212
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
1-үлгі
АНЫҚТАМА
20 қараша 2009 жыл №59
Алматы
қаласы
Қожабергенова Жанар Ғарифоллақызына оның Халықаралық Бизнес
Академиясының Қаржы-экономика факультетінің күндізгі бөлімінің 2-курс
студенті екендігін растау үшін беріліп отыр.
Анықтама Атырау қаласының салық инспекциясына тапсыру үшін
берілді.
Анықтама 2009 жылдың 30 желтоқсанына дейін жарамды.
ҚЭФ декан орынбасары (қолы) Р. Жаппасова
(МӨР)
,
2-үлгі
АНЫҚТАМА
2 ақпан 2009 жыл №107
Алматы қаласы
Жомартова Өміргүл Ақанқызына Абай атындағы Алматы мемлекеттік
университетінің ғылыми диссертация залына «Қазақ тіліндегі көсемшенің
мағынасы мен қызметінің дамуы» атты тақырыпта жазылған кандидаттық
диссертацияның 1 (бір) данасын, авторефераттың 2 (екі) данасын 2009
жылдың 2 ақпанында тапсырды.
Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.
Кітапханашы:
(қолы) Ермекова Жанар
(МӨР)