялық тұрғыдан
алғанда ұзын көміртекті тізбегі бар қосылыс болып есептелінеді.
Мысалға ретінде лаурилди-этаноламид пен додецилбензолды
келтіруге болады.
Сусабындарда қолданылатын жуғыш заттар жуып болғаннан
кейін жұмсақ əрі жеңіл (ұшқыш) күйде болатындай тиімді тазалай
алады. Сусабын құрамына реттегіш зат қосу
, бұндай шаштың тым
жеңілдеуіне қарсы тұруға болады. Бұл заттар шашты өте жұқа қа-
батпен жауып тұрады. Соның əсерінен шаш жалтырап, жұмсақ-
тығы мен жеңілдігі еш кедергі келтірмейді. Бұл мақсатта ланолин
мен
оның қосындылары, бутилпальмитат, глицерин жəне пропи-
ленгликоль, силикон қолданылады. Сусабындарда басқа да мақсат-
та қолданылатын саркозин шашты жұмсартады. Крем тəрізді суса-
бындар мен лосьондарға қажетті құрамын алу үшін опалесцияла-
натын заттарды пайдаланады. Олар стеарил жəне цетил спирттері
сияқты жоғары молекулалы спирттер немесе беген қышқылы сияқ-
ты сəйкес қышқылдар.
Мөлдір сусабын түсін сақтау үшін кез келген температурада
оған бутил спирті,
изопропилен спирті, терпинеол, диэтиленг-
ликоль жəне пропиленгликоль сияқты түсін ашатын зат қосады.
Қайызғақты емдеуге арналған сусабындарға қайызғақтың
түзілуіне жол бермейтін қасиеті бар заттар кіреді. Күкірт жəне
салицил қышқылдары қайызғақты бөліп алса, хлоргексидин ұзақ
уақыт əсер етсе, оны мүлдем жойып жібереді. Қайызғақтан
сақтайтын күшті заттардың
қатарына селен сульфиді, кадмий
сульфиді жатады.
Сусабынды одан сайын тығыз ету үшін натрий, калий жəне
аммоний хлоридтері сияқты тұтқырлықты арттыратын заттар қо-
сылады. Тұтқырлыққа трагант немесе целлюлоза қосылыстары
сияқты өсімдік шырыны жақсы əсер етеді.
Сусабындар бактериялар мен саңырауқұлақтар əсерінен бұзы-
луы мүмкін. Сондықтан да оларға консервілейтін қосымша заттар
қосу керек. Құрамындағы консерванттар сусабын түріне байла-
нысты əртүрлі болып келеді. Ол заттардың түрі өте көп болған-
дықтан, оларды тізіп айтып шығу мүмкін емес. Əр сусабынға
тəжірибе жүзінде анықтап, өзінің консервантын табу керек.
Көрсетілген құрамдас бөліктерімен қоса, сусабын құрамында хош
иісті заттар болады.
Достарыңызбен бөлісу: