Тарау бойынша өтiлетін дәстүрлi сабақтардың бiрi – «Оң-түстiкжырлары-географиясабағында» атты саяхат сабағы.
«Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының табиғат жағ- дайлары мен табиғат байлықтары» тақырыбында өткiзiлген жаңа бiлiмдi меңгерту сабағында туған өлке табиғатына, атамекенiне деген ыстық ықыласынан шыққан жырлар арқау етiлдi.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстiк Қазақстан эконо- микалық ауданының табиғаты мен байлықтары, оның қазiргi таң- дағы дамуы туралы бiлiм беру. Табиғатты, атамекендi қорғауға, аялауға тәрбиелеу, карта, бұқаралық ақпарат материалдарымен жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру. Өлең-жырлар арқылы са- бақты өрнектеп отырдық.
Мақсатымыз: оқушыларды өлең-жырларды жатқа айтуға дағ- дыландыру және өлеңдер арқылы атамекенге сүйiспеншiлiгiн қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңiнен кейiн үй тапсырмасын сұрау мақса- тында Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы бойынша тө- мендегiдей сұрақтар қойылды:
Солтүстiк Қазақстан экономикалық ауданына қарасты об- лыстарды атап, картадан көрсетiңiздер.
Табиғат жағдайларында қазiргi таңда қандай өзгерiстер бо- луда?
Табиғат байлықтарының өндiрiлуi мен өңделуi қандай дәрежеде?
Өнеркәсiбiнiң басты салаларын атаңыздар.
Ауылшаруашылығының басты салалары қандай?
Халқының қоныстануы мен қазiргi құрамы туралы не ай- туға болады?
Ауданның сыртқы экономикалық байланысы қандай жағ- дайда?
Қазiргi таңда қандай экологиялық мәселелер туындауда?
Iрi кәсiпорындарымыздың шетелдiк алпауыттардың қолы- на берiлуi дұрыс па?
Солтүстiк Қазақстан ауданының климатының өзгеру себе- бi неде?
Сұрақтарға жауаптар алынып, оқушылар бiлiмдерi саралан-
ды.
Жаңа сабақ мынадай мақсаттар қоюдан басталды: