Оқыту қазақ тілінде емес



бет17/22
Дата18.05.2022
өлшемі1.59 Mb.
#457117
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
3 класс сор соч-2

Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Атақты тұлғалар
Өнер

Тыңдалым

3.1.2.1* Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.

1

4

2

Айтылым

3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.2.3.1* Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

3

Оқылым

3.3.3.1* Мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау
3.3.4.1* Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің ісәрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

4

Жазылым

3.4.2.1* Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

4

Барлығы







4

16

37
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


Тыңдалым


Тапсырма
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.

жасады. Кебеже әдемі болып шықты. Кебеженің ішіне кепкен ет, құрт, май, ірімшік салып қояды. Кебежеге салған Айтуар – ағаш шебері. Оның түрлі құралдары бар. О л ағаштан кебеже

тамақ бұзылмайды.
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін 4 сөйлемді белгіле ().



[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Айтуар ағаштан кебеже жасады.

1

Әр дұрыс белгілеуге 1 балл қойылады.

Кебежеге салынған тамақ бұзылмайды.

1

Кебеже әдемі болып шықты.

1

Кебеженің ішіне тамақ салады.

1

Барлығы




4



Айтылым


Жұптық жұмыс
1. «Музыкалық аспаптар» тақырыбында диалог құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.

Тірек сөздер: домбыра, қобыз, сазсырнай, баян, бубен, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, ұлттық аспап, саз балшықтан, ағаштан, ән, күй, концерт, музыка.
[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:

  • Анар, мынау қандай аспап? - Бұл – домбыра .

  • Домбыра қандай аспап? - Ол қазақ халқының ұлттық аспабы. Домбыра ішекті аспаптарға жатады.

  • Оны қалай ойнайды?

  • Домбыраны шертіп ойнайды.


1

Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы диалог қабылданады. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды.

1

Сұрақтарға лайықты жауап береді.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы




4


Оқылым


1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Бүгін жексенбі, демалыс күн. Самал радиодан ән тыңдап отыр. Роза Рымбаева концерт беріп жатыр. Қазір Роза ән салып тұр. Розаны халық ұнатады. Ол – атақты әнші. Самал Розаның әнін үнемі тыңдайды. Ол Розаны жақсы көреді.

  • Іс-әрекеті бойынша мәтіннің кейіпкерлерін анықта. Кейіпкердің атын жаз.



  • Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр.

_______________________________________________________________________


• Мәтін қай жанрда жазылған? ______________________________________________
[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Роза/Роза Рымбаева

1


Самал

1

Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін қай күн?/Самал не істеп отыр?/Кімнің концерті болып жатыр?/Роза Рымбаева кім?/...

1

Мәтіннің мазмұны бойынша баламалы сұрақтар қабылданады.

әңгіме

1

Барлығы




4


Жазылым


1. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан.
Тірек сөздер: демалыс, радио, ән тыңдау, Роза Рымбаева, концерт, ұнату, атақты әнші, жақсы көру.
[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауабы: Бүгін демалыс. Самал радио тыңдап отыр. Роза Рымбаеваның концерті болып жатыр. Ол –атақты әнші. Самал Розаны жақсы көреді. Оның әндерін үнемі тыңдап жүреді.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, мазмұнын жүйелі жазады.

1

Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

1

Тірек сөздерді орынды қолданады.

1

Орфографиялық нормаларды сақтайды (3 қатеден артық емес).

Барлығы




4


5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет