Қоғамдық ұйымдар туралы түсінік, белгілері, қыз


Қазақстанның әйелдер одағы



бет7/9
Дата21.12.2023
өлшемі24.07 Kb.
#487411
1   2   3   4   5   6   7   8   9
stud.kz-18497

Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.
Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті. Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы" конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтар-дың республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.
Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы.
Қазақстанның жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді. Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.
Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.
Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет