Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет75/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
72 
адамдарға, жануарларға деген ынтасын, коғамдық мәні бар іс-әрекетке деген 
күштарлығын ойын қанағаттандырады. 
Мазмұнды-бейнелі ойынды бейнелеу құрамы рөл мен ойын әрекеттері болып 
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болады. 
Ойынның дамуында мазмұнды-бейнелі ойыншықтар үлкен рөл атқарады. Мазмұнды-
бейнелі ойындарға басшылық үлкен шеберлік пен педагогикалық әдепті талап етеді. 
Тәрбиеші-педагог балалар орындайтын рөлдер арқылы тәрбиелік ықпал жасайды. 
Басшылық етудің ең тиімді тәсілі тәрбиешінің өзі ойынға қатысуы болып табылады. 
Кейіптендіру ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекетгері қандай да болсын бір 
әдеби шығарманың, ертегінің және т.б мазмұнына байланысты болады. Олар мазмұнды-
бейнелі ойын ұксас себебі, екеуіде, кұбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеттері 
мен өзара қарым-қатынастарын елестетуге негізделген, кейіптендіру ойынының 
ерекшелігі - ертегінің немесе әңгіменің мазмұны бойынша балалар белгілі рөлдерді 
атқарады, оқиғаларды жүйелікпен жасайды. 
Құрылыс ойыны - балалар іс-әрекетінін бір түрі, оның негізін мазмұны қоршаған 
өмірді алуан түрлі құбылыстарда және соларға байланысты іс- әрекеттерде бейнелеу 
болып табылады. 
Құрылыс ойынының қайнар көзі - қоршаған өмір. Құрылыс ойындары процесінде 
тәрбиеші балаларды бақылауға, кұрылыстардың бір бөлігін басқа бөліктерінен ажыратуға, 
салыстыруға, құрылыс тәсілдерін есінде сақтап елестетуге үйретеді. [3]. 
Дидактикалық ойын - балаларға тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық 
ойынның маңызы - балалардың дербестігін, ойлау және сөйлеу белсенділігін 
дамытатындығында. Дидактикалық ойын элементтерінің бірі — ережелер. Ойын 
ережелерінің үйретуші, ұйымдастырушы, тәртіптендіруші сипаты бар. Дидактикалық 
ойынның нәтижесі - балалардың білімді игеруі мен ақыл-ой қызметін дамытуда. 
Дидактикалық ойын — оқыту формаларының бірі ретінде, сабақ кестесінде белгілі бір 
уақыт бөлініп енгізіледі. Дидактикалық ойын орталығы - ойыншықтар мен ойын 
құралдары болып табылады. 
Е.И.Тихеева «Әрбір балалар бақшасында дидактикалық тұрғыдан жабдықталған 
қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына қажетті барлық заттармен жабдықталуы керек» - 
деп ұсынған[4]. 
Үстел үсті ойындарына — лото, домина сияқты сурет типтес алуан түрлі ойын 
құралдары, тақырыптық ойындар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар 
жатады. 
Қимыл ойындары - балаға дене тәрбиесін беру құралы. Олар балалардың козғалысын 
жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру т.б. жаттығуларды дамытуға, жетілдіруге мүмкіндік 
береді. Ережелі қимыл ойындарының кайнар көзі — халықтық ойындар болып табылады. 
Сәби топтарда тәрбиеші ойынның мазмұны мен ережесін ойын барысында, ересек 
топтарда ойын басталар алдында түсіндіріледі. 
Ойын тәрбиелеу және дамыту құралы ретінде колданылады, тәрбиеші ойынды 
басқара жүріп баланың жеке басының барлық жағына: санасына, сеніміне, ерік-жігеріне, 
мінез-кұлқына ықпал жасайды ойынды ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене 
тәрбиесінің мақсаттары үшін пайдаланады. Ойын арқылы балалардың білімімен ұғымы 
айқындалып, тереңдей түседі. 
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, 
эмоциялық әсер өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды мұның 
бәрі баланың шығармашылық таланттын кеңейтеді. 
Ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды дамытады, тілдік қорды өсіреді, өмірді танытып, 
сезімді кеңейтеді, ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді, 
ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі, еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет