19.Таяу Азия халықтарының рухани мәдениеті
Бұл елдерде қоғамдық құрылыс әр түрлі. Түркия, Ливан, Сирия, Израииль, капиталистіа жолмен дамыса, Сауд Арабиясында феодалдық қатынас басым кееледі. Израильде кейінгі жылдары капитализм күшті дамыған. Ауылда «кибуц» деген кооператив құрылып оны қуатты шаруалар билей бастады. Көшпелі, жартылай көшпелі қауым үнемі бір – біріне көмектесіп отырды. Қанға – қан, кегін қалау тайпаның ақсақалға бағыну салттары түгел қамтыған.
Бұл елдерде ауыз әдебиеті, өлең - жыр, шежіре айту аса кең тараған. Музыка өнері жақсы дамып, шекті, барабан, даңғыра сияқты аспаптар пайдаланылды. Ертектер және күллі шығармалар жиі айтылды. Ауғанстанда халық өнері үрмелі аспаптар, ұлт театрлары жықсы дамыған Таяу Шығыста кең тараған бірден – бір дін – 7 ғ Мұхаммед негізін салған ислам діні. Ислам дініңнің өзге діндерге қарағанда ел басқарушының адал, таза жүруіне уағыздайтын көптеген шариғаттары бар. Оны діни басшылар жақсы пайдалана білді.
Таяу Шығыс – дүние жүзіндегі үш діннің: идуаизм, христиан және ислам дінің кең тарағн ортасы. Осы құрлық тұрғындарының көпшілігі ислам дінің қолдады. Араб тілінде «ислам» деген сөз «құдайға сенгіш, көнгіш» деген мағына берді. Бұл дін 6 ғ соңы мен 7 басында аборогендердің алғашқы қауымы ыдырап, феодалдық қауымға өте бастаған кезде шықты. Оның негізін салушы Мұхаммед 622 жылы Меккеден Мединаға барғаннан кеійін жаңадан пайда болған дінді халыққа кең көлемде таратқан. Ислам дінінің негізгі догмасы – «Құдайдан басқа еш билеуші жоқ, Мұхаммед оның жердегі өкілі» болып келді. Құранның зажуы бойынша мұсылман деген адам 5 түрлі міндетті атқаруы керек: құдайдың жалғыз екенін мойындау, бес уақыт намаз, 30 күн ораза ұстау, малдан зекет төлеу, қажыға бару. Ислам екі ағынға бөлінеді: суннизм және шиизм.
20. Таяу Азия халықтарының отбасы және отбасылық қатынастарs
Бұл елдердегі отбасының барлығы да ислам дінінің тікелей ықпалы негізінде құрылған. Көп әйел алуға әркімде ерікті, тек қалыңмал төлеуі шарт. Таяу Шығыс елдерінде көпшілігінде ағайынды кісілер бір – бірімен құда бола береді. Үйленетін жастан бір анадан болмаса болғаны. Мұны эндогамдық үйлену тәртібі дейміз. Көшпелілірде қауымдық, не рулық туыстық кеңірек тараған. Израильде еврейлер тек еврейлерге ғана үйленуі шарт, әрі діни наным күшті болған.
Мысалы, хазарлықтар бір тайпаның ішінен қыз берні, қыз алысады. Туыстық жақтан жақын адамдарды құда бола береді. Үйленуші жігіттің әкесі тұрмысқа шығатын қыздың үйіне келіп, құдасының алдындағы орамалдың үстіне аздап ақша қояды. Оны қыздың әкесі алғаннан кейін екі жақтың қатынасып отырған адамдарына шақпақ қант үлестіреді. Бұд құдалыққа келісілді деген сөз. Үйленуге бір жыл қалған кезде жігіттің туысқандары қыздың үйіне келіп ата – анасының батасын алады. Бұны кішігірім той ретінде өткізеді. Бұдан кейін үш күннен соң жігіттің туысқандары үйіне әкеліп, болашақ құдаларына үлестіріп береді. Осыдан соң екі ортада қалыңмал жөнінде келісім жасалады. Оны «сурфай риза» деп атайды. Осы сапарда қалыңмалдың өлшемін белгілеп, екі жақ келісімге келеді. Мұнан кейін бір жылдан кейін үйлену той өткізіледі. Ирандықтардың үйленуі отбасын құруы Шығыс халыөқтарының әдет – ғұрпына ұқсас келеді. Қызды 10-13 жастан тұрмысқа берсме, жігіттер 14-15 жастан үйлене береді. Қалалаы жерлерде құда түсу ісімен айналысатын адамдары болады, олар «дел – лалеарус»» деп атайды. Құда түсушілер қыздың әкеісне шариғат жолман «махр» төлейді. Сонан кейін ана сүті – «ширбехе» үшін деп қыздың ата - анасына кәде жасайды. Ұзатылар қыздың туысқандары жасау – жабдық, төсек – орнын т.б. заттарын дайындайды. Бұл ғұрыптар қалалақ тұрғындар арасында көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |