INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
157
Енді осыны өзгертіп көрейік:
mydic = {1: "Бірінші", 2: "Екінші"}
print("1 деген кілті бар элементті алайық------>", mydic[1])
superdic = {'name': {'first': 'Айдар', 'second': 'Тілегенов'},
'job': ['Ақпараттық технологиялар орталығы', 'ОТК']} # Более сложная структура
print(superdic['name']['second'], "--->", superdic['job'][0])
Нәтижесі:
1 деген кілті бар элементті алайық------> Бірінші
Тілегенов ---> Ақпараттық технологиялар орталығы
Онлайн редакторда жұмыс істей отырып, студенттер бағдарламалау кодының
функцияларын берік меңгереді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
https://pypi.python.org/pypi/setuptools
2.
http://www.lfd.uci.edu/~gohlke/pythonlibs/#setuptools
3.
http://python-rutour.rhcloud.com/tour/Base_type/
УДК 005.4
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МЕНЕДЖМЕНТ
Сырлыбаева Нұрайым Ерланқызы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика факультетінің
магистранты
Ғылыми жетекші - Тулаганов Ануар Балтабайұлы
Нұр-сұлтан, Қазақстан
Аннотация: Мақалада білім берудегі менеджмент және педагогикалық
менеджменттің даму тенденциялары туралы қазіргі қалыптасқан түсінік талданады.
Сондай-ақ, білім беру мекемесінің білім алушыларының да, педагогтарының да тұлғалық
өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыруға бағытталған инновациялық менеджменттің
сипаттамалық ерекшеліктері қарастырылады.
Кілт
сөздер:
менеджмент,
инновация,
педагогикалық
менеджмент,
басқару,инновациялық технологиялар және үрдістер.
XXI ғасыр қоғамында білім беру және экономика өзара тығыз байланысты жүйелер
болып отыр, дей тұра олар қоғамның бөлек әрі жан-жақты қажеттіліктерін
қанағаттандыруды міндеті ететін екі түрлі әлеуметтік-мәдени институттар. Сондықтан,
білім беруді сату мен сатып алу қызметінен де анағұрлым күрделі мәдени, әлеуеметтік
және экономикалық қатынастардан құралатын объект ретінде қарастырған жөн.
Ұдайы даму режимінде жұмыс жасайтын білім беру ұйымы мен уақыт талабымен
жүйеде белгілі із қалдыра білетін педагогикалық менеджменттің дәстүрлі үлгісін
ұстанатын ұйым арасында айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Заманауи педагогикалық менеджмент оған қатысушы барлық тараптардың
шығармашылық, ізденушілік белсенділігімен тығыс байланысты. Белгілі ғалым
В.П.Симонов зерттеулеріне үңілсек, ол өзінің «Педагогикалық менеджмент: оқу үрдісін
басқару саласындағы 50 ноу-хау» еңбегінде менеджменттің аталмыш түріне оқу үрдісін
|