Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет144/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
139 
кейін, жаттығуға 40-50 күннен кейін, жарыстарға 60-75 күннен кейін қатысу. 2-3 ай бойы 
дәрігер бақылауында болады.
Жүрек қызметі жүйелі түрде бақылауда болады. Дене шынықтыру сабақтарында 
біртіндеп күш түсіріп және аса абай болу керек. Бақылау несеп анализін тапсыру міндетті.
Қызылша. Сауығу белгілері: 7 күннен аса қалыпты температура; ішектің қалыпты 
қызметі; теріде бөрткеннің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 14-16 күннен кейін, 
жаттығуға 20-21 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу.
Суға шомылу, ауа және күн шынықтыру процедураларын қабылдау кезінде аса абай 
болу керек. Дене жаттығулары ішінде жүрек қан тамырлары әлсіздігі, негізінен жүрек 
ауруының себебінен жоғары қарқында жаттығулар жасау қауіпті. Сонымен қатар дене 
жаттығуларының барлық түрі жүктемені біртіндеп көбейткен сайын оң әсерін тигізеді.
Өзгермелі бұзылушылық кезінде дайындық тобына ауыстыру мүмкін, егер өзгерістер 
елеусіз болса, дене шынықтыру жаттығулары әсерінен жалпы денсаулық жағдайы және 
жұмысқабілеттілігі біршама жақсарады. Негізгі топқа ауысу мүмкін емес.
Қорыта келгенде, мектеп жасындағы оқушылар дене тәрбиесінің оқушылар өмірінде 
үлкен мәнге, аса зор маңызға ие тәрбие үрдісі болып табылады. Бұл кезеңде жіберілген 
қателіктердің орнын еш уақытта толтыруға болмайды. Сондықтанда оқушылық кезеңдегі 
балалар денсаулығын нығайту, дене қуаты дайындықтарын жетілдіру, дене қуаты 
қасиеттерін толық дамыту кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады. 
Ал, денсаулығында белгілі бір ауытқушылықтар бар денсаулығы әлсіз оқушылардың 
дене тәрбиесі турасында мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады: оқушылардың 
денсаулық жағдайының ауытқуы кезінде ағзаның жалпы сипаттамалық ерекшеліктерін 
қалыптастыратын ең маңызды әрі жетекші механизмдердің бірі қозғалыс белсенділігінің 
төмендеуі болып табылады. Бұл жалпы қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіз формасы 
түрінде, сонымен қатар дамытушы сипаттағы қарқынды жүктемелердің шектелуі түрінде 
болуы мүмкін. Қозғалыс белсенділігі ұзақ уақыт шектелген балаларда барлық өмірлік 
қызметтері деңгейі төмендеушілігі, органдардардың дамуы мен өзгерістеріне бағытталған 
икемділік процестерінің нашарлауы, гомеостаз (ішкі тұрақтылық) бен белсенділіктің 
төмендеуі, ағзаның қарсы тұрушылық қасиетінің төмендеуі және спецификалық емес 
төзімділігі байқалады. Әр ауру кезінде ағза жағдайының ерекшелігін ескере отырып
сабақтардың жеке формаларын тиімді пайдалануға және арнайы әдістемелерді қолдануға 
болады. Негізгі топ пен арнайы дәрігерлік топ оқушыларының сабағы жалпы сипатқа ие. 
Сондықтан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әлсіз және ауруға шалдыққан ағзаның 
жалпы қасиеттерін басшылыққа алу керек.
Дене тәрбиесі сабағында денсаулық жағдайы әлсіз балалармен жұмыс істеу 
барысында қажетті құралдарды, әдістерді және ұйымдастыру формаларын кешенді 
пайдалану денсаулықты нығайтып, ой және дене қызметінің қабілетін жетілдіріп, қана 
қоймай, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет