Оггеогеоопоопооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо


Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірбиелік мәні



бет5/13
Дата31.03.2023
өлшемі0.77 Mb.
#471451
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Îããåîãåîîïîîïîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîî

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірбиелік мәні: Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелерге орай әдебиетші-ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ орыс және шетел ғалымдарының іргелі еңбектері пайдаланылып, кейбір қажетті пікірлеріне сілтеме жасалды. Қазіргі қазақ прозашылары шығармаларындағы замандас бейнесінің сомдалуы, автордың шеберлік әдіс-тәсілдері, адамгершілік, жан сұлулығы, отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігі де зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Диплом жобасын жазу барысында мына зерттеушілер мен жазушылардың еңбектері негізге алынды: М.Қаратаев, Р.Бердібаев, Б.Уахатов, С.Қирабаев, В.А.Гараджи, М.К.Мамардашвили, О.Долженко, Д.Амантай, А.Кемелбаева, С.Мыңжасарова, Қ.Жиенбай, Д.Әшімханұлы, О.Әубәкіров, Т.Нұрмағамбетов т.б ғылыми –зерттеу еңбектері қамтылды. Сондай-ақ, алыс-жақын елдердің осы бағытта тұрақты еңбектеніп жүрген ғалымдарының еңбектеріндегі теориялық пікірлер мақсатымызға орай қолданылды.
Дипломның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері кафедра мәжілісінде талқыланып, алдын-ала қорғаудан өтті.
Диплом жобаның құрылымы: Диплом жобасы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі, мақсат- міндеттері және ғылыми жаңалығы көрсетіледі.
Бірінші тарауда қаламгерлердің шығармаларынан бүгінгі күн адамдарының тағдырын, өз замандастарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін құлшына ашып, суреттегенін аңғаруға болады. Талантты жазушылар кейіпкерлерін, олардың өмірін, тағдырын өзгеше суреттейтінін байқауымызға болады. Жазушылардың тәрбиелік мәні бар әңгімелері арқылы болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге берерлік мәні зор.
Екінші тарауда Экзистенциализм (лат. existential-өмір сүру) - батыс философиясындағы адам туралы, оның жеке басының мағынасы туралы иррационалистік бағыт туралы сөз болады. Адамның өзінің "өзін" түсінуі, өмір мен өлімнің мәні, бостандық, мораль, сұлулық, әділеттілік пен шындық, адамның туған жері, оның қоғамдағы орны сияқты көптеген философиялық мәселелерді шешуге итермелейдігін байқауға болады. Экзистенциализм бағытының өкілдері тұрғысынан: "Мен" туралы білу және басқалармен жанашырлық адамды түсінуге әкеледі.
Үшінші тарауда өмір шындығын образ әрекеті, кейіпкер психологиясы, ұлттық таным мен халықтық идея, ұлттық психология, шығармадағы адам мен қоғам арасындағы өзара үндестік пен тартыс, қайшылықтар диалектикасы арқылы суреттеу нәтижесінде автордың өз замандастарының көркем образдарын беру ерекшеліктері әдебиеттану ғылымында қай кезде де өзекті зерттеу нысанасы болып келе жатқанын көрсетуге тырысады.
Қорытындыда дипломдық жобаның зерттеу ісіне қатысты нәтижелер көрсетілді. Жоба соңында пайдаланылған әдебиеттер көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет