кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген
жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім,
сенімсіздік, көшбасшының
кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.
«Социометрия»
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады.
Қатысушылар
көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері,
тұрғылықты жерлері,
аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі
арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік
туғызады.
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»
Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық
қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді.
Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі
қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін:
«Бала
қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін
салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында
тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның
ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып
қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып
қояды. Соңында тақтада жазылған
сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу
керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.
Достарыңызбен бөлісу: