188
құрылғыда алынған ұнтақты вакуум-құрғатушы камераларда үзі-
ліссіз салқындату жəне құрғату үшін жаңа əдістер мен аппаратура
ойлап табылуда.
Пилирлеу
дегеніміз иіс сабынды пластикалық өңдеу болып
табылады. Дұрыстап пилирленген сабын, шнек-престен шыға
отырып, дұрыс түрі бар сабынды құрайды, оның беті жылтыр тегіс,
сызықтарсыз, жарықшақтарсыз, қабықтарсыз, бұдырсыз жəне
бетінде бояулар, қалдықтар жəне т.б. болмайды. Өңдеудің бұл ке-
зеңінде пилирлеуші машинаны қолдану қажет.
Кесу.
Иіс сабынды автоматтық
сабынкесуші машинамен ке-
сектерге бөледі. Осы операциядан кейін кесуші машина мен
сабынды штампілеуге арналған престердің арасында орнатылған
конвейерде құрғату жүргізіледі.
Штампілеу.
Иіс сабынның барлық түрлері мен сорттарын
өңдеудің орау алдындағы қорытынды операциясы болып сабынға
жақсы тауарлық түр беру үшін штампілеу табылады. Жақсы
икемділікті сабынды штампілеу процесінде кез келген нысанды
беруге болады. Оны мұқият жүргізу қажет,
оның бетінде артық
сызықтар қалмауы үшін, жазулар мен суреттер кесектің бетінде
анық көрінуі үшін дұрыс болуы қажет.
Орау. Дайын иіс сабын штампілеуден соң қағаз немесе картон
ораушы қораптарына салады.
Сұйық жəне глицериндік иіс сабындар технологиясы
. Бей-
тарап майларды сабындау ащы калийге, ал май қышқылдарын
бейтараптандыру калий карбонатына алып келеді.
Сабынды қайнату ыстық əдіспен таза ыдыста немесе бұрынғы
қайнатулардан қалған қалдықтарда жүреді. Сабынның қозғалысы
үшін қайнатуды аяқтаудың алдында калий карбонатының 0,6-0,9
%-ын қосады. Барлық майлар мен
калий карбонатын қосқан соң
ыдыстағы затты мөлдір желімді алу жəне көпіріктің жойылуы үшін
шамамен 2 сағатқа қайнатады. Одан кейін үлгісін алып, анализ жа-
сауға зертханаға жібереді.
Сұйық сабын үшін дайын негіз сабындалмаған майдың 0,2 %-
ның көп мөлшерін, 0,05-0,1 % еркін ащы сілті жəне 0,6-0,9 %
көмірқышқыл сілтісінен тұрады.
Сабындық негізді араластырғышқа салады, қажет болған
жағдайда (анализ нəтижелері бойынша) суға қосады жəне одан соң
35 °С жоғары температурада этил ректифиленген спирт пен хош-
иістендіргіштерді қосады. Спирттің жəне хошиістендіргіштердің
189
булану салдарынан жоғалуын болдырмау үшін буланушы спиртті
ұстау үшін кері мұздатқышы бар жабық араластырғышты қол-
данады.
Дистилденген май қышқылдарынан
сұйық иіс сабынды бір
кезеңде тікелей əдіспен алуға болады. Жұмыс келесі режиммен
жүргізіледі. Механикалық араластырғышы жəне кері мұздатқышы
бар ыдысқа келесі ретпен компоненттерді салады: ыстық су (60
°С), 96 %-дық ащы калий ерітіндісі, этил спирті. Одан соң аралас-
тырғышты қосып, душ сақинасымен 50-60 °С-ге дейін ысытылған
май қышқылдарын енгізеді.
Алынған су-спирттік сабын ерітіндісін мұқият араластырып,
май қышқылдарының мөлшерін нормативтік-аналитикалық құжат-
тамаға сəйкес орнатылған деңгейге дейін реттейді. Сабынның май
қышқылдарының, еркін сілтінің жəне басқа да көрсеткіштер мөл-
шерінің нормативтік-аналитикалық құжаттамаға сəйкес болуы
жағдайында оны центрифугалайды немесе қалдықтар мен мөлдір-
лікті қамтамасыз ету үшін мұқият фильтрден өткізеді (центрифу-
галар немесе фильтрдің болмауы жағдайында 3-4 күн бойы
тұндырады жəне декантацияларды ағызып тастайды). Мөлдір
сабынды фасовкаға бағыттайды.
Глицериндік сабын технологиясы. Мөлдір жəне жартылай
мөлдір сабын алудың екі негізгі əдісі белгілі. Ескі əдісі май гидро-
лизінде түзілетін глицериннің бөлінбей, сабынмен бірге кесектерді
дайындауға қатысуынан тұрады.
Сабынның мөлдірлігін жоғалт-
пауы үшін сабындалмайтын өнімдерді бөлу толығымен жүруі
қажет. Сиыр майы жəне кокос майының қышқылдарымен қатар, 30
%-ға дейінгі рицинилденген немесе канифольдық қышқылдарды
қосады. Сабындалу үшін калий гидроксиді немесе триэтанола-
минді қосу арқылы натрий гидроксидін алады. Майлардың толы-
ғымен сабындалуынан кейін этил немесе изопропилденген спиртті
жəне қоспаны 80-85°С температурада бірнеше сағатқа жылытады.
Одан кейін кішкене суытқан соң, хошиістендіргіш,
бояғыш қоса-
ды, ол сабынға пішін береді. Глицеринмен қатар, мөлдір сабынды
дайындау үшін басқа да полиолдарды қолданады, мысалы, пропи-
ленгликоль, сорбитол жəне де сахароза. Сабынды 70-80 % алифа-
тиялық қышқылдардың болуымен алады. Ол жоғары сілтілікке ие
жəне теріні майсыздандыру, тітіркендіруге алып келуі мүмкін.
Алифатиялық қышқылдарды енгізумен, калий гидроксидінің
190
орнына олардың алкилоламидтерін, триэтаноламин қосумен жəне
этанол құрамын төмендетумен «қатты» дерматологиядық əсерін
жоюға болады.
Пилирленген мөлдір сабын желімін барабанда кейіннен өңдеу
жəне роликтік диірменмен немесе вакуумдық камерасы бар
экструдада құрғатумен (жылытусыз) жұқа қабатпен 90-100-ден
20°С-ге дейін тез суыту арқылы алады. Мұндай сабындағы қалдық-
тың көлемі – 15-20 %. Оның кесектері жақсылап штампіленеді де
сақтау кезінде өз пішінін сақтайды.
Кейде жартылай мөлдірлікке
дейін титан диоксидін қосады, сосын сабын жақсы реңкке ие
болады. Мөлдір сабындар, əдетте бактерицидтік қосымшалармен
шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: