Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет42/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
42 
Қазіргі уақытта білім беру бизнесінің өсіп келе жатқан деңгейіне байланысты 
нарықта көптеген ақпараттық жүйелер ұсынылады. Шетелді алатын болсақ, білім беру 
процесі коммерциялық тұрғыдан тиімді салаға айналды және инвестиция көлемі 
миллиардтаған долларға жетеді. Бұл білікті мамандардың экономиканың дамуы мен 
өсуіне әсер ететіндігіне байланысты. Сонымен қатар, Батыс жоғары оқу орындары 
түлектердің жоғары біліктілігін қамтамасыз ететін ірі ғылыми орталықтар болып 
табылады. 
Халықаралық білім беру қызметтерінің нарығында бәсекелестікті ескеру 
Қазақстанның Болон процесіне қатысуы мен Лиссабон конвенциясына қол қоюына 
байланысты. Қазақстандық білім беру нарығындағы бәсекеге қабілеттілік - университет 
басшыларының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу жолдары:
1. Жаңа білім беру және басқару технологияларын өңдеу және енгізу саласының 
жетекші позицияларын бағындыру. 
2. Тұтынушылардың болашақ және ағымды сұраныстары мен күтулерін 
қамтамасыздандыру үшін оқу сапасын жақсарту және оның жаңа түрлерін игеру. 
3. Филиалдарды және қаржыландыруды ұлғайту (мемлекеттік органдармен және 
демеушілермен белсенді жұмыс жасау) негізінде өткізу нарығын сақтау және кеңейту. 
4. Контентті өңдеу тиімділігін арттыру. 
5. Студенттердің денсаулығын сақтау және қолдау шығындарын көбейту. 
6. Оқу сапасын басқару процесіне барлық қызметкерлерді қатыстыру. 
7. Басшылық қойған мақсаттарға жету үшін барлық қызметкерлерді ынталандыру. 
8. Қызметкерлер мен студенттердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. 
Жоғары оқу орындарын басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын жалпы 
мақсаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жалпы 
талаптарынан туындайды: 
1. Бейімделу - белгілі бір бөлімдердің пайдаланушыларының өзгеретін 
қажеттіліктеріне қарай баптау мүмкіндігі. 
2. Бірігуі – жүйе жоғары оқу орындардың барлық бизнес-процестері бойынша 
ақпарттарды бірыңғай ақпараттық кеңістікте сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз 
етуі керек. 
Құжаттарға, есептерге және жүйелік функцияларға қол жеткізудің бірыңғай 
жүйесіне ие болу; бірыңғай деректерді енгізу; жүйелер арасында деректер массивтерін 
жіберудің болмауы; бизнес-процестердің модельдерін құру мүмкіндігі; барлық ішкі 
жүйелер үшін бірыңғай функционалды жиынтық; басқа қолданбалы жүйелермен және 
деректер қорымен интеграцияның дамыған технологиялық құралдарының болуы. 
3. Масштабталу - өңделетін ақпараттың көлемін және бір уақытта жұмыс істейтін 
пайдаланушылар санын көбейту мүмкіндігі.
4. Таратылуы - Интернет және деректерді жіберу төмен жылдамдықты арналар 
арқылы орталық сервері бар географиялық тұрғыдан алыс клиенттердің орындарын 
қосуды қамтамасыз ету. 
4. Көндігу қабілеттілігі - әртүрлі аппараттық платформаларда, операциялық 
жүйелерде, дерекқор серверлерінде жұмыс істеу мүмкіндігі. 
5. Кеңеюшілік - бастапқы қабылданған даму тұжырымдамасынан тыс шықпай
пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жүйенің функционалдығын арттыру 
мүмкіндігі. 
Нарықтағы көптеген жүйелер жоғарыдағы талаптарды қанағаттандырады. 
Ұсынылған ақпараттық жүйелер әртүрлі кәсіпорындарға, соның ішінде білім беру 
мекемелеріне бағытталған. Мұндай жүйелерді енгізу кезінде университетті жаңарту және 
конфигурациялау міндетті болып табылады. Университеттің негізгі бизнес-процесінің 
ерекшелігі - мамандандырылған модульдерді жасауды қажет ететін оқыту. Сонымен, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет