Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі


Қарқаралы құзырхатында көтерілген мәселеллер



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қарқаралы құзырхатында көтерілген мәселеллер: 
1. Қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі ретінде мойындау
2. Қазақ мектептерін ашу; 
3. Болыс кеңселерінде, сотта іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу; 
4. Мұсылмандық діни басқару жүйесін құру; 
5. Қазақша басылымдарға арналған баспаханаларды ашу; 
6. Қазақ еліне земстволық басқару жүйесін беру; 
7. Қазақ халқын орыстандыру саясатын тоқтату; 
8. Сайлау құқығын кеңейту және басқа мәселелер
«Қарқаралы құзырхатында» қазақ халқының еркіндікті аңсаған мұң-
мұқтажы ашық білдірілді. Бұл Ресей езгісінде отырған елдердің ішінде 
бірінші шыққан құзырхат еді. Бірақ ол Ресей патшалығына ұнаған жоқ, қазақ 
зиялылары қуғын-сүргінге ұшырап, Кеңес үкіметі тұсында көптеген 
зиялыларымыз халық жауы деп саналып, атылып кеткені белгілі.
1911 жылдан шыға бастаған «Айқап» журналы, 1913 жылдан жарық 
көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған «Қазақ», «Бірлік туы», 
«Сарыарқа», «Ақ жол» газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының 
қалыптасуына қызмет етті. 
Алаш қозғалысының басты мақсаты  - қазақ елінің өзін-өзі басқару, 
ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға 
мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс 
аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал 
шаруашылығын өркендету, егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз 
ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа 
демократиялық ұстанымдарды қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу 
жүйесінің, тілдің дамуына қажетті шарттар түзу болды. Бірінші орыс 
революциясы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 
жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау 
шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ комитеттерінің пайда 
болуы, күзіне қарай «Алаш» партиясының, соңына қарай Түркістан 
автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы 
бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 жылы пайда болған бұл 
саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанмен, ұлт-
азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. 
Мемлекеттік тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне 
қойған қоғамдық-саяси мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс 
жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Асфендияров, С. Қожанов, С. Садуақасов, Ж. 
Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе 
орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік 
эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның 
басшылығымен 10 жыл (1929-39) шығып тұрған «Яш Түркістан» 
журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты ұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет