INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
83
студенттердің кәсіби тілдік қорын қалыптастырудың әдістемесін
қарастырғанды жөн
көрдік.
Ғалымдар В.К.Дьяченко мен Г.М.Құсайынов оқытудың қарым-қатынастық,
тілдесімдік маңызына үлкен мән беріп, оқытудың мәні тілдесімде дей отырып, «тілдесім –
адамдар арасындағы сөйлесім әрекеті, сол арқылы: бірінші ақпарат (ой, білім, идея)
алмасуы; екініші әрекетті басқару және үшіншіден қарым-қатынасты қалыптастыру мен
орнату процесі іске асады» деп тұжырымдайды[1].
М.В.Кларин «интерактивті оқыту» білім алушылардың оқу ортасымен өзара
әрекеттестігіне негізделген оқыту деп түсіндіреді[2]. Оқу ортасы білім алушылардың
жинақталған тәжірибесін қолдана алатын шынайы өмір ретінде танылады.
Білім
алушылардың тәжірибесі олардың эмпирикалық, өмірлік әсерін қосымша, көмекші
материал ретінде пайдалану емес, танымдық оқудың негізі болып танылады. Яғни,
интерактивтік оқытуда оқу үдерісіне қатысушылардың тәжірибесі негіз болады. Сөйтіп,
интерактивті оқытуда оқытушы мен білім алушылардың рөлдері өзгереді: оқытушы емес,
білім алушы белсенді. Оқытушы білім алушыға дайын білімді бермейді,
тек оны
шығармашылық ізденіске итермелейді. Мұндай сабақтарда білім алушылар алған білімін
тәжірибе жүзінде тексереді, жағдаяттық жаттығулардың арқасында кәсіби міндетті
шешуде логикалық ойлауға, қорытындылауға үйренеді, алынған білім мен тәжірибені
терең меңгереді.
Интерактивті оқытуда оқытушы тренер немесе фасилитатор рөлінде болады.
«Фасилитация» сөзінің түбірі латын тілінен енген,
көмек деген мағынаны береді, яғни
фасилитатор білім алушыға көмек береді, қолдайды. Фасилитатор: шығармашылыққа дем
беріп, жағдай жасау; топ жұмысының динамикасын бақылау; мазмұн үшін емес, ізденіс
үшін жауапкершілікті мойнына алу; жалпы тапсырманы есте ұстай отырып,
неғұрлым
егжей-тегжейіне көңіл аудару; сөзді бөлмеу, араласпау, ойын толық айтуға жағдай жасау;
талқыға салу регламентін белгілеу сияқты міндеттерді мойнына алады. Сөйтіп,
фасилитатор қатысушылар әлеуетін жинақтап, оқу үдерісінің сапасын арттыра түседі.
Оқытушының білімді жеткізуші рөлінен фасилитатор рөліне ауысуын ғалым
Б.А.Тұрғынбаева
«фасилитатор» – ұстаздардың ұстазы, фасилитация топ жұмысын
ынталандыратын, әкімшідік жұмыс стиліне кері болып келетін ашық іс-әрекет»,- деген
баға береді.
Біздің зерттеуіміздің негізінде мұғалім рөлінің өзгеруі,
оның белсенділігінің білім
алушы
белсенділігімен
ауысуы
интерактивті
оқытудың
дәстүрлі
оқытудан
артықшылықтарының бірі. Екінші артықшылығы – білім алушы оқу ортасымен әрекетке
түсіп, тәжірибесіне сүйеніп өзінің мүмкіндігін сыртқа шығарады. Қ.Қадашева
интерактивті әдіске оқытудың мақсатына, мазмұнына байланысты «жоғары белсенділікті
көтеру» әдісі деген баға береді.
Г.Д.Нұрбекова интерактивті оқыту «оқушылардың бірігіп бір мәселені шешуге, белгілі бір
әрекетте өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және фантазиясын, ой-өрісін,
шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді» деп жазады[3].
В.В.Гузеев сабақтың типтерін, құрылымын сипаттай отырып, солардың қатарында
«интерактивтік режим» теориясын ұсынады. «Режим» ақпарат ағымының екіжақты
болуымен сипатталады, яғни оқушы сабақтың автономдық бөлшегі ретінде көрінеді.
Интерактивтік режим әңгіме сабағына немесе консультацияға тән деп есептейді[4].
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие үрдісінің
тиімділігін арттыру
мақсатында интерактивті оқыту әдістерін қарқынды қолданылуда.
М.Т.Мұқажанов «Интерактивтік оқыту дегеніміз әңгіме, сұхбат түрінде біреумен
(адаммен) немесе бірнәрсемен (компьютермен) әрекеттестікке түсу, интерактивтік оқыту
– нақты және алдын-ала болжанған мақсатты шеше алатын танымдық процесті арнайы
ұйымдастыру формасы. Мақсаттың біріне оқытудың өнімді болуына мүмкіндік беретін