Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданының халқы
№
|
Облыстың аты
|
Халық саны
|
Қала халқы
|
Ауыл халқы
|
Ерлер саны
|
Әйелдер саны
|
1
|
Оңтүстiк Қазақстан
|
2025, 4
|
740,3
|
1285,1
|
993,7
|
1018,3
|
2
|
Алматы
|
1561,8
|
448,3
|
1113, 5
|
769,3
|
796,6
|
3
|
Жамбыл
|
985, 7
|
448,9
|
536,8
|
469
|
516,4
|
4
|
Қызылорда
|
605,5
|
365,4
|
240,1
|
301,1
|
302,3
|
тапсырма. Салт-дәстүр аялдамасы.
Жер-су жайында мақал-мәтелдер айтылды.
Оңтүстiктегi көне қалалар атауының шығу тарихына тоқталды. Сабақтың соңында оқушылар бiлiмi бағаланып, үйге тапсыр-
ма берiлдi.
Халық педагогикасын сабақта тиiмдi пайдалану жолдары артып, отандарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi де жоғары- лады.
9-сыныпта «Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық геогра- фиясы» пәнiнен «Ауыл шаруашылығы» тақырыбын қорытын- дылау мақсатында сайыс сабағын өткiзу.
Көрнекiлiгi: статистикалық материалдар, Қазақстанның экономикалық картасы, төрт-түлiктiң суретi, өсiмдiктердiң кеппе- шөптерi, т.б.
Жалпы сайыс бағдарламасы:
Бiлiмдiлер сайысы.
Мақал-мәтелдер сайысы.
Кескiн картамен жұмыс.
Суреттер арқылы жұмыс жасау.
Сергiту сәтi.
Оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу барысында «Бiлiмдi- лер сайысы» өткiзiлдi.
Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы.
Бұғы шаруашылығы дамыған аудан.
Түйе шаруашылығы дамыған аудан.
Қазақстанда өсiрiлетiн сиырдың қол тұқымдары.
Дәндi-дақылдар.
Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстарында өсiрiлетiн тех- никалық дақылдар.
Қазақстанның солтүстiк-батысында өсiрiлетiн дақыл.
Қазақстандағы тың игеру басталған жыл.
сайыс. Мақал-мәтелдер жарысы. Әр оқушы төрт-түлiк, өсiмдiк жайлы мақал-мәтелдер айта отырып, мағынасына үңiлдi. Санына шек қойылмады. Мысалы, «Күрiш арасында күрмек те су iшер». «Бәйшешек гүл – жердiң көркi, бiлiмдi ұл-қыз елдiң көркi». Мақалдар арқылы адамдар бойындағы қасиеттер айтылды.
сайыста оқушылардың iскерлiгi мен дағдысын арттыру мақсатында «Кескiн картамен жұмыс» жасалды.
топ. Кескiн картаға қой, ешкi шаруашылығы дамыған ау- дандарды түсiрдi, қойдың қол тұқымдарын атады.
топ. Кескiн картаға жылқы, түйе шаруашылығы дамыған ау- дандарды түсiрiп, қол тұқымдарын атады.
4-сайыс. «Суреттер жарысы»
топқа – дәндi дақылдар суретi (бидай күздiк, жаздық, арпа, тары, сұлы, жүгерi, күрiш, қарақұмық).
топқа – техникалық дақылдардың суретi (мақта, қыша, қы- зылша, күнбағыс, темекi, зығыр).
Әр топтан бiр-бiр оқушыдан шығып, осы суреттердi алды- мен кеспелердiң арасынан терiп алды, содан кейiн өсiрiлетiн облыстарға апарып iлдi. Оқушылардың дәндi және техникалық дақылдар жайындағы бiлiмдерiн тексерiп, облыстардың ауыл- шаруашылығына шолу жасаттық.
«Сергіту сәтінде» мұғалiм өсiмдiктер мен жан-жануарлардың тiршiлiк әрекеттерi жайлы қызықты материалдар келтiрдi.
Сабақтың танымдық сәтiнде мұғалiм Қазақстандағы малдың қол тұқымдары мен өсiмдiктердiң iрiктемелерiн жасаған ғалым- дардың еңбектерiне тоқталады.
Қазақстандағы мал тұқымдары.
Қой тұқымдары:
Қазақтың арқар-мериносы. Академик М.Ф. Ивановтың ұсынған әдiсi бойынша биязы жүндi қойды таудың тағы арқары- мен шағылыстыру арқылы алынған. Дүниежүзiндегi бiр ғана қой тұқымы. Авторлары: Н.С. Бутарин, А.И. Есенжолов, Е.В. Боль- шакова, Ж. И. Жандеркин.
Қазақтың биязы жүндi қойы – авторы В.А. Бальмонт.
Дегерес қойы – авторлары В.А. Бальмонт, Т.Б. Бөкенбаев және т.б.
Едiлбай қойы – халықтық селекциялық жолмен алынған. Құйрықты қойлардың ең құнды тұқымы.
Қаракөл қойы – көп ғасыр бұрын Орта Азияда, Бұхар же- рiнде шығарылған, қазiргi таңда қара, көк, сұр, қызғылт, қызыл- қоңыр, шатури түстi түрлерi бар.
Iрi қара мал тұқымдары:
Қазақтың ақбас сиыры. Қол тұқым қазақтың жергiлiктi сиы- рын қалмақ бұқасымен будандастырып, одан алынған ұрпақты герефорт тұқымымен шағылыстыру арқылы алған.
Алатау тұқымы. Қазақтың жергiлiктi сиырын швецкий бұ- қасымен будандастыру арқылы алған. Сонымен бiрге қырдың қы- зыл сиыры, симменталь iрi қара және әулие-ата тұқымдары бар.
Жылқы тұқымдары: Қостанай жылқысы, Көшiм жылқысы және Мұғалжар жылқы тұқымдары бар.
Қазақстандағы өсiмдiк iрiктемелерi.
Қазiр Қазақстанда 200-ден астам ауылшаруашылық өсiмдiк- терiнiң iрiктемелерi мен будандары аудандастырылған. Елiмiз астықты аудан болғандықтан – бидайдың жаңа iрiктемелерiн шыға- ратын ғылыми-зерттеу институттары бар. Мысалы: А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти- туты (Ақмола облысы, Шортанды) қазақтың В.Р. Вильмс атын- дағы егiншiлiк ғылыми-зерттеу институты (Алматы облысы, Алмалық). Академик Р.А. Оразалиев өзiнiң шәкiрттерiмен соңғы 20 жылдың iшiнде 30-дан астам бидайдың iрiктемелерiн шығарып, будандастырды. Қазақстан ғалымдары Богарная-56, Алмалы, Красноводопатская-210, Алматинская полукарликовая, Прогресс, Жетiсу, Қарлығаш, Шортандинская-25, Целинная-25, Казахстанская-10, Арай, Ақмола, т.б. сорттарын шығарды.
Сабақ соңында мұғалiм iрiктемешi-ғалымдардың Қазақстан
ғылымының дамуына қосқан ерен еңбектерiн айтып, олардың өз Отанының патриоттары екендiгiне тоқталды.
Сөйтiп, Қазақстанның физикалық және әлеуметтiк-экономи- калық географиясы пәндерi бойынша тақырыптарды конферен- ция, баспасөз-конференция, лекция, саяхат, сайыс, т.б. сабақтары
етiп өткiзiлген жолдары қарастырылды. Карта, кескiн карта, кесте, дидактикалық материалдармен жұмыс жасау арқылы оқушылар халық педагогикасының дәстүрлерi – өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөз, т.б. теориялық бiлiммен ұштастырып, сұрақтарға жауап бердi. Нәтижесiнде оқушылар Қазақстанның географиялық орны, зерттелу тарихы, пайдалы қазбалары, территориялық табиғат аудандары, iшкi сулары, эко- логиялық проблемалары, Оңтүстiк Қазақстан экономикалық ауданы, т.б. көптеген ұғымдарды қалыптастырды. Тақырыптар- ды халық педагогикасының дәстүрлерiмен байланыстыра оты- рып, пәнге деген қызығушылықтары артып, Отандарына деген сүйiспеншiлiк сезiмдерi қалыптасты.
Қорыта айтқанда, біз география пәндерін оқытуда оқушы- лардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда тек қана «Қазақ- станның физикалық және әлеуметтік-экономикалық география- сы» пәндерінің кейбір сабақтарын ғана мысалға алдық. Өзіндік жұмыстарды география пәнінің басқа курстарында да ұйым- дастыруға болады. Ол тек ізденімпаздық пен еңбекті қажет етеді. Біздің Қазақстанның географиясын алу себебіміз, біріншіден, оқушылардың өз жеріміздің, еліміздің географиясы туралы білімдерін тереңдету, екіншіден, оқушылардың Қазақстан тура- лы білімдері біршама бар, ол өз кезегінде өзіндік жұмыстарды жүргізуге септігін тигізеді, үшіншіден, олардың ізденуіне, өз бетінше жұмыс жасауына қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |