2.2 Прозадағы ұлттық идея және экзистенцияға қатыстылық
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі мөлдірлік, сезім шынайылығы мен табиғилық, лирикалық сыршылдық пен психологиялық тереңдік адам жанын айнытпай түсінгіштік қасиеті жазушылық шеберлікті көрсетеді. Өмірлік материалды екшеп, сан алуан тағдырлар, адамдар арасындағы қақтығыс, әр түрлі байланыстар арқылы адам жанының қатпар-қатпар терең түкпіріне бойлатады, өзің күнде көріп жүрсе де елемейтін құбылыстарды байқатады, өткен өмір, бүгінгі күн, ертеңгі болашығың жайлы ойға батырады. Қаламгерлердің кейіпкелер характері айқын, эстетикалық талғаммен сұрыпталған типтік бейне тұрғысынан қарауға болатын жинақтық мәніне ие оқшау тұлғалар. Өзіндік өрнек пен жаңа соқпақ үлгілері жазушының кез келген туындысында сайрап жатыр. Тіл тазалығы, ой тұнықтығы, өмір құбылысын зерделеп ұғу, адам жанының нәзік иірімдеріне дәп басып, дәл түйсінуі, сөйлем құрылысындағы жинақылық пен ой оралымдылығы оқырманды баурап алып, өз тұңғиығына жетелеп әкететін қасиеті жазушы шеберлігін танытса керек. Жазушы Сара Мыңжасарова [39] қазақ өмірінің қилы қалтарыстары жайында жазған. Жазушы туындыларында адам өмірі, қоғам, өмірдің бұралаң жолдарына байланысты, ғашықтық сезімге, еңбекқор адамдар жайында, жастардың тағдыры жайында жазады. Қызыға оқитын «Алғашқы кездесу» атты туындысының жасөспірімдердің ғашықтық сезімдерін, ынтық жандардың сүйіспеншілігін ерекше шеберлікпен ашылуынан оқырманын өзіне тартты деп ойлаймын. Ал «Жайлау әңгімесінің» оқырманы жанашырлықпен қарайтыны да анық. Ендеше «Алғашқы кездесу» әңгімесінен бастасақ Жазушының әңгімесі жастар жайында жазылған, махаббат тақырыбы. Мектеп алдындағы өмір көрінісімен табиғат бейнесін байланыстыра суреттеген. «Айтжан мен Сәнім екі жылдай бір партада отырады. Жақсы сыйласатын жолдас болғанмен бұлардың татулығы ерекше достыққа ұласа қоймаған-ды.» [50,21б]. Оныншы сынып бітірген Сәнім мен Айтжанның өмірінен басталады. Кемпірқосақ шыққан ауылдың табиғат көрінісін қызыға қараған жастар бейнесі. Жазушы ауыл табиғатын ауыл жастарымен астарластыра көркем сөздерімен бейнелеген. «Ауыл аумағындай жел қуған қара бұлт шығысқа қарай зымырап барады. Тағы да бұлт келе жатқан жоқпа екен деген жастар батыс жаққа бұрылып еді, көкжиектен ұштасып жатқан қыраттың басында сәл ғана қарауытқан бұлт бар сияқты. Бірақ оның әзір қозғала қоятын түрі байқалмайды. Жел тына қалған кез. Бұлар құбылыстардың тек сырт бейнесінің әсерінде. Қазір бұларға жарқыраған күн де, әдемі киім де, кірбіңсіз күлкі де, жадырай қараған жанар да жан дүниелеріне нұр сепкендей көтеріңкі көңіл құшағында.» [50,22-23б]. Жазушы жастардың жастық көтеріңкі көңілдерін, баладай шақтарын, жадыраған жастарға қазір бәрі жақсы сияқты екенін, қызықты өмірлерінің ерекшеліктерін қарастырған. Жастардың балалық шақпен қоштасар кезіндегі бейнелерін суреттейді. «Жолдастар класқа кіріңіздер, сіздердің мектепті аяқтауларыңызға арналған жиналыс басталады, - деді мектептен шыққан классжетекшісі. Жолдастар деген сөзді мұғалім аузынан алғаш естіген оқушылар таңданып біріне-бірі қарады. Бұл жанарларда балалықпен қоштасудың басталғаны осы шығар деген күдік жатқандай.» [50,23б]. Жазушы мектеп бітіретін оқушылардың балалықпен қоштасу ойларына қызық қарауларын, олардың мінез-қылықтарын, жадыраған жанарларының бейнесін суреттеген. Әңгіменің көркемдік мәні жастардың өмірге деген сүйіспеншілігі. Жазушы Айтжанның Сәнімге деген көңілі бар болып жүргенін, Сәнім оған жәйі ғана дос ретінде қарғанын балалық мінездерін, көңілдерін жазған. Жиналыс басталғандағы Сәнім мен бір жігіттің жастық сезімдерін ашып, көркем, шебер суреттеген. Жазушы бұл кезде Сәнім мен Қанаттың ғашықтық сезімдерін,
«- Қай ауданнан келдіңіз?
-Қыраттан.
-Атыңызды білуге болмас па екен?
-Сәнім.
-Менің атым –Қанат.Көлді ауданынан келдім. Бар танысу осымен аяқталды.Қонақ үйіне жеткесін өз бөлмелеріне қарай бұрылды.Бұларды билеген сезім сөзге айналып, жан дүниесін одан әрі қитықтамай, өз ойларынан қыдыру тауып ұялап барады» [50,24б]. Жастарды билеген сезім жайында сөз етеді. Екі жастың қымтырылып, бір-біріне деген ыстық ғашықтық сезімдерінің оянуын ашып жазған. Жиналыстағы Сәнім мен Қанаттың сезімдері арқылы олардың бет-бейнесін, мінез-қылықтарын, олардың алғашқы кездесулері арқылы осы махаббаттың пайда болғанын көркем сөздерімен өрнектей жазған. Жазушы Сәнім деген қыздың ақылды, қайратты, оқуда, еңбекте озат қыз екенін жазады. Сонымен қатар Қанат екеуінің ғашықтық сезімдерін жазған.Осы бір шағын әңгімеден екі жастың ғашықтық сезімдерін бейнелегенін көреміз. Жиналыста екі жастың алғашқы кездесу арқылы бірін бірі тапқандарын жазушы ашып жазған. Оқырман көріп отырғандай әсерге бөленеді. «Жайлау әңгімесі». Әңгіменің басталуын жазушы Сатылы мен Ақтөбе Текелі тауларының арасын, табиғатын ,сол жердегі Шопан Тәштеннің тұрмыс жайымен жайлап бастайды. Сол жердегі Солдат сайының табиғатын көркем өрнектейді. Шығарманың құрылымы ауыл тұрғындары, басты кейіпкер еңбеккер Тәштеннің өмірі жайында. Малшылар ауылының көрінісімен қала көріністерін салыстыра бейнелеген. Малшылар өмірінің тұрмыс-тіршілігін, мінез-қылықтарын, ауыр жағдайларын сөз етеді. Басты кейіпкері малшы Тәштеннің өмірі арқылы басқа да малшылардың өмірі көріністерін ашып жазған. «Тәштен еңбегім жанбады, бейнетінің зейнетін көре алмадым деп те айта алмады. Колхоз орталығында төрт бөлмелі үйі бар, озат шопан деп колхоз салып берген.» [50,37б]. Текелі тауларының жайлауын әңгімелейді, сондағы малшылардың тұрмыс жағдайларының ауыр екенін әңгімелейді. Тұрмыс жағдайға керек заттарының жоқтығын, Нұрекең (колхоз бастығы) мен Тәштеннің(малшы) әңгімесін жазушы малшылардың жайлаудағы қазіргі тұрмыстарын сөз етеді. Қала етегіндегі ақ киіз жабылған жарығы жоқ ағаш үйлерде тұратын малшылардың арманын, қиын өмірлерін, қаладағы еңсесі биік әдемі үйлерді көріп қиналатын малшылардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін ішкі мұңдарын ашып жазған. Еңбекқор малшылардың өмірге деген адамгершілік көзқарастарын суреттеген. «Суы мол осы араға электр станциясын салса, арзан электр қуатын алуға болар еді. Сонда бүкіл жайлауға электр қуаты жетіп, үйлеріміздің жанына самалдай прожектор орнатып қойсақ, малға ит-құс та жоламас еді» [50,39б]. Осы шопан Тәштеннің өмірінің қиыншылығын, тағдырының қиын сәттерін ойлап, іштей күйзелгенін, өмірінің тіршілігін, күй- қуатын осы бір шағын әңгіме қылып қағаз беттеріне осы кейіпкердің өмірін қысқа түрде оқырман жүрегіне тұтас бір бітім жасайды. Осы малшы Тәштеннің ойынан шыққан арманына көз жүгіртсек жазушы Тәштеннің қандай ойының арманы бар екенін мына сөздер арқылы дәлелдеген.
«-Арманның аянға айналғандай. Бізге болмаса да, бізден кейін келетіндер малшыға жасалған жағдайға кенеліп, мәдениеті артып, жастар жарылқасыншы.Бірақ шындап қолға алса біз де шет жағасын көріп қалар едік.
-Айтқаның келсін, әумин» [50,42б]. Жазушы осы шағын әңгімені Тәштеннің өмір тынысын, еңбегін, қиялынан туған арманын бейнелейді. Жазушының бұл әңгімесінен малшылардың тұрмыстарындағы қиыншылықтарын, армандарын, колхоз бастықтарымен қарым-қатынасын бейнелеген. Тәштеннің еңбекқорлығын, өмірінде жеңілдіктер болса деген жазушы көзқарасымен оқырман көңілінен шығатын бір ойы бардай. Жайлаудағы өмір тынысын, оның табиғатын адамдар өмірімен байланыстыра бейнелеген. Жазушы адам өмірінде, қоғам өмірінде белең беретін құбылыстар- адамгершілік, арлылық, өмірдің көлеңкелі жақтарын бейнелеген деп ойлаймын.
Жазушы Уахап Қыдырханұлының көптеген әңгімелерінің тақырыптары адамгершілікке байланысты, ғылым, тәрбие көзқарасы, Отан, ұлтшылдық, ел жағдайы мәселелерін сөз етеді. Жазушы өзінің көркем де кестелі сөздерімен қазақ халқының өмірін, тұрмыс тіршілігін, халқының қасіретін ойлайтын жандардың бірі екенін сезесіз. Өз заманының кейіпкерлерінің сағыныш, сезімі, қасіреті, қуанышын сөз еткен. Жазушы өз заманыныңдағы саясат жағдайын, әлеумет жағдайын кестелі сөздерімен жазған.Қазақ халқының патриоты, азаматы, нағыз сөз өнерінің шебері екенін аңғарасыз. Ендеше шығармаларының ішіндегі «Тәрбие күші» атты повесіне тоқталайық. «Тәрбие-ұлы іс, адам тағдырын шешетін сол. Ол –пенденің дүниеге келуінен өмірден өтуіне дейін үзілмейтін үрдіс. Егер, өмірді күрес, ал күресті адам өзіне қажеттің бәріне –рухани үстемдікке, материалдағы игілікке, ақыл-ойдың еркін дамуына жету жолындағы іс-қимыл десек, соның әр сәті бойға тәлім болып таралып, тәжірибе болып қалыптасады...». Жазушының айтайын деген ойы адам мен оның өмірі жайында, ақыл-ойдың күнделікті тәжірибеден өтуіне байланысты деп тұжырым жасайды. «Біз қазір жаңа тұрпатты тәуелсіз елміз. Мейлі, оны Тәңірдің жарылқауы, мейлі, ата-бабаларымыздың арманының, төккен қаны мен аққан терінің бодауына келді дейік,қалай десек те, біздің буын жеткен ұлы жақсылық». Жазушының ұлтшылдығын көруге болады. Қазақ халқының қамын ойлап, ата-бабаларының еңбеккерлігі жайында сөз етеді. «Отанды сүймеу – опасыздық. Халқын қадірлемеу, ұлт мүддесін ойламау-үлгісіздік. Ұрлық-қарлық-қылмыс. Адам болам деген қазаққа Абайдан артық ақыл айтқан ешкім жоқ. «Адамды заман өсіреді. Кім де кім жаман болса, оның өзінің замандастары кінәлі» деген болатын» деп жазушы данышпан Абайдың айтқан ақылымен оқырманға жеткізген. Жазушының ойы өз елінің білімді, іскер, адал, рухани мәдениетінің мол, адамзат мұратын толық түсінетін адам болуын шебер сөздерімен оқырманға жеткізеді. «Заман жаңарды, ғасырдан ғасыр ауысты. Ел –егеменді, ұлт-тәуелсіз. Қазақ үшін бұдан артық не керек. Ағалар ақылға тез келуі, жастар жаңа заманға жіті бет бұруы, ұрпақтар ұлтымыздың ұлы үрдісі бойынша ақылды, парасатты өсуі, Отанына, халқына берілген бірегей азамат болып жетілуі қажет.Оның барлығы тал-бесікткен басталып, жер-бесікке енгенше үзілмейтін тәрбиенің күшімен қалыптасады». Жазушының бұл туындысында үлкен бір тәрбиелік ой жатыр.Келе жатқан жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол. Әрі мағынасы жеңіл, түсінікті жазылған.Жазушы туғаннан бастап тәрбиені өмір бойы қартайғанша тәрбие көзін,адамның тәжірибесінен көруге болатындығын ашып айтқан. Қай оқушы болсын тез түсінеді деп білемін. Жазушының өз еліне деген, өз ұрпағына деген айтар, берер тәлім-тәрбиесі мол. Оқушыны патриоттық сезімге баулиды.Бүгінгі заман талабына сай, бүгінгі тәуелсіз ел болғанымызды, жастарға білімді, еңбеккер болуын тілейді. Жас ұрпаққа ұлттық рух беріп, озат идеялармен қаруландырады. Қандай қиыншылықтар болса да оларды жеңуге ұмтылдырып, жігер қайратын арттырады. Жазушы өз қазақтығымызды, болмысты баяу болжайтын тәрбиенің сұмдық салдары деген ойда тәрбиелік мақсатын сөз етеді.
Жазушы Қуаныш Жиенбайдың [51] әңгімелері өз заманының адамдарының өмірі, тұрмыс-тіршілігі, күй-жайын ашып жазған. Өз отбасындағы шым-шытырық психологиялық ахуалдар бояуы қанық астарлы йірімдерімен әдемі суреттеледі. Жазушының туындылары кейіпкерлері бастан кешкен осы қоғамның қыртысы жайлы, қалың хикметтері кеңінен арқау болады. Әңгімесінің бірі «Қарғаның саңғырығы». Кейіпкерлері: Әшірбек, Тұрсынбай,Сандуғаш,Құлшарап Құлшыманов,Көсемәлі, Көкемәлі.«Әкесінің үйден шыққан –шықпағандығында Сәуле апайдың не шаруасы бар екен деп, оң бүйрегі бүлк ете түспес пе. Артық әңгіме не керек?» [51,263б]. Әшірбектің самапал әкелген Сәуле апайға ызалық ойларымен қарауын сөз еткен. Көсемәлі жайында «Көсемәліні соншалықты әспеттейтіндей де түгі жоқ. Киім киісі де олпы-солпы, қоңырқай ғана тіршілігі бар осы ауылдағы»бар болса-көре алмайтын, жоқ болса- бере алмайтын» көп ағайынның бірі» [51,265б]. Жазушы ауыл ағайындарының қарым-қатынасын, ауыл адамдарының тұрмыс тіршілігін, өмірін суреттей келе ауыл адамдарының мінез-құлықтарын ашып, күн-көрістерін бейнелі сөздерімен астарлап жазған. Жазушы өз кейіпкерлерінің тұрмысы арқылы олардың отбасындағы психологиялық ахуалды сөз еткен. Өзінің шебер сөзімен кестелеген. Бүгінгі өмір тұрғысынан алған туынды. Өмірде кездесетін жайттар. Психологиялық тұрғыдағы қанық жазылған шындықты суреттеу арқылы жеткізеді.
Жазушының Смағұл Рахымбек әңгімелері ауыл тақырыптарына арналған. Өмір жайында, тұрмыс-тіршілікке байланысты. Өмірде кездесетін жайттар жайында сөз етеді. Әңгімелері өз заманындағы адамдар жайын, олардың жағдайын ашып жазады. Жазушы өз кейіпкерлерінің өмірі жайлы әр алуан саласын байыппен бейнелейді.Заманындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарын, өмірдің әр түрлі құбылыстарын ашқан.Адамдардың тағдыры жайында, жалпы қазақ елінің болмыс-бітімін, бейнесін ашқан. Жазушының туындыларының бірі «Елім деген есіл ер» атты әңгімесін қарастырсақ. Бұл әңгімедегі басты кейіпкер электр саласының инженері Өмірхан Сәулекенұлы. Әңгіме желісін жазушы Өмірханның зауытта істейтін еңбегі жайында бастайды. «Бұл еліміздің азаттық алған алғашқы жылдары болатын. Өмірхан еңбек етіп жүрген кәсіпорында жұмыс аз, тапсырыс жоқтың қасы. Бір күні басшылары бір топ адамды сол кездегі «Целинсельмаш» зауытына жіберді. Жекешелендірудің қызып жатқан уағы. Ауыл шаруашылығы техникаларын жасайтын бұрынғы одақтағы ірі өнеркәсіп орындарының бірі-бұл зауыт та меншік түрін ауыстырған...». Жазушы еліміздің азаттық алған кезіндегі жекешелену мәселесін көтерген. Ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді. Әр сала өзімен өзі жекешеленуін осы кейіпкерлер өмірі арқылы бейнелейді. «Жазған құлда шаршау барма! Өмекең бастаған мамандар станоктарды бөлшектеп, тұғырларынан түсіріп, вокзал басына апарып, ағаш жәшіктерге салып, Түркияға сол жылы 100-ге жуығын жөнелтісті. Осыдан кейін Өмекеңнің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалды.». Жазушы Өмірханның жекешелену кезіндегі қиналған шақтарын, тұрмыс-тіршілігін, бітімін, мінез-құлқын бейнелеген. Жазушы заман ағымына қарай өз кейіпкерлерінің өмірін суреттеген. Қазақстанның тәуелсіз алған кезіндегі жағдайларын ашып жазған. Тәуелсіз еліміз, жаңа қоғам құрушы азаматтарына тәрбие берудің қуатты құралы деген ой айтады. Смағұл Рахымбектің туындылары өмірдегі болатын шындықты,бұл дүниедегі тіршіліктің тамырының шындығына үңіледі. Ол жайттардан өнеге алатындай етіп, оқырман жүрегіне жеткізеді. Жазушының «Көңіл шуағы» атты туындысы былай басталмақ.«Есі кіріп, оңы мен солын айыра бастағаннан–ақ адам бақытты болсам, ештеңеден тарлық көрмей, жақсы өмір сүрсем деп армандайды. Мұқтаждыққа ұрынбай, бақуат тірлік кешуге қажыр-қайрат жұмсап, талпынып та жетуге болады.». Әңгімеде өмір жайлы сыр шертеді. Өмір белестерін, тіршілік суреттерін бейнелеген. «Ағыл-тегіл айтылған тілектер таудан құлаған бұлақтардай таза, мөлдір болып, көңілдердің жасыл жапырақтарын тербелтті.». Жазушы адамдар айтып жатқан тілектер мен табиғат бейнесін астарластыра бейнелеген. «Кей отбасыларының балалары жасы шау тартқан егде ата-аналарын қарттар үйлеріне апарып тастауға бейіл, тіпті баққанның өзінде тұрмыста онша сыйлай бермейтін тағылық әдет қалыптаса бастаған уақыт еді әлгі оқиға болған жылдар.». Жазушының айтайын деген ойы «Ұяда не көрсең-ұшқанда соны аларсың» дегендей тәрбиелік мән жатыр. Махмұдтың адал мінезін ашқан. Оның әкесі Базарқұл мен анасы Күләнда тәрбиелі отбасыларының бірі екенін, ұлы Махмұдтың анасы мен әкесіне деген жақсы көзқарасын жазған. Өзінің елі, жері үшін адал жандардың бірі екенін осы әңгімеде өзінің шеберлігімен көрсетіп жазған. Тәрбиелік мәні Махмұдты басқа азаматтармен салыстырғанда өз әке шешесін қолына алып, кәрілер үйіне басқа азаматтар сияқты бермей, оның адал жан екенін аңғартады. Жазушы Махмудтың ержүректік жасайтындай мінезін өзінше бір леппен сүйсіне жеткізеді. Оқушыға берер тәрбиесі ата-анасын сыйлауға,құрметтеу керек деген көзқараста жазады. Сондықтан да жас ұрпақтың жақсы тәрбиеленіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсу керектігін ескертеді.
Қаламгер Мәди Айымбетов өзінің прозалық шығармаларында әрқайсымызға соншама таныс, соншама ыстық ауылдың тіршілігін көз алдымызға әкеледі. Жазушының «Құмөзек хикаялары» атты кітабы кішкентай Құмөзек ауылы оның үлкен жүректі адамдары туралы махаббат кітабы деп білемін. Құмөзек – жазушы шығармаларына өзек болған әрқилы оқиғалардың бірі, адамдардың әрқилы тағдырын ашып, тұтастай сол ауыл бір образды иеленген. Жазушы кейіпкердің жан дүниесін, ішкі нәзік иірімін психологизммен астастырып, кәдуілгі адамдардың, жер үстіндегі барша жан баласының тұрмыс тіршілігін, өзінің эстетикалық танымымен үндестіре үйлестіруі жазушының сөз өнеріндегі идеяның көркемдік мұраты деп білемін. Жазушының «Тәтті мұң» атты әңгімесіне тоқталайық. Жазушы бұл әңгімеде ауыл көрінісін, Батиханың күйеуі тірі кезіндегі жас кезін аңсауы, ауыл тынысын, адамдардың бір-бірімен қатынасын ашып жазған. «Батиханың белі сырқырағанда бүгін бір жұма.Төсек тартып жата қалмайды, ілініп-салынып беймаза, кірбің ыңқылмен от басының болмашы шаруасына айналып жүрді. Кейбірде өстіп аяқ асты ескі ауруы жұмалап ұстағанда құмдағы ауылдан сіңілісі келе қалатын.». Жазушы Батиқаның күн көрісінің ауыртпалығын, оның күн көріс тіршілігімен бірге мінезін ашқан. Аурушаң жалғыз басты Батиханың қиналған ішіндегі мұңын ашқан. «Ауырғаны да анық, сөйткенмен, оның науқасшаң тынысын отыз жыл бойы жүрегінде дақ болып арылмай жүрген және осы кезге шейінгі өмірінің ең мәнді елесіндей шеменді дерттің соқпасы көбірек деміктірген. Жан сырқаты қозып еді.». Әңгіме кейіпкерлері: Батиха, Сүндет-батиханың дүниеден өткен күйеуі, Жадыра, Керімбек шалдың келіні Зәуре, Жұмабек, Күлкен кемпір, Сәудір шал, Есен шал, кемпір, Есен, Нәшен. Осы кейіпкерлерінің ауылдағы тұрмыс тіршіліктерін, бір-біріне деген қарым-қатынастарын суреттейді. «Ойына кенет Сүндет түсті. Қосағаштағы той күндері Батиханың ең-ең бақытты шақтары еді. Сүндеттің сондағы шектен тыс биязылығын, сондағы баладай момындығын ол ұмытқан жоқ. Жоқ, ұмытыңқырап барады екенғой... Сүндет екеуіне сол бақытты күндер еш таусылмастай көрінген, бақытты көрінген. Таусылып қалатынын, мәңгі емес екенін білген жоқ. Сүндет майданға аттанатын күні де ол бақыттың таусылатынына, мәңгі емес екеніне иланбаған. Сеніп еді». Жастайынан күйеуі Сүндеттен айрылған жалғыздыққа тұмшаланған Батиханың ішкі ауыр сезімдерін, Батиха жанының қайғыруға, мұңаюға ғана жаратылған тәрізді өмірін, қиналып, қынжылатынын, енді Батиха үшін бақыттың болмайтындығын жазушы кестелі сөздерімен Батиханың мұңын, бақытсыз сезінуін, ауыратыны жайында ашып жазған. Жазушы жалғыз басты әйелдің өмірі арқылы оның мінез- құлқын, жан-дүниесін, мұңын ашып жазған. Жазушы көңіл – күй психологиялық әңгімесімен оқырманның жан-дүниесін баурап алады деп ойлаймын. Талантты қаламгер шығармаларында адамдардың өмір тіршілігі жайында, жан дүниесін, психологиясын терең бейнелеп, адам әлемінің тұтастай бір сипатын алға тартқан қаламгер деп ойлаймын.
Жазушы Дидахмет Әшімханұлы [52] өзінің әуезді сөзімен, ырғақты тілімен, шеберлігімен көрінеді. Жазушының туындыларынан байқайтынымыз оның өмірді сүйетінін, адамды сүйетінін, бүкіл тіршілік иесін сүйетінін көреміз. Қаламгер өзінің шеберлігімен тағдыр талқысын, өмір қақтығысын, шексіз қуанышын, қайғысын, мағыналы – мағынасыз тіршілік сияқты мәңгілік түбегейлі жауабы табылмайтын сұрақтар қойып, оны шешуге ұмтылмаған екен. Өмірдің түсі қандай суық болса, жазушы да оларға сондай салқын қараған.Өмір қандай әділетсіз үкім шығарса, жазушы да оларға сондай салқын қарайды. Сонымен қатар балаларға арналған қызықты әңгімелері де бар. Әңгімелерінің бірі «Күшік» атты әңгімесі. Елтай деген баланың балалық мінезін ашып жазған. Балаларға өте қызықты, тілі жеңіл. «Елтайдың көшеден тауып алған қара күшігі әдемі еді, сүйкімді еді. Бала қуанды, үйіне әкелді. Күшік есіктен кіре сала шағын дәліздің бұрыш-бұрышын иіскеп алып, асүйге қарай бүлкектей жөнелді. Оның соңынан іле-шала Елтай да кірсе, күшік пеш түбіндегі қара қазанның қақпағына екі аяғын артып қойып, ернеуін иіскелей жалап тұр екен» [52,246б]. Елтайдың мінезін, балалық қылығын ашқан. Оқушы балалардың шамасына сай етіп жазған. Бала іс-әрекеті, мінез-құлқы, бітім болмысы өмірдің өзіндігіндей шынайы суреттеген.
«Елтай жылап жіберді.
- Ой-ой-ой! Мамам өлтіретін болды ғой мені! Ой-ой-ой! Күшікті мескейден жұлып алып, жерге қойды. Ол сілкініп қалып еді, сабалақ жүнінен шашыраған сүт алақандай асүйде жаңбырдай жауды» [52,247б]. Тілі өте жеңіл және түсінікті. Жазушы балалардың тілін таба білетіндей етіп жазған. Бала психологиясына сай әңгіме. Осы әңгіме арқылы балалардың психологиясын ашады. Бала өмірінен алынған. Осы бір қызықты әңгіме арқылы оқушылардың жан-дүниесіне жарқын әсер беретін, жадында сақталып қалатын қызықты әңгіме. Әңгімеге деген құштарлықтары артады деп ойлаймын. Шамаға сай, балаларға арналып жазылған туынды. Жазушы Тобық Жармағамбетовтың туындылары өмір жайлы, адамдар өміріндегі тағдыр жайында сөз етеді. Өмірде болатын жағдайларды бейнелейді. Күнделікті адамдардың басынан өтетін ауыр жағдайлар жайында сөз етеді. Жазушының кеіпкерлері өз өміріндегі басынан өткен ауыртпалықтарды көтеретін кездері жайында сөз етеді. Туындыларының бірі «Уақыт» атты әңгімесі. Кейіпкерлері: Дәрігер Ыбраш, дүниеден өткен әкесі, шешесі, апасы. Жазушы Дәрігер Ыбраштың өткен өмірін есіне ала беретіні жайында жан қиналысы мен күйзелісін ашып, көркем бейнелеген. «Қатаң ауру. Бірақ өмірде не болмайды. Оған қатты қайғыра беруге болмайды. Оған қатты қайғыра беруге бола ма? - Жоқ, мен оған емес, көздері. Сен байқаған жоқсың ба көздерін... Дәрігердің көзінен білінер-білінбес жас шарбысы байқалғандай болды». Дәрігердің қызметі арқылы оның мінез-құлықтарын ашқан. Өмірде болып жатқан жғдайлар жайында жазған. Өз апасына операция жасаған дәрігер Ыбраштың қиналған күйзеліс ойларын шебер сомдаған. «Енді міне... Операция сәтті аяқталды. Қандай тамаша! Бірақ... осы кемпір әлпеті уақыт өткен сайын бірте-бірте ұмытылып, көмкескіленіп бара жатқан аяулы суреттерді отыз жылдық қараңғылықтан суырып алып, соларға қайта шап беріп, жүрегін бұлқытып жіберді». Жазушы дәрігер Ыбраштың қиналған сәтте балалық шағын есіне алғанын бейнелеп жазған. «Ыбрашқа ол кезде бүкіл өмірі әкесіз, осылай жар астындағы жалғыз үйде өткен сияқты көрінетін.». Ыбраш қиналған сәтте өзінің өлген әкесін, шешесін есіне алғанын шеберлікпен сомдаған. Жазушы Ыбраштың өмірдегі ауыр жылдарын, қиыншылық кезеңдерін ашып жазған. «Қарағым-ау, мұны қалай ұстадың? Тайыншадай ғой, құлыным-ау! - Қармағыма қапты, апа. Өзім де қатты қорықтым.Әрең сүйреп шығардым. Асау сазан екен. - Ей-й, күнім-ау, құтты болсын, жарықтық тым үлкен. Үлкен балық шешесіне де, Ыбрашқа да үлкен қуаныш әкелді. Өйткені бұл ауыр жылдар, бұлардың жалғыздық, жасқаншақ, әлсіз жылдары еді.». Осы сәтте балық аулаған Ыбраштың көп қиналғаннан кейін қуанып тұрған кезіндегі өзін балаша сезінуін көркем бейнемен суреттеген. «Адам қуанғанда қаншама өзгеретінін Ыбраш осы таңда алғаш байқағандай, анасының көз жанарына қарайды да, жүрегі лүпіл қағады, өзін бір жағынан ертегінің батырларынша сезінеді.». Жазушы дәрігер Ыбраштың сол бір кемпірге жасаған операциясында отыз жыл өткендегі анасына жасаған операцияны, оның дүниеден өткен күндерін есіне ала беруін жазушы дәрігердің қызметімен шебер сомдаған. Өткен өмірінің уақыты кеше ғана болғандай етіп бейнелеген. Дәрігер Ыбраштың апасының өліміне өзін кінәлі сезінетіндей етіп, кейіпкер өмірін өкінішпен бейнелейді. «Уақыт» әңгімесінің мазмұны өз кейіпкерінің өмірін, тағдырын шеберлікпен сомдаған. Адамгершілік көзқарас тұрғысындағы қанық жазылған әңгіме. Жазушының әңгімесі ойланарлық, өмірден алынған, психологиялық тұрғыда жазылған. Жазушы әңгімесінде астарлы ой, мән-мағына жатыр. Кейіпкерінің өткен өмірі мен бүгінгі күн тұрғысындағы қасіретін ашқан. Оқырман көңілін бірден баурап алады деп білемін.
Қаламгер Сейітқазы Досымовтың сұлу сазды, сезімі назды әңгімелерінен жазушының әрбір шығармасынан уақыт лебі, заман белгісі тайға таңба басқандай айқын білініп тұрады. Кеңестер дәуіріндегі тоқырау жылдары,қайта құру кезеңі адамдардың іс-қимылынан, сөз саптасынан сезіліп тұрады. Мысалға, өзін-өзі болымсыз нәрсемен алдаған маман, өзін-өзі жоғалтқан жазушы, өзін-өзі боямалаған белсенді шенеунік, қолдан жасаған депутат... жиылып келіп әлгі жүзуден қалып, қайраңға шығып шытынаған Кеңестер кемесінің мүшкіл халін елестетеді. Ендеше туындыларының бірі «Өткінші» атты әңгімесін қарастырсақ. «Ән айтсын деген қолқалауға қарсы болмады, іркілмей даусын барынша қоя берді». Тойдағы Шәдінің әндері арқылы оның мінезін,қылығын ашқан. Кейіпкерлері: Шәді, Ният, Күләнда. Ният пен Шәді Күләндамен танысуын, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын ашып жазған. Тойдан кейін Күләнданы Шәді мен Ният үйіне апарып,қонып қайтқандарын жазушы былайша әңгімелейді: «Адресті білесіңдер, енді келіп тұрыңдар, -деді Күләнда ертеңіне Шәдіге арнап айтқандай екі көзін содан алмай, қадала карап. -Ән көңілдің ажары ғой, түндегі тойда салған әндерің құлағымда әлі тұр. Әсіресе, Шәдінің даусы керемет екен» деген Күләнданың Шәдінің тойда айтқан әндерін ұнатуы жайында бір-біріне деген жылы көзқарастағы қарым-қатынастарын бейнелейді. Жазушы әңгімесінде Шәдінің қоңыр даусын сөз еткен. Әр кейіпкері өз мінезімен көрінген. Осы кейіпкерлері өзінің тілімен сөйлейді. Шәдіге қарап ешқандай мансапқор емес екенін, жай қарапайым тіршілік кешкен, өз кәсібінің шебері екенін, адалдықты, адамгершілікті темірқазық етіп ұстаған ортасына сыйлы адамдар бейнесі.
Жазушы Нұржекеұлы Бексұлтан өнер адамының ел арасындағы дау жанжалдың құрбаны болған мүшкіл халін, адал махаббаттың қыйлы-қыйлы қалтарыстарын суреттесе, адам тағдырлары, сезім иірімдері сөз болады. Әңгімелері қоғам өміріне қатысты адамдар тағдырының қалай әрқилы жағдайға душар болғандығын баяндайды. Олардың тақырыбы әртүрлі болып келеді. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы – заман тынысы арқылы адам тағдырын жазушы аса шеберлікпен суреттеген. Туындыларының бірі «Суреттегі сұлулық» атты әңгімесі. «Алматының орталық көшесі. Бұрыш сайын бір киоскі. Алуан түсті газет-журналдар әйнек ішінен арбағандай, әлсін-әлсін амалсыз тоқтаймыз. Мына қызықты қара:киоскіге жұрт көш-құлаш кезекке тұрыпты. Мұның мәнісін менен бұрын ұғып, кимелеген бойы көптің ішіне Мәдіғалиім қойды да кетті». Жазушы өз кейіпкерлерінің өміріндегі қилы-қилы қалтарыстарды өзінің көркем сөздерімен бейнелеген. «Гүлдей деп қызды мақтаушы еді, қыздай деп гүлді айтқанымыз абзал сыйақты. Қызға ұқсас түгі болмаса, гүлдің даңқын жер көкке сыйғызбай жүрген қай қасиеті? Тегі, таласып бекер: қыз-адамзаттың гүлі, гүл-табиғаттың қызы.». Жазушы өзінің көркем сөздерінің шеберлігімен, астарлы ойларымен суреттегі сұлулықты гүлге теңеп, ал гүлді қызға теңеген. Қызды табиғатпен астарластырып бейнелеген. Қыз баланың жан-дүниесінің жарқын болуын, жан-тәнінің сұлу болуын, болмыс-бітімінің көркем болуын бір ғана гүл сөзімен ашып, өрнектеп, табиғатқа өң беріп тұр. Жазушының осы бір әдемі бейнесі көз алдыңызға елестейді. Жазушының әңгімесі өте қызықты. Тақырыбының ортақ желі бар. Адамды табиғатпен астарластырып бейнелеген. Оқығанға тілі жеңіл,әрі қызықты. Кейіпкерлерінің мінездері ашылған. Шығармасының тілі көркем жазылған. Әрқилы тағдырларға душар болатындай суреттегі сұлулық тақырыбының мазмұны ашылған.
Жазушы Игілік Әймен әңгіме, новелла, эссе, хикаяттарында, өлең жырларында, мақала, қара сөз, көсемсөздерінде Саттар Ерубайдағы лапылдаған арманшылдық, Тәкен Әлімқұлдағы арғы мен бергіні қатар өрбітіп отыратын тарихилық пен табиғилық, Асқар Сүлеймендегі әлеуметті ұлпа жерінен ұшынта шымшып алатын қиқарлық Қарауылбек Қазиға тән майда әуез-лиризм анық бой көрсетеді. Жазушының әңгімелері қоғам мен заман, адам мен надан, махаббат, табиғат тақырыбында жазылған. Соның ішіндегі қарастыратын тақырыбымыз табиғат тақырыбына байланысты әңгімесінің бірі «Көгілдір таулар.Қайдасың көк теңіз». Әңгіме желісі былай басталған еді. «...Ажарынан ерте айрылған арудай сұрықсыз,көңілсіз көктем еді. Оның құлағына бір ызың келді. Сәлден соң, ызың етіп тағы да өте шықты.» -Басыңды көтер, не түрткінектеп жатырсың?!». Жазушының табиғат пен кейіпкерді астарластыра, әркімге беріле бермейтін сөзінің өнерімен табиғаттың алуан қилы суреттеріне тірі жан бітірген. Кейіпкерлері:Көкесі мен баласы. Жазушы осы кейіпкер яғни Көкесінің ішкі ойы, сөзі монологы арқылы табиғат бейнесін ашып, шебер суреттеген. «Биылғы қыс оны да қансыратып-ақ кетті. Кейбір ағаштардың қол жетерлік бұтақтары опырылған;қандары сорғалап, оңайлықпен шыға қоймас шыбын жандары шырқырай діріл қағады. Қайсыбірлері белортадан, енді бірлері жер сыза балталанған, араланған.Аяғыңа орағытылып жүргізбейді.». Жазушы табиғаттың қыс мезгіліндегі суықтық белгілерді, кезеңдерді суреттейді. Әрбір сөйлемінің мағынасын аңғарып қарасаңыз қыс мезгіліне жан бітірген. Қыс мезгіліндегі ағаш бұтақтарына адам жанын бітірген, ағаш бұтақтарына қан сорғалатқан, шыбын жанымен діріл қақтырған. Бұдан жазушының табиғатқа деген ойының қандай екенін аңғарасыз. «Осы таулар қалай пайда болған? Теңіз ше? Оны енді осы ой мазалады. Ғалымдардікі долбар... таудың да, теңіздің де жаны бар; құлағы, көзі мұрны, өкпе-бауыры, жүрегі... Олар да сағынады, емірене ериді, қапаланады да. Қатыгезденіп, ашу шақыра кектенетін кездері де болады-ау?.». Осы бір жолдар кейіпкердің ішкі сөзі арқылы табиғатқа адам жанындай жан бітірген. Жазушы тау мен теңізге адамдарша жан бітіріп, құлақ, көз, мұрын, өкпе –бауыр, жүрегі бар дейді. Олардың адамдарша еміренуін, қапалануын, қатыгезденуін, кектенетінін айтып өзінше ой салғанын жазған. Әңгімеде көз алдыңызға тірі жандар елестейді. Әңгімеде қыс мезгілі әсем көрініс тапқан. «Қызық бір таулар қолмен қойғандай қаба-қабат дестелене, тәртіппен, бір беткей қисая жатса, қол созым жердегі екінші тау оған қарама-қарсы қатталынып, шөгіп жатыр.». Кейіпкердің осы монологында табиғатты, тауларды жаны бардай етіп, ақ сақалға теңеген. «Данышпан, кәрі көз көгілдір тауларым-ай! Қартым-ай! ...Еңсең салыңқы ма, өзі? Мына мұңлы түріңе қарағанда, жаның әбден жаралы-ау, шамасы. Қолымнан келер шипа жоқ. Қайран жоқ! Кешіре гөр, алыбым...». Кейіпкердің бұндағы ойы қолынан ештеңе келмейтінін ашып жазады. Кәрі таулардың мұңын адамға қартқа теңей отырып, күңіренген таулар суретін ашқаны жанашырлықпен көз алдыңызға елестейді. «Бала кезінде үлкендер айтушы еді: Арал жақтан бұлт шығып, жел айдаса жаңбыр жауады. Арал – жер ананың емшегі, деп. Қазір ол теңіз жоқ. Енді «ыз» етсе, шаң-тұз жауады. «Қайран көк теңізім-ай!? Қай мекендерге ұшып кеттің екен. Білмей қалдым ғой?...». Табиғат кескінін бейнелеуге келгенде жазушы шеберлігі жар болатыны аңғарылмай әсте қалмайды. Осы кейіпкердің ішінен күңіренген сөзі арқылы жазушы осы жердегі табиғаттың құрғап қалғанын, теңіздің жоқ болып кеткенін суреттеген. Тау мен теңіздің қартайған шағын ауыр халдерін адамға теңеп, жан бітірген. Табиғаттың күңіренген бейнесі көзіңізге елестейді. Бұл әңгіменің ерекшелігі табиғат кескінімен ерекшеленеді. Жазушы ойында бұл өмірде бәрі мәңгілік емес деген астарлы ой жатыр деп түсінемін.
Жазушы Оспанхан Әубәкіровтың [53] аса тартымды туындылар Әңгімелері мен өлеңдері қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған. Көнермес шырайлы шығармаларымен кәрі-жас оқырманын баурап алады. Оспанхан Әубәкіровтың оқырманға ұсынған туындылары қызықты. Жазушынының «Бір қап ұн» атты әңгімесінің бас кейіпкері Бөден. Шағын әңгіме арқылы жазушы кейіпкерінің мінез-құлқын ашқан. «Қонақ үй жоқ. Қонақ ететін жұрттың өзі жаңа қоныстарының есігі қайсы, төрі қайсы екенін біле алмай есі кетіп жатыр. Ал өзім болсам осы кабинетімде жатып жүрмін, ұят демесеңіз, әйелдер босанатын үйде бір төсек бос еді» [53,156б]. Жазушы әңгімесінде өз кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігін ашып жазған. Бөденнің өмірінің бір белестерін суреттеген. Күнделікті өмірдегі қарапайым адамдардың мінезін ашады. Жазушының тағы бір «Қант» атты әңгімесінің бетін ашайық. «Ақылымыз арбаға сыймай асып-төгіліп жүрсек те естен антұрған анау адамгершілігі мол бала кез кетпейді екен. Сол бала күнде «Қу боп қуланып алғанбыз» деп мақтанып жүретін ересек балалар бізден: « Дүниеде не тәтті?» дейтін. Біз «дейтінді» білмейміз, тек қана «жейтінді» жаттап алған жоғалдармыз, көп ойланбай: «Қант тәтті» деуші едік.» [53,95б]. Жазушы кейіпкерлерінің балалық шақтарын еске алатындарын қызықты, әрі тартымды етіп жазған. Жазушының әңгімесі оқырманға тілі жеңіл, қарапайым адамдар өмірінің тұрмыс-тіршілігін бейнелеген, балалық шаққа бір сәт көңіл бөлетіндей кездерді еске түсіреді және оқырманға қызықты.
Жазушы Әлібек Асқаровтың әңгімелерінде қазақ ауылына әкелген қилы-қилы әсерін әңгіме етеді. Әдемі, ұтқыр сөздері арқылы жазушы ауыл адамдарының алуан түрлі характерлерін ашады. Сонымен қатар ауыл тұрмыс –тіршілігінің өзгерістерін ашып жазған. Жеке адамның басындағы қызық оқиғалар арқылы жалпы қоғамды жайлаған трагедиялық ахуалдарды астармен нұсқап отырған. Бірінші бөлімі. Кейіпкерлері: Дмитрий шал, Мелс, Қасиман, Байғоныс. ақсақал. Жазушы ауыл көрінісінің табиғатын әсем көркейтіп суреттеген. «Ескі көздің айтуына қарағанда, осы ауылдың ежелгі аты «Айдарлы» екен. Болса болар, бұл ауылдың Алтай жарықтықтың айдарындай тынысы ортада, ырысты жерде тұрғаны рас. Түстік қанатында сыңсыған қара орман, қара орманның төрінде ұшар басы күмісше жалтырап Ақшоқы қасқаяды.». Әлібек Асқаров бүкіл қазақ даласын қамтыған. Ауылдың жағдайы, ондағы мектеп, басқа жұмыстардың қысқаруы жайында сөз етеді. Сонымен қатар ауылдағы қайта құру кезеңін қарастырған. Ауыл жұмысшыларының қалы, олардың жағдайы. Ауыл адамдары жұмыстың қысқаруына байланысты қалаға көшу жайын сөз ете келе қазақ жастарының жұмыстан қысқару немесе ауылда жұмыс жоқ мәселесін қарастырған. «Жер тартылып, жұмыс азайған сайын мұндағы жұрттың да көңілдері бұзылып, табандарының бүрі кетіп, тайғанақтай бастады. Соңынан бригада ресми түрде жабылды. Бригаданың кеңсесі қағаз-мүлкімен қоса етекті Мұқара көшіп кетті.». Жазушы әңгімеде ауыл жұмыстарының біртіндеп жабылып жатқанын, ондағы мектеп жұмыстары жабылғаны жайында сөз еткен. «Кеңседен кейін ауылдың мектебі жабылды. Мелс мұғалім шыр-пыр болып, мектеп үшін ауданға дейін барып қайтты. Амалы құрыған ол оқушылардың соңғы екеуін қолдарынан өзі жетектеп Мұқырдағы интернатқа орналастырып қайтты». Бұл қазіргі қазақ ауылдарындағы жалпы көрініс. Әлібек Асқаровтың сөз кестесінің жіппен өрнектелгенін, қаламының тым бейім екенін сезіну мүлдем қиын емес. Қазақ ауылындағы жұмысы жоқтықтан ауыл адамдарының жан-жаққа тарап , қаңғырып кеткенін ызалықпен жазған. Әлеуметтік саяси жағдай, қоғам тұрғысынан қарастырылған туынды.
Қаламгер Бейбіт Қойшыбаевтың туындылары қала мен ауыл мектептерінде оқитын жеткіншектер мен жасөспірімдердің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін туындылар. Әңгімелері, хикаялары, повестері балалардың оқуы, қоғамдық жұмысы мен әуестік ауқымын мейілінше кеңінен қамти көрсетіп, өзінше біртұтас өскелең ұрпақ әлемін құраған. Әр туынды балғын оқушыға пайдалы мағлұмат береді деп ойлаймын. Өсіп келе жатқан балалардың бастан кешкен оқиғасын баяндаған. Жазушы жеткіншектіктен өтіп, жасөспірім шаққа қол созған жоғары сынып балаларының тыныс-тіршілігімен таныстырады. Соның ішінде «Анаға арналған тарту» атты әңгімесі Мейірдің анасына жасаған сыйлығы жайында. Мейір мен қарындасы Нұргүлдің балалық мінездерін диалог арқылы ашады. Кішкентай қыз ағасы Мейірдің анасына жасаған әдемі сыйлығына қызыға, қуана қарауы. «Енді мына гүлдер көлшіктегі тастарды жарып өсіп тұрғандай әсер беруде. Ғажап. Көркем. Нұргүл таңырқағаннан аузын ашты да қалды. -Ұнады ма? – деп оған ағасы төбесінен төне қарады. Нұргүл көзі жайнап, басын изеді. -Мамама сыйлаймыз.». Балалардың ой-санасына қозғау салып дамытуда өзінің идеясын іске асыруға бет бұрғанын көреміз. Әңгімеден балалардың тыныс- тіршілігін көреміз. Сонымен бірге жазушы осы әңгімесі арқылы балаларға берер тәрбиесі мол деп ойламын. Тәрбиелік мәні бар, жас балаларды аналарын сыйлауға, құрметтеуге баулиды.Орта сынып және жоғарғы оқушылырына арналған.
Жазушы Серік Байхоновтың жазбалары қазақ жерінің табиғатының әлемін қамтиды. «Сал үстіндегі маусым» қазақ жерінің күретамыры іспеттес Сырдария өзенінің тағдыры жайлы, «Арналарға тіл бітсе» Қызылқұм шөліндегі көне арналар құпиясы жайлы сыр шерткен. «Өсімдіктер әлеміне саяхат» Алтай мен Жетісу жеріндегі өсімдіктер әлемі жайлы әңгімелейді. Сондай-ақ «Аралға – араша», «Бетпақдала- шөл емес» деп аталатын көркем хикаяттары өте қызықты. Жазушының табиғатқа деген көңілінің қандай екенін аңғарасыз. Оқырманды табиғатты аялауға баулиды. Жазушының «Аралға –араша» бөліміндегі «Жол басы» туындысын қарастырсақ «Бір кездері Қазалы қаласынан шыққан жасөспірімдер осы сүрлеуді қуалай жүріп отырып, Қаратерең ауылының сыртындағы қазақ жерінде айдауда жүрген украин ақыны Тарас Шевченко өз қолымен отырғызған жиде ағашының басына барып түнейді екен.». Әңгімеде табиғатты, экологияны қорғауды сөз етеді. Қазақ жерін қорғау мәселесі жайын ашып жазған. Бүгінгі ұрпақтың ойына салар мәселе. Жазушы Қуаныш Жиенбайдың өз тақырыбы, өз қолтаңбасы қалыптасқан жазушының кез-келген дүниесі оқырманның көңілін қалдырған емес деп ойлаймын. Заман талабына сай адамдардың жан-дүниесіндегі арпалыстарын, сезімдерін, психологиялық ахуалдарын дәлдеп өмірдің өзін суреттеуі жазушының ең бірінші алдына қойған мақсаты деп ойлаймын. Бүгінгі өмір тұрмыс-тіршілігін, күндегі өзіміз көріп жүрген адамдар бейнесі. Әңгімелерінде күнделікті өзіміз көріп жүрген қоғамның қат-қабат тыныс-тіршілігі айқын суреттеледі. «Өгей» әңгімесі. Кейіпкерлері: Басты кейіпкер Мөңкебай Сәрсенбайұлы, ұлы (мұғалім) Алдаберген, келіні, немересі Қарлығаш (Мөңкебайдың), Әділжан (поезда кездескен бала). Бұрынғы Арал теңізі Көкарал бөгетінде тұрған, қазір қалада тұратын Мөңкебайдың тіршілігін қаламгер екі жақтың тіршілігін Мөңкебай екі түрлі көзқараспен қабылдайтынын жазады. Мына тұста Мөңкебайдың намысшыл екенін ашып жазған. Кешегі Арал теңізінде тұрған Мөңкебай мен бүгінгі қалада тұратын Мөңкебайдың айырмасы жер мен көктей екендігін ашып жазады. Намысшыл Мөңкебай «Ара-тұра немерелеріне ілесіп лифтісіне сүйретіліп кіретін кешегі Мөңкебай бүгін 6-шы қабатыңды пішту деместен өртекедей орғып өткен жоқ па, қазір де демалмастан жаяу көтеріледі.». Мөңкебай өзінің бұрын тұрған жері Арал теңізі жағалауын сағынатынын, әдемі табиғатын, сол жердің иісін ұмыта алмайтынын, Мөңкебайдың бүгінгі қаладағы тұрмыс-тіршілігін салыстыра жазады. Мөңкебайдың поезбен өзінің туған жері Арал теңізіндегі Көкарал бөгетіне сағына барғанын, басынан кешкен өмірінен оқырман қауымға ой беріп шеберлікпен жазады. Жазушы әңгімесінің ортақ желі бар, өмір жайында жазған. Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы бейнелі сөзбен өз заманының ақиқатын айтып, ауылды ел деп танып, сол табиғи тазалығын сақтап қалуын көксеген және де әпербақандардан абай болып, сақтанып жүруді оқырман қауымға жүрегімен жеткізеді. «Шарбақтының жалғызы» атты әңгімесіне тоқталсақ Шарбақтының базарына Шаншарханның сатып жүрген тіршілігін, сол жердегі базардың бейнесін, қазіргі базар адамдарының өмірі жайлы жазады. «Шарбақтының кеңқолтық мал базарында кім жоқ дейсіз? Тәңіртаудың ар жағы да осында, бер жағы да осында. Қазақ пен қырғыз, қытай мен дұңған, өзбек пен тәжік, орыс пен татар мидай араласып кеткен...». Шаншар базарда қой сатып отырып байларды көріп, өзінің арманын, қиялын осы байларға ұқсағысы келетінін жазады. Шаншарханның тұрмыс-тіршілігін, оның мінез-құлқын өмірімен байланыстыра жазған. Шарбақтының жалғызы Шаншарханның бүгінгі өмір тіршілігін жазушы керемет бүгінгі заманға сай, ауыл әпербақандарына, байларына ыза болуын, олардың өміріне қызығуын ашып жазады. Әлеуметтік саяси жағдай, қоғам мен адамның өзгеруі тамаша үлгі етіп жазған. Күнделікті арамызда кезігіп жүретін адамдардың өмір тіршілігін бейнелеген, заман талабына сай, тілі көркем, әрі қызықты, өмірдегі шындықты жазған.
Жазушы Жабал Ерғалиев шығармаларын сомдауда қоғам, адам, уақытқа жазушы өз пікірін айтады.Мына өмірдегі дүние тіршіліктегі бітпес күресі болғанын жазады. Жазушы өмір атты мәңгілік майданның өтінде жүрген адам пенденің осынау дүниеауи тіршіліктегі бітпес күресін әйгілейтін ізгілік пен зұлымдықтың, махаббат пен ғадауаттың, адалдық пен аярлықтың арасындағы айқас жазушы шығармаларының арқауы болған деп білеміp. Әңгімелерінің бірі «Күн батқан шақта» атты әңгімесі Коммунизм, Хрущевтың кезіндегі өмір тіршілігін, ауылдағы Таңат қарттың малын үкіметке өткізу жайында сөз болуын ашып, шебер өрнектеп жазған. «Заманның түрлі-түрлі әрі санқилы жібімен көгенделген қазекем бір кездері малынан айырылып, арып-ашып жүдегенін, сандаған ұрпағының сүйектерінің далада шашылып қалғанын қайдан ұмыта қойсын. Соңғы ашаршылық бүгінде ел үлкендерінің есіне қайта түсіп, мына жарлықтан шошына қалғандықтары да сол болатын». Кейіпкерлері: Ауыл шалдары Таңат, Әбіл досы, Ахмет. Осы ауыл шалдарының тұрмыс-тіршілігі, қарым-қатынастарын, үкіметке мал өткізу жайындағы қарсы ойларын, өздері жиналып осындай мәселе жайындағы әңгімелесулерін ашып жазады. Қилы-қилы тағдырлардың көркем бейнесін терең, қат-қабат шиеленісте, асқақтата сомдау арқылы қоғам, адам, уақытқа жазушы өз кесімін айтады. Өз заманындағы адамдардың психологиялық тұрғыдағы өзгерістерін ашқан.
Достарыңызбен бөлісу: |