182
а) триглицеридтердің сабындалуы немесе карбондық қышқыл-
дардың бейтараптануының бір операциясынан (сабынды қайнату-
дың тікелей əдісі);
б) екі операциядан: 1) майқышқылдық тұздарды алу жəне
2) алынған ерітіндіні электролиттермен өңдеуден (сабындық
желім).
Осындай өңдеу нəтижесінде сабын көптеген жағымсыз қоспа-
лардан босайды, ал бейтарап майлардың сабындалуы глицериннен
босайды (сабынды қайнатудың жанама əдісі).
Технологиялық процестің екінші кезеңі қайнатылған сабынды
əртүрлі қосымшалармен араластыру жəне оған тауарлық түр беру-
ден құралады. Шығарылушы сабынға байланысты оған тауарлы
түр беру əртүрлі операциялардан тұруы мүмкін: суыту, құрғату, ке-
сектерге бөлу немесе ұнтаққа ұсату, өңдеу жəне дайын өнімді орау.
Сабын қайнатушылық өндірістің дамуымен,
қолданылатын
шикізаттың түрінің өзгеруімен сабын қайнатуға арналған əдістер
мен аппаратура жақсартылуда, мұнда кезеңдік əдістер құралдар-
дың сəйкес өзгеруімен алмастырылады.
Майлар мен майалмастырушылардың қоспасынан сабындық
желім деп аталатын қоспа жасайтын сабын дайындаудың тікелей
əдісі. Сабындағы сабындалған
май қышқылдарының концентра-
циясын сабынның сол сортына нормативтік құжаттамамен орна-
тылған деңгейге жеткізеді: 40, 47, 60 %. Осылай қайнатылған
сабын оны суытады жəне оған тауарлық түр береді.
Жанама əдіс тікелей əдіспен қайнатылған желімді нəтижесінде
сабындық желім құрылымы бұзылатын электролиттермен өңдей-
тіндігімен ерекшеленеді. Одан кейін электролит ерітіндісінде са-
бын түріндегі 60-63 % май қышқылдарынан
тұратын сабынның
концентрацияланған ерітіндісі пайда болады. Бұл – сабындық
ядро. Осылайша, алынған сабынды кейде ядролық деп атайды; оны
суытады да, тікелей əдіспен қайнатылған сабын сияқты алуға
болады.
Ыдыраған майлардан сабын тікелей де, жанама əдіспен де
жасала алады. Бейтарап майлардан сабын қайнату кезінде жанама
əдіс қолданылады, ол сабындалған сілтіге өтетін глицеринді жоюға
мүмкіндік береді.
Қоспалары жоқ шикізаттан сабын жасау кезінде, мысалы, май-
ды реактивсіз ыдыратумен алынған немесе өсімдік майын таза-
183
лаудан,
дистилденген май қышқылдарынан, канифольдың ашық
түсті сорттарынан алынған шикізатты түгелдей тазалау талап етіл-
мейді. Бұл жағдайда ашық жəне таза сабын қайнатудың тікелей
əдісінде алынады.
Иіс сабынның негізін қайнату.
Иіс сабын сапасы бойынша ең
жақсы майлардан қайнатылған, бейтарап немесе ыдыраған ядро-
лық сабынды арнайы өңдеу жолымен дайындалады.
Ондай ядро-
лық сабынды жанама əдіспен алады, сəйкес жағдайларды қамта-
масыз еткенде қайнатудың тікелей əдісін қолдануға да болады.
Бұдан алынатын ядролық сабынды иіс сабынның негізі немесе
иістік негіз деп атайды.
Жанама əдіспен алынатын бейтарап майлардан жасалған
сабын негізін қайнату келесі операциялардан тұрады: алғашқы са-
бындау; алғашқы тұздау; екінші сабындау; екінші тұздау; сабынды
тегістеу; суыту.
Алғашқы сабындау таза ыдыста немесе алдыңғы қайнатулар-
дан қалған сабынды желімде жүргізіледі. Майларды таза ыдыста
сабындау кезінде оған майдың немесе
жануар майының кішкене
мөлшерін салады, одан кейін 100 °С-ге дейін ащы пармен ысыту
кезінде, екінші сабындалған сілті құяды, ол майдың толығымен
сабындалуына жеткілікті болуы қажет. Одан соң үзіліссіз əлсіз
қайнатумен рецептурамен қарастырылған қалған май мөлшерін
қосады, ал 1,5-2 % бірінші сабындаудың
аяғында сабынның
сілтілігін реттеу үшін қалады.
Кокос майы жəне С
10
-С
16
синтетикалық май қышқылдары
екінші сабындалу кезінде қосылады. Майлармен бірге екінші са-
бынды сілтіні (60 %-ға дейін майдан алынатын) жəне 35-40 % кон-
центрациялы ащы натрий ерітіндісін қосады (соңғысы ыдыста 14-
16 %-ға дейін екінші сабынды сілтіде болатын су есебінен ериді).
Алынған ерітінді қоюланбауы жəне «электролиттерсіз» сабын
түзілмеуі үшін барлық майлардың жартысының сабындалуынан
соң, сабын ерітіндісінде шамамен 0,5 % хлор натрийі болуы қажет.
Оны ыдысқа өндірістік қоспа түрінде ащы натриймен (NаОН 4 %)
жəне де сабындалған сілтімен бірге қосады. Егер де бұл NаСl
қажетті концентрациясын
қамтамасыз етпесе, оның жетіспейтін
мөлшерін 20 %-дық ерітінді түрінде қосады.
Май мен сілтілерді қосқанда ыдыстағы еркін сілтінің қалдығы
0,3-0,4 %-дан кем болмауын бақылау қажет. Сабындаудың аяғына
184
қарай еркін сілтінің мөлшерін 0,15-0,2 %-ға дейін төмендету қажет.
Тұздау алдында сабынды желім əлсіз сілтілік реакцияға ие болуы
қажет. Бейтараптану үшін еркін сілтінің артық мөлшерін болдыр-
мау мақсатында ыдысқа қалған майлардың 1,5-2%-ын қосады.
Алғашқы сабындалу 1%-дан көп емес сабындалмаған майдың
жəне 0,05%-дан көп емес еркін сілтінің болуы кезінде аяқталған
деп есептеледі. Операция сабындалған желім 47-49% май
қышқылдарынан тұратындай етіп жүреді.
Судың құрамын екінші сабындалған сілтінің мөлшерін өзгерту
жолымен реттейді. Бұл алғашқы сабындалушы сілтінің нақты мөл-
шерін қамтамасыз етеді, ал ол кейін глицеринге ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: