Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қыз


Қоғамдық ұйымдар белгілері



бет3/9
Дата21.12.2023
өлшемі24.07 Kb.
#487411
1   2   3   4   5   6   7   8   9
stud.kz-18497

Қоғамдық ұйымдар белгілері:
1) Мүшелердің еріктілігі;
2) Анық мақсат қоюы;
3) Салыстырмалы ірі бірлестіктің болуы;
4) Жарғының болуы;
5) Өз бетінше басқарылуы;
6) Басқару органдары сайланады;
7) Қажетті материалдық негіз;
8) Билікке ұмтылмайды.
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Саяси қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады:
1) Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2) Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы: Жаңаөзеңдегі (1989 ж.) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда "Бірлік" деген ұйым қүрылды, ал Шевченко қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді;
3) Ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын.
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолындағы алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өркендеуі, айналадағы ортаны қорғау, т.с.с. жалпыхалықтық, азаматтың талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
1) Қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы;
2) Үгіт-насихат, әрекет ету сатысы;
3) Дамыған жұмыс кезеңі;
4) Саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі - "Халық майдандары". Оларға жалпы қоғамға қатысы бар, әлеуметтік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құралады және жүмыс істейді. Онда қатаң айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына қалың бұқара халықтың мүддесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халық майдандарының мынандай түрлері бар.
Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүниеге келіп, қалыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халық майдандары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлттық азаттық алу барысында пайда болған халық майдандарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозғалыстар шығуы мүмкін.
Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майдандарын жатқызуға болады.
Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан халық майдандары. Олар 20-ші ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Францияда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және сүйенген үкімет боп елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936-39 жылдары Испанияда халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизммен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көрінді.
Бейресми бірлестіктер жастардың, студеттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан.
Олардың ішінде қоғамдық саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би, және т.с.с. төңірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.
Белгілі жастар қозғалысына «Металистер», «Фанаттар», «Панкілер», «Хиппилер», «Роккерлер», «Брейкерлер», «Пацифистер» және т.с.с. жатады.
Қазіргі уақытта мынадай саяси қозғалыстар бар:
1) Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту;
2) Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте-бірте реформалауды мақсат етеді;
3) Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі;
4) Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттің капитал мүддесіне бағынуы, қызмет етуі, жеке-дара белсенділікті, әлеуметтік-теңсіздікті қолдау, дәстүрлі моральдық мұраттарды дамытуды көздейді;
5) Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар - қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессивті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

Қоғамдық саяси қозғалыстардың түрлері

Негіздері

Сипаты

Өмір сүрген құрылысқа қатынасына

Консервативті, реформаторлық, революциялық, контрреволюциялық

Таптың белгісі бойынша

Топтық (жұмысшылар, шаруалар, буржуазиялық), топаралық (ұлтазаттық, антифашисттік т.б.), топтан тыс (зиялылар т.с.с.)

Ұлттық белгісі бойынша

Ұлтазаттық, ұлттын өзін-өзі сақтау

Демографиялық белгісі бойынша

Жастар, студенттер, ардагерлер т.с.с.

Ұйымдастыру деңгейі

Стихиялы нашар ұйымдасқан, жоғары ұйымдасқан

Көлемі жағынан

Халықаралық, аймақтық, елде, штатта, республикада

Әдістері, қызметі

Ашық немесе жасырын формальді, бейресми





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет