О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет71/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
химия рус (1)

Екінші сабындалуды
келесідей жүргізеді. Сабынды ядросы бар 
ыдысқа сілті ерітіндісі мен ыстық суды еркін сілтінің сабындалған 
қойыртпақтағы мөлшері 1-1,5 % шегінде болу есебімен қосады. 
Ыдыстың ішіндегісін ядроның желімдік жағдайға жеткеніне дейін 


186 
қайнатады, одан соң ыдысқа рецептура бойынша қарастырылған 
кокос майы мен синтетикалық май қышқылдарын қосады. Кокос 
майын сабындау жəне май қышқылдарын бейтараптандыру қайнау 
кезінде жүреді. Екінші сабындалудың аяқталуы кезінде ыдыста 52-
55 % май қышқылдары болуы, ал сабындалмаған май 0,2 %-дан 
көп емес болуы қажет. 
Екінші тұздалуды екінші сабындалудың аяқталуы кезінде 
ащы натрийдің ерітіндісімен (30-35 %) бөліктермен, сабынды 
қарқынды түрде араластыра отыра қосады. Екінші тұздауды, 
біріншісі сияқты сабын қозғалмалы жəне бөлшектік құрылымға 
ие болғанға дейін жүргізеді, ал бөлінген сілтінің суытылған бө-
лігінде сабын болмайды.
Сілтінің соңғы көлемін салған соң, ыдыстағы сабынды 30- 
40 минут бойы қарқынды түрде қайнатады, одан соң парды өшіріп, 
оны 3-4 сағатқа қалдырады. Нəтижесінде ыдыстағы зат ядро мен 
екінші сабындалған сілтіге бөлінеді. 
Екінші сабынды сілті 6-8 % ащы сілтіден жəне 3 % тұздан 
тұрады. Егер де алғашқы тұздалу дұрыстап жүргізілген болса, тұз-
ды аз салуға болады. Екінші сабындалған сілтіні қабылдағыш 
қорапқа салады, одан кейін оны алғашқы сабындау үшін алады. 
Кейде екінші тұздау операциясын қайталап жүргізеді. Ол үшін 
екінші сабындалған сілтіні жойған соң ядроны қайтадан желімге 
айналдырады, бұл кезде оның сумен қоса қайнауын қамтамасыз 
ету керек. Суға май қышқылдарының 52-55 % шегінде болуын 
қамтамасыз ете отырып қосады. Алынған сабынды желімді ащы 
натрийдің концентрацияланған ерітіндісімен жəне қайнатылған 
тұзбен қайтадан тұздайды. 1,5-2 сағат бойы тұрған сабынды сілтіні 
екіншісімен араластырып, өндірістік айналымға қайтарады. Қайта-
дан тұздау, тəжірибе көрсететіндей, глицеринді оның ядросынан 
толық жуу есебінен шығаруды жоғарылатады жəне соңғысының 
түсін жақсартады. 
Иіс сабынның негізін қайнату кезіндегі сабынды тегістеу ащы 
натрийлі ыстық сумен жүргізіледі. Қайнатылған тұзбен тегістеу 
бұл жағдайда қажет емес, себебі сабындағы тұздың құрамын жо-
ғарылатуға септігін тигізеді, ол оның икемділігін жоғарылатады. 
Ащы натрий ерітіндісі ыдысқа кішкене бөліктермен енгізіледі. 
Сабындағы еркін сілті 0,5-0,8 % шегінде, қайнатылған тұз 0,7-1% 
шегінде болады. 


187 
Тегістеуші ерітіндінің əрбір бөлігін қосқан соң, сабынды ащы 
пармен қайнатады. Тегістеудің аяғына қарай сабындық желімде 50-
54 % май қышқылдары болуы қажет 
Ыдыстағы сабын жақсы қозғалатын болса, тегістеуді аяқтал-
ған деп санауға болады; жеңіл қайнау кезінде ол ыдыс ортасынан 
периферияға толқынды түрде ауысады, ядро мен сілтіге бөлінбейді 
жəне шойын ыстық шпательмен алынып, жекелеген ірі пласттар-
мен ағады, ол өзінен кейін тегіс бетті қалдырады. 
Қайнатылған тұз бен еркін сілтінің сабындық желімдегі қо-
сынды құрамы жалпылық май рецептурасы бойынша қайнатылған 
иіс сабын негізін тегістеу кезінде 1-1,2 % шегінде қалу қажет, оның 
ішінде қайнатылған тұз көлемі 0,7 % болады. Электролиттердің 
осындай көлемі сабынды тегістеу кезінде ядроның көбірек шығуы 
мен ондағы электролиттердің аз қалдығын қамтамасыз етеді. 
Тұну. Тегістеуден соң, сабын ядро мен желім қалдығына бө-
лінумен тұнады. Тұну ұзақтығы ыдыстардың сиымдылығына 
байланысты. 50 м
3
сиымдылықты сабын қайнатушы ыдыстарды 
қолданған кезде тұну 24-36 сағатқа созылады. 
Қайнату процесі мен сабынды өңдеуді дұрыстап жүргізу жағ-
дайында ядро мен желімдік қалдықтың көлемдік арақатынасы
2:1-ге тең болуы қажет. Одан таза майларда бұл арақатынас 3:1, 
кейде 4:1-ге дейін көтеріледі. Егер де сабын тұну кезінде ядро мен 
сабындалған желімге дұрыстап бөлінбеген жағдайда, оны қайтадан 
тегістеу қажет. 
Иіс сабынның негізі тұнудан кейін 61,5 %-дан кем емес май 
қышқылдарына, 0,2 % сабындалмаған майға ие болса (май қыш-
қылдары салмағына қатысты), еркін ащы натрий 0,1-0,2 % жəне де 
0,3-0,4 %-дан көп емес май қышқылдарынан тұрса дайын деп сана-
лады. Сабын ашық, біркелкі, желімсіз болуы қажет. 
Дайын сабынды ыдыстан сабынжиғышқа шарнир құбыры 
арқылы жібереді, ыдысқа байқап жəне біркелкі салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет