Оггеогеоопоопооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо



бет4/13
Дата31.03.2023
өлшемі0.77 Mb.
#471451
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Îããåîãåîîïîîïîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîî

Зерттеу жобасының міндеті: Жазушылардың қазіргі қазақ көркем прозасына талдау жасау. Оқырманға берер тәрбиелік мәнін ашу. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер алдыға қойылды:
- Жазушылардың қазіргі қазақ прозасының көркемдік ерекшелігін талдау жұмыстарын іске асыру;
- Талдану жұмыстары арқылы оқырманға тәрбиелік мәні бар шығармаларды қарастыру, тәрбиелік мақсатын ашу жұмыстарын жүзеге асыру;
- Қазіргі қазақ прозасындағы табиғат суреті мен портрет жасау шеберлігін қарастыру;
- Қазақ прозасындағы замандас бейнесін ашу;
- Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі ұлттық болмыстың көрінісін саралау;
- Қазіргі қазақ повестеріндегі мінез, халықтық бояу, ұлттық таным көріністерін зерделеу;
- Қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық идеяның көрінуі сипаттарын ашу;
- Аймақтық әдебиеттану бойынша проза саласындағы шығармалардағы ұлттың, адамзаттың халықтық түсінігін зерттеу.
Зерттеу әдісі: Зерттеу еңбекте бұған дейін зерттеліп, ғылыми айналымға түсірілген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектері, қаламгерлердің образдар сомдаудағы ұлттық болмысты бернелеудегі шеберлік сырлары басшылыққа алынып, жоба, біріншіден, анализдеу әдісімен жүзеге асты. Яғни, қаламгерлердің шығармаларындағы ұлттық психология, дүниетаным, халықтық сипат, қазақы таным секілді бояуларды сомдаудағы шеберлігі жан-жақты талданып, оған жаңа таным тұрғысында талдау жүргізілді. Екіншіден, салыстырмалы әдіс негізінде зерттеу әдебиеттану ғылымында кеңінен таралған дәстүрлі объективті-аналитикалық, салғастырмалы тәсілдермен зерттелді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жазушылар ескіден келе жатқан әдебиетіміздің, қазақ елінің өмірімен, тағдырын, тұрмыс-тіршілігін, санасын, психологиясын, қазақи болмысын, бүгінгі күнгі туындыларымен дәстүр етіп жалғастыруы. Шығармаларындағы жаңалық бүгінгі күн тұрғысындағы адамдардың өмірінде кездесетін жайттарды психологиялық, философиялық тұрғыдағы көзқараспен суреттеуі. Елдің саяси өміріне, шаруашылығына, әлеуметтік тұрмысы жаңа мазмұн мен пішін әкелгені сөзсіз. Бүгінгі күннің классик ақындары, бүгінгі заман талабына сай адамдардың қилы-қилы тағдырларын, бейнесін, өмірін осы бір шағын әңгімелерімен оқырман жүрегіне қауыштыратынына көзіңіз жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет