Бұл
тәсіл мәтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін,
мәтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тәсілді болжамдарды
дәлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы: Мәтінді оқырдың алдында оқушылар
өздерінің қандай негізгі
ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің
мәтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс.
Оқушылар тірек
сөздерді іздей отырып, мәтінді жылдам оқып шығады.
Оларды тапқан
жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар
тиісті бөлімді оқып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: