Оқытудың теориялық әдiстерi
«Әдіс» деген сөз гректiң «methodos» деген сөзiнен шыққан. Ал бұл сөз орысша аудармасында, зерттеу жолы, тәсiлi деген мағынаны бередi. Ғылымда және күнделiктi тұрмыста әдіс деген сөз зерттеу жолы, әдiсi, тәсiлi деген мағынада, тiптi, iс-әрекеттiң сипатын көрсету мағынасында да қолданылады.
Бұл сөз әдістемелік әдебиетте де кең түрде және әрқилы қолданылады. Мысалы, кейбiр авторлар «әдіс» деген сөздiң мәнiн мұғалiмнiң оқушыларды қандай да болса бiр фактіні танып бiлуге үйрететiн логикалық жолы (догматикалық, иллюстрация- лық, эвристикалық, зерттеу әдістері) деп түсiнедi. Басқа автор- лар «әдіс» деген сөздiң мәнiн материалдарды орналастыру әдiсi (аналитикалық, концентрлi, т.б.) деп ұғады. Ал үшiншi бiреулер әдіс дегеннiң мағынасын материалды өтудiң формалары (зертханалық, экскурсиялық, еңбектiк, т.б.) деп түсiнедi. Өзiнiң жұмыс үдерісінде пайдаланатын мұғалiмнiң кейбiр жеке тәсiлдерiн немесе әдiстерiн де (графикалық әдіс, салғастыру әдісі, т.б.) «әдіс» деген сөзбен атау жиi кездеседi. Мұның бәрi тұтас алғанда бiздi «әдіс» деген терминдi абайлап қолдануға мәжбүр етедi. Бiз оны әңгiме кейбiр жеке әдiстер мен тәсiлдер туралы болғанда емес, жұмыс жолы ту- ралы болғанда ғана пайдаланатын боламыз.
Мектепте географияны оқыту әдістерінің әртүрлiлiгi
Бiз мектепте география сабағына қатысып отырмыз делiк. Мұғалiм «Жаңбыр суы тасқындарының әрекетi» деген тақырыпты түсiндiруде. Мұғалiм жаңбыр суынан тасқынның қалай пайда болатынын, бұл тасқындар беткеймен қалай ағатынын және сол
беткейде жыраның немесе сайдың қалайша пайда болатынын балаларға түсiнiктi, ұғымды тiлмен айтып отыр. Мұғалiм беткей неғұрлым қия болса, тасқын судың одан төмен қарай соғұрлым қатты ағатынын, ал тасқын күшеюiнен оның топырақты шайып кету әрекетiнiң артатындығын, т.б. атап айтуда. Сөзiнiң ақырында мұғалiм қысқаша қорытындылар жасайды. Ал балалар оларды өз- дерiнiң дәптерлерiне жазып алады. Бұл қорытындылар мынадай:
Беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады.
Тасқын ағысы неғұрлым жылдам болса, беткейдiң шайы- луы да соғұрлым күштi.
Тасқын суы неғұрлым көп болса, топырақтың шайылуы да соғұрлым күштi болады.
Ендi бiз басқа мектепте болып, дәл осы тақырып оқылып жат- қан кезге тап боламыз. Бiрақ бұл мектепте тақырыпты мұғалiм сыныпта емес, тыста түсiндiрiп жатыр. Ол екi ағаш науа алып, олардың бiреуiн сәл қисайтып, екiншiсiн оған қарағанда әлде- қайда көбiрек қисайтып қойды. Бұдан кейiн мұғалiм бiрдей екi қаңылтыр шәйнек алып, олардан жаңағы екi науаға су құяды. Ба- лалар оны қоршай орналасып, өңкей науамен судың әлдеқайда тез аққанын көрiп тұр. Бұдан кейiн мұғалiм бiрiншi науаға iрi құм себедi және қайтадан су құяды. Балалар су баяу аққанда құмның мүлде дерлiк шайылмайтынын тағы да өз көздерiмен көредi. Мұғалiм науаның бiр шетiн еңкейте түседi. Бұл жағдайда ағынның шапшаңдығы артты және су құмды тезiрек шайды. Ендi мұғалiм науаға екi шәйнектiң екеуiнен бiрдей су құйды. Оқушылар судың көбеюiне байланысты құмның шайылуының кенет артқанын көрдi. Бұл тәжiрибелерден кейiн мұғалiм бiз жоғарыда атап өткен қорытындыларымызды – беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады, т.с.с. қорытындыларды жасайды. Бiр тақырыпты түсiндiрудiң осы екi тәсiлiн салыстырайық.
Бiрiншi жағдайда мұғалiм құбылыстар туралы баяндайды, қо-
рытындылар жасайды және осы қорытындыларды жазып алуды өтiнедi. Оқушылар мұғалiмнiң айтқанын түсiнiп және есте сақтап қалуға тиiс. Бұл жерде бiз бiлiмдi әңгiмелеу арқылы ауызша үйрету тәсiлiн көрiп отырмыз. Бұл тәсiлдiң құндылығы, мұғалiмнiң қысқа уақыттың iшiнде көптеген фактіні хабарлағанында және мұғалiмдi бiрден 40-45 оқушының тыңдағанында. Мұндағы кемшiлiк –
мұғалiмдi бұған дейiн жаңбыр тасқындарын және олардың әртүрлi беткейдегi әрекетiн көргендер ғана түсiнедi. Басқа оқушылар бұл аталған фактілер мен жасалған қорытындыларды түсiне алмауы да мүмкiн. Оқушылардың барлығы бұл фактілерді ешбiр сын көзiмен қарамастан қабылдады. Мұндай жағдайда оқушылар мұғалiм хабарлағанның бәрiн селқос қабылдайды. Әдістемелік кейбiр оқулықтарда мұндай әдіс (немесе түсiндiру жолы) догматикалық (хабарлау) әдіс деп аталады.
Екiншi тәсiлге тоқталайық: Бұл тәсiлдiң фактілерді әлдеқай- да терең ұғуға мүмкiндiк беретiндiгi әркiмге айқын. Бұл тәсiл қолданылғанда фактілер зор ынтамен қабылданады, оңай ұғы- нылады және ұзақ есте сақталады. Бiрақ екiншi тәсiлдi орындау қиынырақ. Мұғалiм бұл тақырыпты алдын ала әзiрлеуге уақыт пен құралды көп жұмсауға тиiс. Оқушылар көп болған жағдайда бұл тәжiрибенi барлығына бiрден көрсету мүмкiн емес. Егер бiз оқушылардың бiлiмiн ғана еске алсақ, онда екiншi тәсiлдiң артықшылығы сөзсiз. Бұл арада мынаны айта кетелiк, тәжiрибе, сурет немесе қандай да бiр басқа көрнекi құрал көрсетуге негiзделген мұндай әдіс иллюстрациялық әдіс деп аталады. Иллюстрациялық әдіс догматикалық әдістен едәуiр өзге. Оның өзiне тән ерекшелiгi – нақты материалдың қатыстырылуында.
Өзiмiздi тағы да мектепте екенбiз делiк, тағы да өзiмiзге жақ-
сы таныс жаңағы тақырып оқытылып жатыр. Бұл жолы мұғалiм балаларды мектептен алып шығып жуықта ғана жаңбыр суы- ның тасқыны қазып кеткен жыраға бастап келдi. Балалар жыра шетiне жақындай бергенде, мұғалiм оларға мынадай тапсырмалар бердi:
Жыраны мұқият қарап шығыңдар және судың өте көп ша- йып кеткен жерлерiн атаңдар.
Сол жерлердi қараңдар және оларды судың нелiктен күштi шайып кеткенiн анықтаңдар.
Жыраның жазықтыққа ұласатын жерiн қараңдар, бұл жерде судың не себептi арна қазбағанын айтыңдар, т.б.
Балалар жыраны мұқият қарайды, оның түбiндегi құм мен тасты байқауда, әлдене туралы таласуда, ақыры, судың биiк жер- ден төмен қарай құлаған және терең апан қазған жерiн табады.
«Тасқын осы араны өте күштi шайған», – деп ұйғарады бала-
лар. «Нелiктен олай дейсiңдер?» – деп сұрайды мұғалiм. «Бұл нағыз қия жер, су мына арадан құлай аққан, мына жердi апан етiп қазып кеткен», т.б. Нақ осылайша балалар жұмыс iстей бередi, нәтижесінде олар да бiздiң бiрiншi жағдайда атаған қо- рытындыларымызды жасайды. Мұғалiм бұл жолы да балалардан осы қорытындыларды дәптерлерiне жаздырады.
Осы үшiншi әдісті алғашқы екеуiмен салыстырайық. Тақы- рып соның өзi, бiрақ жұмысты орындау жолдарында және ол жұмыстың сипатында қаншалықты зор айырмашылық бар. Мұнда, үшiншi жағдайда, мұғалiм әзiр түсiнiктердi хабарла- майды. Ол балалардың алдына мiндеттер қояды және олар- ды балалардың өздерiне шештiредi. Бұл жағдайда бiз өздiгiнен зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң элементтерiн кездестiрiп отыр- мыз. Мұндай әдісті көптеген әдіскерлер зерттеу әдісі деп атай- ды. Егер бiз терең бiлiм беруге ұмтылсақ, егер бiз балалардың белсендiлiгiн, талапкерлiгiн және жiгер еркiн жетiлдiргiмiз кел- се, онда ең соңғы әдісті қолдану ең жақсы нәтиже бередi. Со- нымен қатар жұмыстың мұндай жолы әлдеқайда көп уақытты, жақсы жабдықты және жақсы даярлығы бар мұғалiм болуын талап етедi. Әртүрлi елдерге географиялық сипаттама бергенде, салыстыру немесе салғастыру әдісін кеңiнен қолдануға тура келедi. Алайда қандай әдісті қолдануға тура келсе де, мұғалiмнiң пайдаланатын әдiстерi мен тәсiлдерi алуан түрлi болуы мүмкiн. Мысалы, ауызша түрде бiлiм бергенде мұғалiм жай әңгiмелей, хрестоматиялардан үзiндi оқи, бүкiл сыныпқа сұрақ берсе, жауап ала, тиiстi қорытындылар шығара алады. Өзiнiң баяндағанын не- месе әңгiмелегенiн оқушыларға көзбе-көз көрсету үшiн мұғалiм неше түрлi көрнекi құралдар, қабырғаға iлiнетiн картиналарды, диапозитивтердi, киноны, коллекцияларды, модельдердi, сынып тақтасына салынған суреттердi, чертеждарды, т.б. қолдана ала- ды. Соңында бiз жұрттың бәрiне белгiлi фактіні – географияны географиялық картасыз оқытуға болмайтынын айтуға тиiстiмiз. Ал картамен ойдағыдай жұмыс iстеудiң барлық ерекшелiктерiн жақсы бiлуге тиiспiз. Географиядан сабақ беруде қолданылатын әдістер, әдiстер мен тәсiлдер туралы осы айтылғандардың бәрi- нен мынау анық болды: бұл әдiстер мен тәсiлдердiң түрi өте көп және бiз олардың ең бастыларымен жақсы танысуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |