2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясы
5. Жергілікті басқару
6. Оқу мәселесі
7. Сот мәселесі
8. Дін мәселесі
9. Әйел мәселесі
10. Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындық
11. Россия мұсылмандарының кеңесі (шураислам)
12. Қазақ саяси партиясын құру
13. Жетісу облысындағы оқиғалар
14. Киев шаһарында болған Россия Федералистерінің съезіне және
Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтардан өкіл жіберу
Х.
Досмұхамбетовтың
төрағалығымен,
Ахмет
Байтұрсыновтың,
Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың
хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14
мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай
сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясының құру проблемаларына
аударды.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің
бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде
осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы
мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқының өз
алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды
сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі
демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия
жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына
жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары
қарап бекітеді.
Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары
Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат
болады».
Бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп
тұжырымдады.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі
кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған
Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Бірінші жалпы
қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес
Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған
Достарыңызбен бөлісу: |