Объединение юридических лиц в форме ассоциации



Pdf көрінісі
бет73/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

Ключевые слова: Ойын, тәрбиеші, балабақша, құрылыс ойыны, 
дидактикалық ойын, үстел үсті ойындары, қимыл ойындары. 
Мектеп жасына дейінгі балалар
үшін ойынның айрықша маңызы бар: 
Ойын-олар үшін – еңбек,
ойын – олар үшін – тәрбиенің ең
мықты формасы. 
Н.К.Крупская 
 
«Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты 
өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. 
Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-
білуге бағалауға үйретеді» [1]. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі жетекші қызметі - ойын. Ойын – күрделі 
әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің соңына дейін бірге жүретін 
адамның бөлінбес өмірі, - деп көрсетеді адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген 
зерттеушілер (Н.П.Аникеева, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин және т.б.) [2].Бала кез-келген 
уақытта ойын ойнауға өте бейім келеді. Баланың жеке қасиеттері белсенді іс-әрекетте 
қалыптасады, ең алдымен әрбір жас кезеңінде жетекші болып табылатын оның 
мүдделерін, шындыққа деген көзқарасын, қоршаған ортамен қарым-қатынас 
ерекшеліктерін анықтайды. Ойынның қажеттілігі ерте жаста пайда болады, баланың 
дербестікке ұмтылуы, өз-өзін ересектер секілді басқара ұстай алу қабілетіне ие болу 
ниетінде жүзеге асырылады. Ойын арқылы бала ересектер әлеміне кіреді, рухани 
құндылықтарды меңгереді.
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»-, деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, ойын – 
балалар үшін маңызды рөл атқаратын компоненттердің бірі. Балаларға бос уақытын 
тиімді өткізудің жетекші құралдарының ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі. Мектепке 
дейінгі мекемелерде ойындарды бала жасына лайықты, күнделікті өмір дағдыларына 
үйрететін, тиімді де шынайы түрде ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мекемелерде ойын 
түрлерін дұрыс ұйымдастыру бала психологиясын жетілдіруде өз нәтижесін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет