Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет91/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

 
«Сөзді тап» 
 
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз 
қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 
минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан 
оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады. 
«Сөз ойыны» 
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру. 
Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару. 
Балаға да, 
Ағаға да – 
Пайдасы мол аңдағанға. 
Қызықты бұл ойын түрі, 
Қызықтайық біз де мұны. 
Бұрын ойнап көріп пе едің? 
Жеке бір сөз әріптерін 
Алды – артына таратамыз, 
Жаңа сөзге жаратамыз: 
“Балмұздақтан” пәлен сөзді, 
“Тоқылдақтан” түген сөзді, 
“Оспақшылдан” он бес сөзді
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді, 
Құрастырып, тіл ұштаймыз, 
Сөз ойынын қызықтаймыз. 
 «
Сөйлеу арқылы ойлану» 
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға 
көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы 
ойлануды ынталандырыңыз: 
-
талқылауға арналған жаттығу;
-
құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс; 
105 


-
мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар 
бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің 
санын арттырады).
«
Стикер» 
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар 
топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере 
алады:
• 
Мен нені үйрендім?
• 
Маған не қиын болып көрінді?
• 
Не күрделі болды?
• 
Мен енді нені үйренгім келеді?
 
«
Стикерлермен диалог» 
 
Түрлі әдістері көп – қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе 
мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін
жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп 
немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; 
«Қабырғадағы роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен 
эмоцияларын стикерлерде білдіре алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет