Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет166/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
159 
Айта кету керек, педагогикалық технологиялар, соның ішінде білім беру 
технологиялары, оқу орнының қалыпты жұмыс режимінде оң нәтиже беретін, 
инновациялық режимде жұмыс істеу кезінде жаңа мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік 
бермейді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз 
етуге бағытталған менеджментпен салыстырғанда сипаттамалық белгілер жиынтығы бар 
инновацияға бағытталған менеджмент туралы айту заңды. 
Сонымен қатар, білім берудегі қалыпты жұмыс режимінде оң нәтиже көрсететін 
дәстүрлі қолданылып келген үлгідегі технологиялар оқу орнының ендігі кезектегі 
инновациялық режимде жұмыс жасау барысында жаңа мақсаттарға қол жеткізуге 
мүмкіндік толық бере алмайды.
Ал инновациялық педагогикалық менеджмент, үрдіс ретінде, оны дамыту 
барысында келесілерді қамтиды: 
- мақсат қою; 
- жаңа идея үлгісін қалыптастыру; 
- идеяны іске асыру
- түзету және рефлексия; 
- жүзеге асыру және тарату; 
- құлдырау және жойылу. 
Инновациялық педагогикалық менеджменттің маңызды компоненті басқарудың 
әдіснамасы негізінде білім беру ұйымдарының қызмет критерийлерін әзірлеу болып 
табылады. 
Көптеген қателіктердің алдын алу үшін жобалау сатысында инновациялық 
педагогикалық менеджмент моделінің аналитикалық негіздемесін келесі критерийлер 
жүйесі бойынша жүргізу қажет: 
- бағдарлама мазмұнының тұтастығы, құрылымдық бөліктердің немесе блоктардың өзара 
байланысы, олардың дәйектілігі, жүйелілігі, конструктивтілігі; 
- кемшіліктер, қателерді ескере отырып ұсыныстар мен бағдарламаға толықтырулар; 
- сараптамалық қорытынды (енгізілген ескертулерге сүйене отырып енгізу немесе қайта 
қарау ұсынылады). 
Кез-келген әлеуметтік-экономикалық процестің, оның ішінде инновациялық 
педагогикалық менеджменттің дамуы сыртқы және ішкі факторлар жиынтығының күрделі 
өзара әрекеттесуі болған кезде жүреді деп саналады, сондықтан оқу, өлшеуге мүмкіндік 
беретін белгілі бір типтегі оқу орны үшін инновациялық педагогикалық менеджменттің 
факторлық моделін құру қажеттілігі туындайды. Экономикалық және статистикалық 
модельдер жүйесі экономикалық немесе әлеуметтік сипаттағы күрделі процестерді 
сипаттауға қызмет етеді. Факторлық модельдер белгілі бір көрсеткіштің деңгейі мен 
динамикасының оған әсер ететін экономикалық индикаторлар деңгейіне және 
динамикасына тәуелділігін сипаттайды. Олардың көрсеткіштері - дәлелдер немесе 
факторлар. Факторлық модельдерге айнымалы шамалардың саны және олардың сәйкес 
параметрлері кіруі мүмкін. 
Ұдайы дамушы үрдіс ретінде инновациялық педагогикалық менеджменттің көп 
факторлы сипаты, білім беру кеңістігіндегі қатысушылардың күшті өзара әрекеттесуі, 
қатынастардың күрделі сипаты, субъективті фактордың болуы, педагогикалық жүйенің 
фокустары, сандық анықтау қиындықтары және білім беру мекемесінің басқа да 
ерекшеліктері инновациялық педагогикалық басқару моделін таным құралы ретінде 
жобалауда көп факторлы модельдің қолданылуын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет