О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет45/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

1. Құжат атауы. Құжат атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта 
тұсына үлкен қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы, 
МІНЕЗДЕМЕ
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет. Мінездеме 
берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты-жөні, 
туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы, білімі, бітірген оқу 
орындары, қызмет істеген жылдары, орны, қазіргі атқаратын қызметі. 
3. Негізгі мәтіні. Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз 
мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, 
біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. 
Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен 
қарым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, 
кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы), жеке 
басының адамгершілік қасиеттері, сын көтеру қабілеті жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерт- 
теу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдас- 
тырушылық қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, 
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт тілдік бірліктерді 
қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Мысалы,
Университетте қызмет істеген жылдары Г.С. Мыңбаева өзін өте 
білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, 
өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман 
ретінде көрсете білді.
Г.С. Мыңбаева әріптестерімен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының нәтижесінде 40-тан астам ғылыми мақала жария-
лады. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конфе-
ренцияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 
жасаған баяндамалары жоғары ғылыми деңгейі үшін түрлі диплом-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет