Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет142/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
137 
Ангина (Баспа). Сауығу белгілері: ауыз қуысы қабынуының (қызару, ісу, т.б.) және 
жұтыну кезінде ауыру сезімінің; 2 күннен аса қалыпты температура; жалпы жағдайының 
жақсаруы. Мектепте дене шынықтыру сабақтарына 6-7 күннен кейін, жаттығуға 12-14 
күннен кейін, жарыстарға 20-22 күннен кейін қатысуға болады. Дененің бірден тоңу 
қаупіне байланысты қысқы спорт түрлерімен (шаңғы, коньки) және суға шомылумен 
шұғылдану кезінде аса абай болу керек.
Аппендицит (соқыр ішек): а) өткір. Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 10 күннен 
аса қалыпты температура т.б. Дене шынықтыру сабағына 7-10 күннен кейін, жаттығуға 
14-18 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу. Ұстаманың қайталанбауына 
кепілдік болмағандықтан, операция жасау ұсынылады; б) операциядан кейін. Сауығу 
белгілері: операциядан кейін жақсы (ауырмайтын, қозғалысқа бейімді) тыртық; Дене 
шынықтыру сабағына 10-15 күннен кейін, жаттығуға 20-25 күннен кейін, жарыстарға 30-
40 күннен кейін қатысу. Секіруді, ауырлықты көтеруді және гимнастикалық құралдармен 
жаттығулар жасауды шектеу керек
Өткір бронхит, жұқпалы. Сауығу белгілері: жалпы денсаулық жағдайының жақсаруы; 
қалыпты температура; жөтелдің болмауы; өкпеде сырылдың болмауы. Дене шынықтыру 
сабағына 6-8 күннен кейін, жаттығуға 10-12 күннен кейін, жарыстарға 14-16 күннен кейін 
қатысуға болады. Дене жаттығуларын орындау кезінде тыныс алу жолдарын бірден, 
әсіресе кенет суық тиюден қорғау.
Мұрынның өткір қабынулары мен жарақаттанулары (фронтит, гайморит). Сауығу 
белгілері: 14 күннен аса қалыпты температура; бүлінген аймақтарда ауырсыну белгілері 
мен жағымсыз сезімдердің толық жойылуы. Дене шынықтыру сабағына 8-9 күннен кейін, 
жаттығуға 16-18 күннен кейін, жарыстарға 20-25 күннен кейін қатысу. Қысқы спорт 
түрлерімен шұғылдану кезінде аса абай болу және шынығу жүктемесін біртіндеп көтеру 
керек.
Өкпенің қабынуы (катаральды және крупозды). Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 
14 күннен аса қалыпты температура; жөтелдің болмауы. Дене шынықтыру сабағына 12-14 
күннен кейін, жаттығуға 18-20 күннен кейін, жарыстарға 25-30 күннен кейін қатысу. Ауыр 
түрдегі крупозды қабынуларда тек 2-3 аптадан кейін, қабыну әбден қайтқаннан кейін 
барып сабаққа қатысқан жөн. 
Гастроэнтериты және басқада өткір асқазан-ішек жолдарының қабынулары. Сауығу 
белгілері: барлық ауру белгілерінің жоғалуы (ауырсыну, жүрек айну, іш өту және т.б.). 
Дене шынықтыру сабағына 2-3 күннен кейін, жаттығуға 5-6 күннен кейін, жарыстарға 10-
12 күннен кейін қатысу. Тамақтану режимін қатаң сақтауға ерекше көңіл бөлу керек. 
Тыныс алу мүшелеріне тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс 
демікпесі,туберкулез аурулары бар. Осы аурулардың пайда болуына әсер ететін жағдайлар 
өте көп. Соның ішінде сырттан түсетін микробтар үлкен зиян келтіреді. Ауруды 
асқындырмау үшін тез арада дәрігерге қаралу керек. Ауру адамның ыстығы түсіп, 
жағдайыдұрысталған соң екі күннен кейін емдік гимнастиканы жасатады. Ол тыныс 
алуды реттейді, іш бұлшық еттеріне әсер етеді. Қан-лимфа айналысын жақсартады. 
Тұмау: а) жеңіл және орташа ауыр формалары, 4 күндей жоғары температура, бірден 
көрінетін тұмау белгілерінің болмауы.
Сауығу белгілері: өзін жақсы сезіну; 5 күннен аса қалыпты температура; тыныс алу, 
жүрек, асқазан-ішек тұстарында және басқа органдарда ауру белгілерінің толық болмауы; 
жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін сынақ нәтижелері оң болу.
Дене шынықтыру сабағына 4-5 күннен кейін, жаттығуға 6-8 күннен кейін, 
жарыстарға 10-12 күннен кейін қатысу; б) біршама ауыр формалары, 5 күннен аса жоғары 
температура, жекелеген мүшелер қызметінің бұзылуы, сонымен қатар жалпы 
интоксикация белгілерінің күрт білінуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет