Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет70/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

 
«
Өз таңбаңды (герб) жаса» 
Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі 
бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады: 
• 
Өз есіміңізді жазыңыз. 
• 
Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз. 
• 
Сүйікті пәніңізді жазыңыз. 
81 


• 
Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз. 
• 
Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз 
(жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері). 
• 
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, 
табиғат аясы). 
• 
Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін 
салыңыз. 
• 
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз 
жазыңыз. 
• 
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз. 
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде 
суреттерін талқылап, сұхбаттасады. 
«
Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» 
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе 
бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа 
бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту 
керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ 
ішінде де айтуға болады. 
«
Өзі туралы кластер» 
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. 
Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын 
шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, 
жанұяда: біреудің баласы, әкесі, бауыры, ағасы; оқуда: оқушы, шәкірт, 
курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас. 
Әр рөлден туындайтын шеңберлерге өзінің осы рөлдегі ахуалын 
сипаттайтын сын есімдерді жазады. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ 
ішінде талқылайды немесе қабырғаға іліп қояды, басқалардың сұрақтарына 
жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет