құра отырып, дамытатын сұрақтар қойып
немесе әр оқушының қатысуын
қамтамасыз ету үшін топпен бірге әрекет ете отырып,
делдал ретінде
қатысады.
«Балық, құс, аң»
Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана
«балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған
кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-
Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы
бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай
қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы
ойыншы қалғанша жалғаса
береді.
«
Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа
жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың
барлық сұрақтарына
мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді
де алаңдатпайды.
«
Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді
олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
«Батискаф»
(
Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті
бар терең су камерасы.)
Екі топ бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы
қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.
14