О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Жұмбақтар Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. (су)



бет15/65
Дата01.11.2023
өлшемі1.28 Mb.
#482119
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
географияны оқыту әдісі

Жұмбақтар

  1. Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. (су)

  2. Ұйықтайды ұлы түнде, күндiз қызы. Жүргенде бiлiнбейдi басқан iзi. (Күн мен Ай)

  3. Таңмен көзiн ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)

  4. Үй үстiнде ұсақ тас,

Алайын десем табылмас. (Жұлдыз)

  1. Қаласы бар – үйi жоқ, Даласы бар – шөбi жоқ. Мұхиты бар – суы жоқ, Орманы бар – нуы жоқ. Шыңдары да теп-тегiс, Құмдары да теп-тегiс. Кең жазықтан әртүрлi Керегiңдi көресiң.

Бар әлемдi табасың,
Өзiң таң боп қаласың. (Географиялық карта)

  1. Жер бетiнiң кескiнiн, Түрлi-түспен көрсеткен. Болса да өзi құрметтi,

Тиiптi орын ең шеттен. (Шартты белгiлер)

  1. Қатар тұрған қос табақ, Түрлi-түстi зер табақ. Мән берiп оған қарасақ,

Аларсың одан көп сабақ. (Жарты шарлардың физикалық картасы)

  1. Үш әрiптен құралған елдер тобы, Бәрiн қоссақ болады он бес өзi. Өзiндiк тiлдерi мен әдет-ғұрпы

Айта ғой тапқыр болсаң келдi кезi. (ТМД елдерi)

  1. Ерекше кескiнi бар қызық карта, Бет-аузы айқыш-ұйқыш сызық карта.

Үңiлiп бет-аузына қарай берсең,
Өзiне қызықтырар карта тарта. (Кескiн карта)

  1. Бiр нәрсе бетiнде жоқ, ой менен қыр, Өзiнiң кiндiгiнен айналып жүр.

Өзiне назар салып қарасаңыз,
Келбетi жер жүзiнiң көрiнiп тұр. (Глобус)

  1. Жер көрдiм қаласы бар, Үйлерi жоқ мекендейтiн. Көл көрдiм, өзен көрдiм,

Сулары жоқ тереңдейтiн. (Карта)

  1. Әдемi түнде мен жүрсем жүредi бiрге. (Ай)

  2. Жұрттың бәрi соны сүйедi, Бiрақ қарағысы келмейдi. (Күн)

  3. Жазда жатсаң көлеңкесiне алады, Қыста жақсаң жаның рақат табады. (Ағаш)

  4. Үлкен-үлкен түйенi Тастапты адам шөгерiп. Өркешi бұлтқа тиедi, Бауыры жатыр көгерiп. (Тау)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет