Мұғалiм мен оқушылардың экскурсияға дайындалуы Мұғалiмнiң экскурсияға дайындалуын бiз аса маңызды мәсе- лелердiң бiрi деп санаймыз. Сондықтан бұл мәселелерге барынша толық тоқталуымыз керек. Мұндай нағыз практикалық мәнi бар мәселенi
баяндаудың ең жақсы жолы, бiздiң пiкiрiмiзше, нақты
мысалды келтiрсек жақсы түсiнiктi болады.
Мұғалiм экскурсияны 5-сыныппен, күздiгүнi, яғни физикалық география сабағы басталысымен өткiзуi керек едi дейiк. Оқушылар тек бiрiншi тарауды ғана өткен, көз мөлшерлi съемканы да толық өткен жоқ. Алайда
олар планшеттi бағдарлауды, мектеп ауласын- да көз мөлшерлi жеңiл съемка жұмысын жүргiзудi бiледi. Бiрақ бұлардың бәрi – күзгi дала экскурсиясында толықтыру, баянды етудiң тек алғашқы қадамы.
Мұғалiм шамалап мынадай тақырыптар тағайындайды:
Үлескінің көз мөлшерлi түсірілімі.
Жер бетiнiң басты-басты формаларымен: жазық, жота, өзен аңғары және сайлармен алғаш танысу.
Көкжиектi байқау.
Осы тағайындалған жоспардан мұғалiм уақыттың бiр бөлi- мiн көз мөлшерлi съемка практикасына, ал ендiгi бiр бөлiмiн әлi сабақта айтылмаған жаңа материалды оқуға жұмсағысы келгенi көрiнiп тұр.
Олай болса, мұғалiм экскурсия жұмысының екiншi бөлiмiнде келесi сабақтарда қажет болатын материалды қарастыратын болады.
Экскурсиялық жұмыстың, әдетте мектепте болатын жұмыс- тан өзгешелiгi мұнда оқушылар да, мұғалiм де ашық далада бо- лады. Оның үстiне, оқушылар да, мұғалiм де жұмыс үдерісiнде бiр жерден бiр жерге көшiп жүруi керек. Басқа жағдайларының бәрi кәдiмгi сабақтағы сияқты жоспармен жүргiзiлетiн маңызды