Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет87/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
84 
жайлы жағдай туғызу, ал оның мәні – оқу-таным үдерісіне барлық оқушылардың 
тартылуы» деп есептейді [5, 5 б.].
Ю.Осипова мен Г.Адильгазиновтың пікірінше интерактивтік оқытудың 
ұйымдастырушы формасы өзара әрекетке негізделеді, оқытудың мұндай формалары білім 
алушылардың тілдесімдік дағдыларын дамытуға, белсенді, субъектілік ұстанымдарын 
қалыптастыруға, сын тұрғысынан қарауды үйренуге мүмкіндік береді. Интерактивтік 
тілдесім жеке тұлғаның, оқушы ұжымының қалыптасуы мен дамуына ықпалын көрсетеді, 
- деп тұжырымдайды[6].
Р.Дүзбаева мен А.А.Журин жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютер 
арқылы оқыту жүйесінің негізінде, «интерактивті дегеніміз өзара әрекетке түсу немесе 
біреумен әлде компьютермен әңгіме, сұхбат режимінде болу, ал интерактивтік оқыту – 
бұл дәстүрлі және дәстүрден тыс оқытудың өзара әрекеттестік механизмі, оған арнайы 
дидактикалық жүйеде іске асатын қағидалар, әдістер, технологиялар, оқытудың 
құралдары мен формаларының кешені енеді» деген анықтама береді[7]. Интерактивті 
оқытуда компьютерлік бағдарламалар негізінде электронды және мультимедиялық 
оқулықтар, ақпараттық желілерді қолдану оқытушы мен оқушы арасындағы өзара 
ықпалдастық пен белсенді түрде әрекеттесуге, кері байланысқа жол ашады. Мәселен, 
ғалымдар электронды басылымдар мен ресурстарды оқу-тәрбие үрдісінде қолданғанда 
білім алушылар: 
- қажет мағлұматты өз бетімен ізденіп шығарамашылыққа итермелейді; 
- ақпаратты сақтауда, өңдеуде, интерактивті сұхбатта, құбылыстарды үдерістерді 
модельдеуде барлық мүмкіндіктерді пайдаланады; 
- интеллектуалдық мүмкіндіктерін анықтау мен бағалауда, олардың білім, дағдыларының, 
дайындықтарының деңгейін мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін анықтауға 
көмектеседі; 
- анықталған деңгейіне қарай оқу әрекетін ұйымдастыруға, басқаруға мүмкіндік береді; 
- өз бетімен өзін-өзі жетілдіруіне, дамытуына, мотивтендіруге жетелейді; 
- кері байланысты педагогтар да ата-аналары да бақылай алады деп тұжырымдайды.
Сондай-ақ, білім беру жүйесінің электронды басылымдар мен ресурстарға қажеттілігін 
мынадай төрт топқа бөледі: 
1. Үйренушінінің белгілі бір білімдер жүйесін, мәселен, белгілі бір пәнді меңгеру 
қажеттілігі; 
2. Репродуктивтік шеберлікті меңгеру қажеттілігі; 
3. Білім алушылардың шығамашылық әрекетері, одан ары қарай өз бетімен 
ізденуге ұмтылысы; 
4. Білім 
алушылардың 
жеке 
тұлғалық 
қасиеттерін 
қалыптастырудағы 
қажеттіліктер[8]. 
Зерттеу қорытыныдысы бойынша біз, «интерактивті оқыту дегеніміз оқу үдерісіне 
қатысушылардың өзара белсенді әрекеттестікке тусуі, жұптық, топтық, ұжымдық оқыту 
формаларын пайдалануда үйлесімді әрекет етуі, білім алушылардың жеке білім деңгейіне 
қарай қабілеті мен шығармашылығын арттыруға жағдай жасай отырып өз бетімен 
ізденуіне бейімдеу» деп тұжырымдаймыз. Интерактивті оқытудың дәстүрлі оқытудан 
артықшылықтарын біз, оның икемділігі, қашықтықтан оқыту мүмкіндігі, параллельдігі, 
жаңа ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқытушы мен оқушының жаңа рөльге ие 
болуы деп анықтаймыз. 
Шет тілін оқытуда интеракивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің кәсіби тілдік 
қорын қалыптастыру ұғымына келетін болсақ, бұл үдеріске мынадай анықтама береміз: 
интерактивтік іс-әрекеттің негізгі идеясы – өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа 
негізделген достық ахуал жағдайындағы екіжақты және көпжақты пікірлесім, тілдесім. 
Демек, қатысушылар ашық түрде белгілі бір мәселелерді талдауға, өз ойын ортаға салуға, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет