70
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Г.С. Мыңбаева 1997-1999 жылдары университеттің оқу бөлімін
басқарып, өзінің ғылыми-педагогикалық қызметке ғана емес,
басшылық қызметке де қабілетті екендігін көрсетті. Оқу процесін
жетілдіру, оқу сапасын, оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында
тың идеялар мен ұсыныстар айтып, ұйымдастырушылық, талап
қоя білушілік, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерінің
арқасында оны іс жүзіне асыра білді.
4. Қорытынды. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген,
жиынтықталған бөлігі болып табылады.
Мінездеменің қорытынды
бөлігінде негізгі мәтінде айтылғандар бір немесе екі-үш сөйлеммен
түйінделіп беріледі. Мысалы,
Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып,
қарым-қатынас жасай білетін, талап қойып, оны орындата білетін
Г.С. Мыңбаева өз әріптестері арасында да, студенттер арасында да
беделді. Атқарып отырған қызметіне лайық.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы. Бұл бөлікте
мінездеменің не мақсатпен берілгендігі немесе қай ұйымға берілгендігі
жазылады. Мысалы,
Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді. Мінездеме
диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.
Мінездеме Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің
Достарыңызбен бөлісу: