Объединение юридических лиц в форме ассоциации



Pdf көрінісі
бет62/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

To improve: Inclusive, inclusive education, environment, new direction, interest, right. 
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға 
қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, 
«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан 
кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге 
тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен 
айналысады» - деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты мектептен 
бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін 
қолайлы атмосфера қалыптастыру – тек қана мектептердің емес, сонымен қатар 
балабақшалар мен институттар мен колледждердің де басты міндеті болып табылады. [1, 
10-11 бет] 
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен 
білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − 
латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда 
«араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму 
мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның 
жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру 
жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-
үйретудің бір формасы. 
Инклюзивті білімді шет елдерде 1970 жылы бастау алған. 1990 жылы АҚШ пен Еуропа 
білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді 
дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап 
ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей 
білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы 
қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция 
болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды. Саламан 
Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
 Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. 
 Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген 
мұқтаждықтары болады. 
 Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру 
мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен 
анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет