2. ЖАРЫССӨЗ:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
А.Мамыров төмендегі пәндер мен арнайы курстар бойынша жоғары талапқа сай дәріс оқиды.
Қазіргі кітап ісінің проблемалары – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, Публицистика өнері – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат, сырттай бөлім студенттеріне 18 сағат; Редакциялаудың теориясы мен әдістемесі – күндізгі бөлім студенттеріне – 72 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат; Бұқаралық ақпарат құралдары және нарықтық экономика – күндізгі бөлім студенттеріне – 36 сағат; сырттай бөлім студенттеріне – 18 сағат. Сондай-ақ факультет магистранттарына ақпараттар жүйесі пәні бойынша 18 сағат дәріс оқып, арнайы курстар жүргізеді. А.Мамыровтың жүргізетін дәрістерінің деңгейін, ғылыми-әдістемелік бағытта істеген жұмыстарын ескере отырып, оны 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш білдіруді қолдаймын.
Л.Есболатова – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
А.Мамыров журналистиканың өзекті мәселелеріне қатысты уни- верситетте өткізілген ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, семинарлардың ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Сонымен қатар баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стан- дарты мен типтік оқу жоспарларын түзуге автор ретінде қатысты. А.Мамыровтың авторлығымен жарық көрген оқу құралын студенттер- ге қажетті көмекші құрал деп есептеймін. Қазір мерзімді баспасөздегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүр. А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасауға болады деп есептеймін.
Кафедра мүшелері бұл ұсынысты ашық дауысқа салды. Дауыс беру нәтижесі «қолдайтындар» – бірауыздан, «қарсы» – жоқ, «қалыс қалғандар» – жоқ.
ҚАУЛЫ:
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы баспаға ұсынылсын.
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровты 10.01.00
– әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне өтініш жасалсын.
Мәжіліс төрағасы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев
Мәжіліс хатшысы,
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының әдіскері К.Жұбанова
|
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Хаттама дегеніміз не?
Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?
Хаттаманың қанша түрі бар?
Хаттаманың мәтіні неше бөліктен тұрады?
Тілдік бірліктер:
Хаттама
Жиналыс
Мәжіліс
Кеңес
Күн тәртібі
Күн тәртібі бойынша
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша
Тыңдалды
Жарыссөз
Жарыссөзге шығу
Қаулы қабылдау
Шешім шығару
Хаттамадан үзінді
|
Денсаулығына байланысты
Баяндама
Баяндамашы
Хабарлама
Бірлескен мәжіліс
Кеңейтілген мәжіліс
Қорытынды
Тізім
Сұрақ
Жауап
Талқылау
Мақұлдау
Дауыс беру
|
Төраға
Хатшы
Қатысқандар
Қатыспағандар
Себепті
Себепсіз
Дәлелді себеппен
Дәлелсіз себеппен
Іссапарға кетуіне байланысты
|
Дауыс беру нәтижесі
Ашық дауыс берілді
Жасырын дауыс берілді
Қарсы
Қарсы емес
Бірауыздан
Жақтап дауыс бергендер
Қарсы дауыс бергендер
Қалыс қалғандар
|
жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Жиналыстың күн тәртібіне... 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша С.Ермековтың 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойын-
ша үш адам ... . 4. С.Ермековтың пікірін көпшілік 5. Бірінші мәселе
бойынша ... . 6. Дауысқа салған кезде ... болған жоқ. 7. директордың
орынбасары А.Халықов хабарлама жасады.
Керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлданды, екінші мәселе бойынша.
жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
тыңдалды / баяндамасы / факультет / С. Алдамжаровтың / деканы.
қосымша / тіркелді / хаттамаға / баяндама / мәтіні.
сұрақтар / бойынша / баяндама / қойылды.
берілді / толық / сұрақтарға / жауап.
жасады / ісі / хабарлама / қысқы / С. Қарымсақов / туралы / жөніндегі
/ сессияға / орынбасары / оқу / дайындық / деканның.
емтихан / тестке / маңызды / көрсетілді / мәселелер / қатысты / мен
/ ауызша / атап.
пәндер / тест / емтихан / өз / бермей / нәтижесін / алу / арқылы / бойынша / кейбір / отыр.
жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
1. шешім
|
□ сообщение
|
2. қорытынды
|
□ информация
|
3. мәжіліс
|
□ доклад
|
4. ақпарат
|
□ отчет
|
5. хабарлама
|
□ заключение
|
6. жарыссөз
|
□ решение
|
7. қаулы
|
□ постановление
|
8. баяндама
|
□ заседание
|
9. есеп
|
□ прения
|
жаттығу. Көмекке төменде берілген сөйлемдерді пайдалана оты- рып, хаттаманы толтырыңыз.
Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы
қаласы ( ауданы) әкімі аппараты конкурстық комиссиясы отырысының
№ ХАТТАМАСЫ
қаласы 20 жылғы « »
Қатысқандар:
Төраға:
Хатшы:
Комиссия мүшелері:
КҮН ТӘРТІБІ:
1.
қаласы (
ауданы) әкімі аппаратындағы
бос тұрған 3 әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
Комиссия хатшысы комиссия мүшелерін бос
орынға берілген хабарландыру бойынша келіп түскен конкурсқа қатысушылардың
Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4» санатты бас бухгалтер лауазымына
1.1.
1.2.
1.3.
құжаттарымен таныстырды.
2.1.
2.2.
2.3.
2.4.
құжаттарымен таныстырды.
Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1.
3.2.
3.3.
құжаттарымен таныстырды.
Ұсынылған құжаттарды саралай келе, байқау комиссиясының шығарған
ШЕШІМІ:
1. Төмендегі қатысушылар тестілеуден өтуге жіберілсін:
Бақылау-кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы – «Е-4» са- натты бас бухгалтер лауазымына:
1.1.
1.2.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің «Е-4» санатты бас маманы лауазымына:
2.1.
2.2.
Құрылыс бөлімінің «Е-5» санатты жетекші маманы лауазымына
3.1.
3.2.
Үміткерлер , , ,
, ,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі басқармасының қаласы бо-
йынша жылы тестілеуден өткендіктері туралы
анықтамаларын « » дейін хатшыға тапсырсын.
Хатшы
Комиссия мүшелері
Керекті сөйлемдер тізбесі:
байқау комиссиясының отырысы қабылдау комиссиясының отырысы бақылау комиссиясының отырысы
комиссия төрағасы
комиссия төрағасының орынбасары комиссия хатшысы
комиссия мүшелері
құжаттарын қарау анықтамаларын қарау мінездемелерін қарау өтініштерін қарау
ұсынылған құжаттарды қарастыра келе әңгімелесу жүргізе келе
үміткерлердің жауаптарын қорыта келе үміткерлердің жауаптарын салыстыра келе
тестілеуден өтуге жіберілсін тестілеуден өтуге жіберілмесін қайта тестілеуден өтуге жіберілсін
🗈 Бланк түрі
(мекеменің атауы) (құрылымдық бөлімшенің атауы)
Құрылтайшылар жиналысы / Байқау комиссиясының отырысы / Кафедраның кезекті мәжілісінің
№ ХАТТАМАСЫ
қаласы (Күні, айы, жылы)
|
Достарыңызбен бөлісу: |