О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет104/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116
is-kagaz Abutalip

Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат- шы қол қояды. Мысалы,



Төраға:


(қолы)
Хатшы:
(қолы)

Г. Нұрышева. Ә. Қалығұлова.




Үлгі


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспа ісі және редакциялау кафедрасы мәжілісінің


2 ХАТТАМАСЫ


Астана қаласы 2005 жыл 18 қазан


Қатысқандар:
Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев; филология ғылымдарының докторы, профессор С.Әбдібеков; филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан; филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова;
филология ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы А.Мамыров;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Айтжанов; филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Өмірбекова; филология ғылымдарының кандидаты А.Мұхтарова;
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Садықов;
кафедраның аспиранттары мен ізденушілері.




Мәжіліс төрағасы – баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев.


КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты М.Садықовтың «Редакциялау- дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсыну туралы.

  2. Баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа

      1. әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау.




        1. ТЫҢДАЛДЫ:

Садықов Мамыржан Тілеуұлы «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралының жалпы мазмұны, құрылымы, мақсаты мен міндеттері, теориялық, методологиялық негіздері, практикалық құндылығы туралы баяндама жасады.
СҰРАҚТАР:
М.Бердібаев филология ғылымдарының докторы, профессор.

  1. Оқу құралын жазуда қандай теориялық еңбектерді басшылыққа алдыңыз?

  2. Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкестендіріп оқу құралын келешекте оқулық ретінде жазып шығу жоспарыңызда бар ма?

  3. Оқу құралында редакциялаудың қандай әдістері ұсынылады?



ЖАУАП:

  1. Оқу құралын жазу барысында баспа ісіне қатысты жарық көрген... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).

  2. Баспа ісі мамандығының мемлекеттік білім беру стандарты мен типтік және оқу жоспарларына сәйкес... (жауаптың толық нұсқасы жа- зылады).

  3. Оқу құралында редакциялаудың... (жауаптың толық нұсқасы жа- зылады).




С.Әбдібеков филология ғылымдарының докторы, профессор.

  1. Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін қандай өзекті мәселелер атап көрсетілді?

  2. Оқу құралының қосымшасында берілген материалдар студент- тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген бе, әлде аудиториялық жұмысқа негізделген бе?



ЖАУАП:

  1. Оқу құралында қазіргі баспа ісінде кездесетін төмендегідей өзекті мәселелер атап көрсетілді. Олар:.. (жауаптың толық нұсқасы жазыла- ды).

  2. Оқу құралының қосымшасында берілген материалдар студент- тердің өз бетімен істейтін жұмысына негізделген.



М.Айтжанов филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы. Оқу құралында берілген функционалдық стильдерді айырудың әдіс- тәсілдеріне қатысты мәселелерді теориялық және практикалық
тұрғыдан жетілдіру қажет деп есептемейсіз бе?


ЖАУАП:
Функционалдық стильдерге қатысты берілген... (жауаптың толық нұсқасы жазылады).


М.Бердібаев мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про- фессор.
Сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Басқа сұрақтарыңыз болмаса, оқу құралын талдауға көшсек, ресми бекітілген рецензенттер: филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; филоло- гия ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова.


1. ЖАРЫССӨЗ:
А.Оспан филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Садықов Мамыржан Тілеуұлының «Редакциялаудың теориясы мен практикасы» атты оқу құралы... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады).




Оқу құралын журналистика факультетінің студенттеріне қажетті еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.
С.Әділжанов филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Баспа ісі мамандығы бойынша білім... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Мамыржан Тілеуұлының талданып отырған оқу құралын теориялық және практикалық талаптарға жауап бере алатын еңбек ретінде бағалап, баспаға ұсынуға болады деген қорытынды жасаймын.
Л.Есболатова филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
Редакциялаудың теориясы мен практикасына, әдіс-тәсілдеріне қатысты... (пікірде айтылған негізгі ойлар мен ұсыныс, ескертпелер толық жазылады). Қорыта келгенде, М.Садықовтың «Редакциялау- дың теориясы мен практикасы» атты оқу құралын баспаға ұсынуға болады.
М.Бердібаев мәжіліс төрағасы, баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, про- фессор.
Оқу құралына қатысты негізгі ой-пікірлер мен сын-ескертпелер, ұсыныстар айтылды. Енді талдауды қорытындыласақ... Пікірлердің барлығы оң. Әріптесіміздің аталған еңбегін студенттерге қажетті құрал ретінде баспаға ұсынуға болады. Осы ұсынысты ашық дауысқа салайық.
Дауыс беру нәтижесі: «қолдайтындар» бірауыздан, «қарсы» жоқ,
«қалыс қалғандар» жоқ.


2. ТЫҢДАЛДЫ:
Баспа ісі және редакциялау кафедрасының меңгерушісі, фило- логия ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыровқа 10.01.00 әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын беруге ұсыныс жасау жөніндегі хабарлама жасады.
А.Мамыров баспа ісі және редакциялау кафедрасында доцент мінде- тін атқарушы болып 1 жыл қызмет істеді. Университетте 2000 жыл- дың тамыз айынан бері істейді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл. 2001 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Кандидаттық диссер- тация қорғағаннан кейін 9 ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішінде 2 оқу құралы, біреуі серіктес авторлықта, біреуі жеке авторлықта жарық көрді. Оқытушының теориялық және әдістемелік бағыттағы ізденістерін




қолдай отырып, А.Мамыровты 10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бо- йынша доцент ғылыми атағына ұсыну жөнінде факультеттің Ғылыми кеңесіне кафедра атынан өтініш білдіргеніміз дұрыс деп санаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет