4. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі
Осы кодекстің 582 – бабына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР – ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Осы кодекстің 599 – бабына сай 583 – бапта көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысуға құқылы.
“Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етеді және оларды тексеруге қатысады; істі қарап жатқан сотқа, органға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп отырған адамға қатысты, оның кінәлігі туралы, сондай – ақ істің қаралу процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін баяндайды; істі қарап жатқан сотқа, органға заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан боату туралы ұсыныс айтады.
Прокурор кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты, сондай – ақ әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етіледі. Ол болмаған кезде, мұндай іс тек істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезінде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкін”.
5. “Прокуратура туралы” Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстанда мемлекеттілікті дамытумен қатар республикалық органдардың жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгерді, қызметі жаңа мазмұндармен толықтырылды, қадағалау функциялары да өзгерді. Бірақ қызметтерінің негізгі мазмұны заңдылық пен құқық бұзушылық нығайту, мемлекеттің мүдделерін , әлеуметтік – экономикалық, саяси құқықтарын және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы шешуші мәселелері болды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен “ ҚР – ғы Прокуратура туралы” заңы күшіне енді, және осыған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуын жоғары қадағалау органы болып танылды. Бірақ, мемлекеттік құрылыстың тез дамушы процестері, құқық демократиясының дамуы құқықтық жүйені қалыптастыруға жаңа жолдарды талап етті. Осыған байланысты 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда және “ҚР – ғы прокуратура туралы” заң күші бар 1995 жылғы 21 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығында олар өздерінің бекітулерін тапты. Конституцияның 83 – бабында біріңғай орталықтандырылған дербес жүйе ретінде прокуратура туралы негізгі ережелер жарияланды. 2002 жылғы 9 тамыздағы “ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңымен және прокуратура органдарының қызметін реттейтін нормативтік акт осы уақыттан бастап актілері мен тақырыптары өзгерген, сондай – ақ преамбуласы алынып тасталғ
11 – тарауд ан 1995 жылғы 21 желтоқсандағы жаңа “Прокуратура туралы” ҚР – ның заңын қабылдады. Осы заң он екі тараудан және елу тоғыз баптан тұрады:
1 – тарау Жалпы ережелер
2 – тарау Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру
3 – тарау Прокуратураның құқықтық актілері
4 – тарау Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау
5 – тарау Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру
6 – тарау Жедел – іздестіру қызметін қадағалау
7 – тарау тергеу мен анықтама заңдылығын қадағалау
8 – тарау Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
9 – тарау Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау
10 – тарау Қылмыстық қудалау
11 – тарау Прокуратура органдарындағы қызмет, прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау
12 – тарау Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметінің өзге де мәселелері.
“Прокуратура туралы” ҚР Заңы елдің жоғары қадағалау органы туралы алдағы заңдардың көптеген ережелерін дамытып қана қоймайды, сондай – ақ прокуратураның міндеттері мен рөлдерін бағалауға жаңа концептуалды жолдардың қатарын, оларды ұйымдастыру және қалыптастыру тәртібін анықтайды. “Прокуратура туралы” ҚР заңына сәйкес ҚР – ның прокуратурасы – республика аумағында заңдардың, ҚР – ның Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел – іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Осы орган кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай – ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қудалауды жүзеге асырады.
Заңдардың, Президент жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біріңғай қолданылуына жоғары қадағалау бойынша прокуратура органдарының қадағалау функцияларын талдай отырып, ол адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын және құқық қорғау сипатта екенін айта кету керек.
Заңдардың, ҚР Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерін дәл әрі біріңғай қолданылуына қадағалау. Мемлекеттік органдардың заңдарды қолданылуына қадағалау. Прокуратура туралы заңда қадағалау бағыттарының осы объектілері сипатталады. Осы объектілері көп жақты мен әр тірлі болғанмен олардың аталған түрлерімен ғана шектеледі. Олар:
-
Министрліктер мен ведомстволар
-
Мемлекеттік комитеттер
-
ҚР мемлекеттік биліктерінің уәкілетті органдары
-
ҚР мемлекеттік биліктерінің атқару органдары
-
Атқару биліктің жергілікті органдары
-
Бақылау органдары
-
Аталған органдардың лауазымды адамдары
-
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың басқару органдары
-
Коммерциялық және коммерциялық емес ұцымдардың басшылары
10)Мемлекеттік биліктің өзге де органдары.
6.Қазақстан Республикасының заңдары
Прокурорға қоғам өмірі мен қызметіндегі әр түрлі салалардағы қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген заң актілерінің орындалуына қадағалау жүктелген. Кез келген заң бұзушылықты, кім бұзғанына қарамастан, прокурор белгіленген заң үлгісінде оны реттейді. Мұндай жағдайда ескерту болмау керек, және прокурор барлық заңдардың орындалуына қадағалауды іске асырады. Мемлекеттің алдында тұрған міндеттерден шыға отырып, заңдардың қалыптасқан құрылымы және прокуратураның жұмысынан туындаған практикасы заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың мынадай бағыттарын бөледі.
Әлеуметтік салада: азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары туралы заңның, азаматтық туралы заңның, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы заңының, тұрғын үй заңының, қоршаған ортаны қорғау туралы заңның, жасөспірімдер туралы заңның тағы басқа заңдардың орындалуына қадағалау.
Экономикалық салада: кәсіпкерлік туралы заңның; салық туралы заңның; банкілер және банкі қызметтері және бақалары туралы заңдардың орындалуына қадағалау.
Сыртқы экономика салады: сыртқы экономикалық қызметтер туралы заңының, кеден заңының орындалуына қадағалау.
Әкімшілік салада: жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапиылыққа тартуды, әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарға әкімшілік бұлтартпау шараларын қолданудың және алдын алудың орындалуына қадағалау.
Жедел – іздестіру қызметіне қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор:
-
жедел – іздестіру іс жүргізу істерін, жедел – іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажетті мәліметтерді алады, бұған жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарда жасырын негізде қызмет ететін немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәліметтер қосылмайды;
-
жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел – іздестіру шараларын өткізу заңдылығын тексереді;
-
жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдардың іс - әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдар мен өтініштерді қарайды;
-
жедел – іздестіру шараларын жүзеге асырған кезде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер жөнінде қылмыстық және тәртіптік іс қозғау туралы қаулы шығарады;
-
өзінің дәлелденген қаулысымен заңсыз ұсталған адамдарды босатады немесе адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулысын бұзады;
-
қажет болған кезде жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар басшыларынан заң бұзушылықты жою мақсатында өздеріне бағынысты органдарда тексеріс жүргізуді талап етеді.
4)Жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың тарапынан заң бұзушылықты анықтау мақсатында прокурор прокуратура органдарының қызметкерлерін және өзге де қызметкерлерді арнаулы техникалық құралдарды қолданумен тартуға құқықты. Осыған байланысты прокурордың көзқарасы бойынша заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың отыөдан астам бағыттары бөлінеді.
7. Бас прокурордың және төменгі тұрған прокурорлардың актілері
Прокуратура органы басқаруның және олардың қызметтері бағыттарының маңызды құралдары заңдар негізінде және оларды орындау үшін шығарған ҚР Бас прокурорының бұйрықтарығ нұсқаулары, өкімдер мен нұсқаулықтары болып табылады. Осы актілер прокуратура органдарының ұйымдастыру жұмыстарының, сондай – ақ олардың қызметтерінің жеке бағыттарының жалпы мәселелеріне тиісті. Поокурордың қадағалау актісі басқа органды, лауазымды адамды белгіленген заң түрінде реттеуді, оны қарауға тиісті шараларды қолдануға және оны шығарған прокурорға хабарлауды міндеттейді.
8. Халықаралық құқықтық актілер
Мемлекеттілік құрылған кезеңінен бастап Қазақстан қылмысқа қарсы күресте басқа мемлекеттермен өзара іс - әрекеттеріне, әсіресе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі мәселелерге аз көңіл бөлген жөн. 1991 жылғы желтоқсанда жарыққа шыққан аймақтық қауымдастық ретіндегі ТМД оны құқықтық және ұйымдасқан түрде қамтамасыз ете отырып, қылмысқа қарсы күресте өте жеңіл емес, бірақ аса маңызды жолдарды өткерді.
Осыған байланысты 1993 жылғы 22 қаңтардағы жан – жақты негізде, “Азаматтық отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек туралы Мин кеонвенцияның жасалуын атап өту керек.
Қазіргі уақытта Қазақстан алыс шет елдермен құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты мемлекетаралық шарттарды жасауды аса қажет етеді. ҚР Конституциясына сәйкес ҚР бекіткен халықаралық шарттар қоданыстағы заңның бір бөлігі, заңдарынан басымдығы болады және ол тікелей қолданылады.
Осыған байланыс тыпрокуратура қызметтерінің ең маңызды бағыттарының бірі халықаралық шарттардың қолданылуына қадағалау және азаматтардың құқықтарын, сондай – ақ жеке халықаралық рәсімдерді шығаратын ұлттық мемлекеттік құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
3 Тарау: Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
1. ҚР прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
Қадағалау функцияларын іске асыратын бөлімшелер мен лауазымды адамдар прокурорлық қадағалау органдарының бір жүйесінде біріккен. Сондықтан прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы - прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т.б. білдіреді.
Прокуратура органдарының жүйесі туралы мәселелерді қарастыра отырып, жүйе деп өзара байланысты және тұтас бірлікті білдіретін көптеген элементтерді атайтынын атап өту керек. Осыған байланысты прокуратура органдарының жүйесі тек оның органдарын құрайтын жиынтық ғана емес, сондай-ақ құрылымдағы алатын орны, өзара қарым-қатынасы, олардың ұйымдастыру байланыстары мен басқару қатынастары деп тусінуіміз керек.
Прокуратура органдарының бірлестіктері мен бөлімшелерінде функцияларды, өкілеттіліктерді тікелей бөлу, құрылым элементтері арасында өзара қарым-қатынасты анықтау жүргізіледі. Сондықтан, функциялар, өкілеттіліктер, өзара қарым-қатынастардың негізгі мазмұны олардың өзара қарым-қатынастары болып табылатын құрылым элементтерінің өзара байланыстарынан тұрады.
Байланыстарды прокуратураның ішкі жүйесінде, сондай-ақ басқа әлеуметтік жүйелерде қарау кезінде олар ішкі басқару элементтерін байланыстыра отырып, тігінен және прокуратураның ішкі жүйесіндегі біртәртіптегі жүйелерімен және басқа әлеуметтік жүйелермен байланыста бола тұрып, көлденеңнен орналасулары мүмкін.
Құрылым элементтерінің тік және көлденең байланыстарын қолдану субординация және үйлестіру қарым-қатынастарында, яғни бағынышты және қатынас субьектілерінің әрекеттеріне келісуде негізделген. Өзара байланыстардың аталған сипаты ұйымдасқан құрылымды құрудың бір түзулі-функциональдық түрін анықтайды. Алда көріп отырғандарыңыздай, ҚР прокуратура органдарының құрылымы осындай түрде құрылған.
Бір бағыттағы құрылым тек өзара байланысты органдардан, бөлімшелер мен бірліктерден басқармалар аппараттарын құру нәтижесінде ғана жасалады. Әрбір төменгі деңгейдегі сатылар жоғарғы деңгейдегібасшыларға тікелей бағынышты болады. Бұндай жағдайларда прокуратураның әрбір қызметкері тек бір басшыға ғана есеп береді және бағынады және олар жоғарғы жүйемен тек өздерінің басшылары арқылы ғана байланысады. Бір бағыттағы басшы оған сеніп тапсырылған органдар мен бөлімшелердің қызметтерінің жалпы көлемдері дара басшылық қағидаттарымен сәйкес келуіне жауап береді.
Бір бағыттағы құрылым жеткілікті тиімді, өйткені ол бағыныстылықтың анық және жай өзара байланыстар түрінде құрылады. Осындай қағидат бойынша прокуратура органдарында прокурорлардың (олардың орынбасарларының) және тиісті деңгейде прокуратура органдарының аппараттарын басқарып отырған басшылар арасында өзара қарым-қатынастар құрылады, өкілеттіліктер, функциялар бөлінеді. Осындай қағидатпен ҚР Бас прокуратурасы аппараттарының департаменттерінде, басқармалар мен бөлімдерінде және облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларда ұйымдасқан құрылымдар құрылған.
Прокуратура органдарының жүйесі мынандай аудандық, қалалық, облыстық, және оларға теңестірілген прокуратуралардан, сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы сияқты звенолар мен деңгейлерден тұрғандықтан оның ұйымдастыру құрылымындағы басшылық сатысы мен басқару сатысын ажырата білу керек. Осы жағдайда прокуратура органдарының басқару құрылымы негізінде үш бөлімді деп қабылдауға болады. Сондай-ақ мысалға, прокуратура органдары жүйесінде мамандандырылған прокуратуралардың болуы (облыс құқығындағы) ұйымдасқан құрылым екі бөлімді болуы мүмкін екендігін куәландырады. Ұйымдасқан құрылымдағы деңгей саны осы құрылымды басқару тиімділігіне тікелей әсер етеді: деңгей аз болғанынша, басқарудың тиімділігі арта түседі.
Прокуратура органдары қызметтері міндеттерінің күрделенуі, мамандандырудың дамыту ұйымдасқан құрылымның функциональдық дамуын ескертеді. Мұндай құрылымның құрамды элементтері белгілі бір қызметтің белгілі бір түрінде мамандандырылған оргындар, бөлімшелер, құрылымдық бірліктер болып табылады. Оларға арнаулы обьектілермен немесе прокурорлық қадағалаудың жеке салалары шегінде анықталатын прокурорлық қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау, көлік және басқа прокуратуралар жатады.
Функциональдық құрылымын құрайтын элементтерден басқа аудан және қала прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, прокурорлар, облыс прокурорлары, бөлімдердің және басқармалардың аға прокурорлары, қызметтің негізгі бір түрімен өзара байланысты және біріккен ҚР Бас прокуратурасының департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің көмекшілері мен аға көмекшілері.
Функциональдық құрылымнан басқа еңбекті көлденеңнен бөлу, қызметтің белгілі түрі бойынша аса білікті шешімдерді шығаруға болады. Ұйымдасқан құрылымға кіретін әрбір бөлімшелерді немесе органдарды басшы басқарады. Бұл басшылар басқару құрылымындағы рөлмен және орындарға сәйкес бірбағытты және функциональды болулары мүмкін.
Бір бағыттағы басшыларға аудандардың, қалалардың прокурорлары, облыс прокурорлары, мамандандырылған прокуратуралардың прокурорлары, ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары жатады. Функциональдық басшыларға облыс прокурорларының көмекшілері және аға көмекшілері, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының көмекшілері және аға көмекшілері.
Прокуратура органдарының басқару құрылымына белгілі ерекшеліктерді басқарма (департамент) және бөлім прокурорлары мен аға прокурорларының, ҚР Бас прокуратурасы және облыс прокурорларының қызметтері енгізеді.Бір қарағанда, олар тек прокурорлық қадағалаудың белгілі бір саласы бойынша ғана мамандар болып табылады және содан соң ғана олар еңбек етіп жатқан бөлімшелер бастықтары тапсырған кейбір басқарма функцияларын орындайды.
Екінші ұйымдастыру-басқару байланыстарына реординация (қайта тәртіпке келтіру) қағидаттары негізіндегі байланыстар жатады. Прокуратураның ұжымы тұтасымен немесе оның бөлімшелері және жеке қызметкерлері басқару қатынастарын тудыруға, реттеуге және бұзуға және прокуратура органдарының мақсатты қызметіне маңызды әсер ететін қызметтерінің ішкі міндеттері мен мақсаттары, талап етушіліктері мен мүдделері болады. Мұндай жағдайда басқарудың субьектісі мен обьектісі арасында «төмен-жоғары» түріндегі байланыстардың туындауын сипаттайтын кері әрекеттер болуы мүмкін. Нақты шешім қабылдаудың бастамашысы төменгі тұрған прокурор болған кезде осындай әрекеттердің туындауы мысал болады. Жанама түрде бұл заңда белгіленген олардың қызметтерінің кейбір бағыттары бойынша төменгі тұрған прокуратуралар өкілеттіліктерінің мазмұнымен дәлелденеді. Мысалға, «Прокуратура туралы» Заңның 32б.2т. белгіленген шешімі, үкімі, негізі, сот қаулысы заңсыз немесе негізсіз болған жағдайда прокурор қадағалау тәртібімен наразылық жасауға немесе прокурор наразылық жасау жөнінде жоғары тұрған прокурорға ұсыныспен өтініш жасайтынына аса көңіл аудару қажет. Ұсыныстың мазмұны сот қабылдаған шешімдердің заңдылығын қайта қалпына келтіру бойынша белгілі бір әрекеттер жасаудан тұрады.
Әсіресе мұндай ұйымдастыру қатынастар прокуратураға немесе бөлімшелерге бейресми басқару құрылымдары қатты әсер еткенде байқалады.
Прокуратура басшыларының бейресми басқосшыларының, сондай-ақ прокуратура ұжымының пікірлерімен келісуге тура келген кезде олардың қызметтері жағдай жасайды. Өзін-өзі реттеу күшін пайдалану есебімен ғана басқару субьектісі мен обьектісінің қимыл бірлігіне қол жеткізіледі. Қазіргі кезде бейресми құрылымдардың рөлі артып келеді. Бұл беталыс прокуратура органдары қызметкерлерінің қарым-қатынастарының, демократияның күрделене түсуі, саяси және әлеуметтік белсенділіктерінің өсуіне байланысты.
Дегенменде, өзін-өзі реттеудің өте кең дамуы қатынастарды орталықтандыру және орталықсыздандыру мәселелеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Прокуратураның жеке органдарына қатысты прокурор құқықтары мен ресурстарын ала отырып, өздерінің жеке мүдделері мен мақсаттарынажұмсайды, бұл прокуратураның барлық жүйесіндегі мақсаттар мен мүдделеріне жиі сәйкес келмеуі мүмкін. Орталықсыздандыру белгілі бір тиімділікке жеткізеді, бірақ шектен тыс дербестік төменгі тұрған звеноның ұйымдастыру мақсаттарын толығымен елемеулеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда жүйенің жеке бөліктері жалпы мақсат шегінде әрекет жасаулары мүмкін. Сондықтанбасшы мақсаттарды келісушілікке жеткізетін факторлар әрекеттерінің бәсеңдеуіне байланысты шаралар қолдануға тиіс. Мұндай ұқсас жағдайлар прокуратура органдарының ұйымдастыру құрылымдарындағы әр түрлі деңгейлерінде болуы мүмкін. Осы мәселе әр түрлі деңгейдегі басшылардың күш салу өрістерін шектеумен шешіледі.
Прокурорлық қадағалау органдары жүйесінің ұйымдастыру құрылымдарында қолданылатын байланыстардың үшінші түрі «субьект-субьект», «обьект-обьект» түріндегі байланыс. Байланыстың бұл түрі басқару субьектілері мен обьектілерінің үйлестіру қағидаттары немесе әрекет етуілеріне негізделген. Мұндай байланыс оның элементтерін құрайтын ерікті әрекет ету есебінен прокуратура органдары жүйесінің жеке бөлімдерінің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді. Осындай әрекет етуге негізгі жағдай жасайтын факторлары бірлескен құндылығы болып табылады. Олардың өздері прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес бөлімшелері немесе жеке қызметкерлердің белгіленген бағытта қимыл жасауларына, прокуратура органдары жүйесінің алдына қойылған міндеттерді шешуге мәжбүрлейді.
Байланыстың осы түрінде прокуратура органдарының бір-біріне бағынышты емес лауазымды адамдардың арасындағы, аудандық және қалалық прокуратуралардың, обылыстық прокуратура органдарының ішкі бөлімдері мен басқармаларының (департаменттеррінің), ҚР Бас прокуратурасы аппаратының арасындағы өзара қарым-қатынастар жатады.
Осыған байланысты, ҚР прокуратура органдарының жүйесі кейбір ерекшеліктерге байланысты үштопты және ұйымдастыру құрылымдарының бір бағытты-функциональды түрінде негізделген. Құрылымның негізгі мазмұны олардың субординациясы, реординациясы және үйлестіру жағдайларында оның элементтерін құрайтын өзара әрекет болып табылады.
2. ҚР прокуратура органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғарғы бөлігі болып табылады және барлық прокуратура органдарына және оның мекемелеріне басшылық жасайды. Бас прокуратураны Заңның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Бас прокурорының ұсынымы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада төрағасы ҚР Бас прокуроры және мүшелері: бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазымына қарай), ҚР Бас прокуроры тағайындаған басқа прокурорлық қызметкерлер болып табылатын құрамда Алқалар ұйымдастырылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілері болып табылатын бастықтар басшылық ететін департаменттер, басқармалар және бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да көмекшілері болады.
Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлардың лауазымдары көзделген.
Әрбір бөлімшелерде прокурорлық қадағалау бағыттарының анықталған заңдары есебімен прокурорлық жүйенің функцияларынан шығатын міндеттерді шешеді және орындайды.
Бас басқару құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді.
Республиканың Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілерді, кеңесшілерді, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілерді, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 12 б. 5-тармағына сәйкес Бас прокуратура:
1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамыз етеді;
2) Республикада Заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;
3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындауын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;
5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріпотырады;
6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;
7) норма шығарушылық қызметіне қатысады;
8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
ҚР Бас прокуроры ҚР прокуратура органдарының барлық жүйесін және мекемелеріне және ҚР Бас прокуратурасына тікелей басшылық жасайды.
ҚР Бас прокуроры прокуратура органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды іске асырады.
Прокуратура органдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін ҚР прокуратура жүйесі қызметтерінің ұйымдастыру мәселелерін және көрсетілген қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін іске асырудағы тәртібін реттейтін бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, өкімдерді, ережелерді, нұсқауларды шығарады. ҚР Бас прокуроры бөлінген штаттық құрам және еңбек ақы төлеу қоры шегінде ҚР прокуратуралар мекемелері мен бағынышты прокуратуралардың штаты мен құрылымын белгілейді.
ҚР Бас прокуроры департаменттер, басқармалар және бөлімдер бастықтарын және олардың орынбасарлырын, кеңесшілерін, Бас прокурордың ерекше тапсырмалары бойынша көмекшілерді және олардың орынбасарларын, аға прокурорларды және департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР прокуратурасы жүйесінің барлық буындарының прокурорларын да ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.
ҚР Бас прокуроры Прокуратура туралы Заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді. Жыл сайын ҚР Президентіне заңдылықтың жай-күйі елдегі құқықтық тәртіп туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндайды.
ҚР Бас прокуроры болмаған кезде немесе өз міндеттерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда оның міндеттерін бірінші орынбасары орындайды. Егер ол да болмаған жағдайда немесе қандай да себептермен ҚР Бас прокурорының міндеттерін орындау мүмкін болмағанда, оның орынбасарларының біреуіне жүктеледі.
ҚР Бас прокурорының орынбасарлары арасындағы міндеттерді ҚР Бас прокуроры бөледі.
Ол сондай-ақ кеңесші органы болып табылатын алқа жұмысына басшылық жасайды. Алқа жиналыстарында ҚР прокуратура қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстардың жай-күйлері талқыланады; орындауды, іріктеуді, кадрларды орналастыру мен тәрбиелеуді, бұйрықтар жобаларын, нұсқаулықтар мен басқа маңызды нормативтік актілерді тексеру мәселелері талқыланады; Бас әскери прокурордың, бас басқармалар бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептері, бағынышты прокуратуралар жұмысының тексеру нәтижелері тыңдалады. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады.
Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылымдар мен аумақтық бөлінулерге сәйкес құрылған. Әрбір облыста атауы көбінесе облыс атауымен аталатын прокуратуралар бар. Бұдан басқа, облыс прокуратуралары құқығындағы Астана қаласы мен Алматы қаласы прокуратурлары мамандандырылған прокуратураларжұмыс істейді.
Обылыс прокуратурасы мен оған теңестірілген прокураларды ҚР Президентінің келісіммен ҚР Бас прокуроры тағайындаған прокурор басқарады. Облыс прокурорларының ҚР Бас прокуроры тағайындаған бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады.
Облыс прокуратуралары мен оған теңестірілген прокуратуралардың өз құрылымдарында мекемелердің, ұйымдардың, өз деңгейіндегі (яғни, республикалық, облыстық және т.б.) лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды және қалалардың, аудандардың және ҚР әкімшілік-аумақтық өзге де бірліктердің қызметтерін бақылауды іске асыратын басқармалары мен бөлімдері болады.
Облыс прокуратурасында прокурор басқаратын алқа болады. Алқа мүшелері болып прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелер бастықтары табылады.
Обылыс прокуроры
Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.
Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар ҚР Бас прокуратурасына есеп береді және оларды Бас прокурор қызметтен босатады. Олар ҚР аумағында қолданылатын заңдардың, және ҚР Бас прокурорының нормативтік актілері негізінде қалалар мен аудандардың прокуратураларын және өзге де оларға теңестірілген прокуратураларды басқарады және барлық бағынышты қызметкерлер орындауға тиісті бұйрықтарды, нұсқауларды,өкімдерді шығарады, ҚР Бас прокуроры бекіткен құрам және төлем қоры шегінде өз аппараттары мен бағынышты прокуратуралардың штаттық кестесіне өзгерістер енгізеді.
Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өздерінің жиналыстарында прокуратура органдары қызметтерінің аса маңызды мәселелерін, қылмысқа қарсы күрес заңдарының орындалуына қадағалауды іске асыру бойынша ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының орындалууын қарайды, басқармалардың, бөлімдердің бастықтарының, төменгі тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талдайды.
Аумақтық прокуратуралардың төменгі звенолары қалалық және аудандық прокуратуралар болып табылады. Аймақтық прокуратуралардың қатарында құзыреті екі ауданға немесе аудан және облысқа бағынышты қала прокуратураларына тарайтын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.
Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынымдары бойынша 5 жыл мерзімге ҚР Бас прокуроры тағайындайды.
Аудандар мен қалалар прокуратураларындағы жұмыстары аса көп көлемді прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.
Аудандық прокурор (қалалық)
Аудандық және қалалық прокуратураларды, оларға теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. ҚР Бас прокуроры оларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Олар ҚР Бас прокурорына және жоғарғы прокурорларға бағынышты және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағынышты көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, олардың барлық бағыттарын қадағалауды іске асыру және қылмыстық және азаматтық істерді сотта қарауда қатысу жатады. Аудандық бөлінудегі қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметтеріне басшылық жасайды, жоғарғы тұрған прокурорға өз аппараттарымен бағынышты прокуратуралардың штаттық құрамын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныстар енгізеді
Кез келген деңгейдегі прокурор өз өкілеттігі ішінде өз еркі бойынша қызметтен босатылуы мүмкін: қызметтен кетуге байланысты; басқа жұмысқа ауысуына байланысты; денсаулық жағдайы бойынша; міндеттерін ррындай алмауына байланысты; аттестация нәтижесі бойынша; сот үкімімен белгіленген заңды күшіне енетін қылмыстарды жасаған кезде; Еңбек туралы ҚР Заңында көзделген басқа негіздер бойынша.
Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе көліктерінде), табиғатты қорғау және ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің (колония және түрме) түзету мекемелерінде заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.
Әскери, көлік және табиғатты қорғау прокуратуралары аудандық және облыстық прокуратуралардың төменгі звеносы тиісті жоғарғы прокуратуралардың бағыныштылығында болады. ҚР прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралар құқығында: Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтық көлік прокуратуралары жұмыс істейді.
Әскери прокуратура құрамын Бас әскери прокуратура, әскери округтік прокуратуралары, гарнизондар прокуратуралары, қала және аудан прокуратураларына теңестірілген біріккен және қосылған әскерлер жатады.
Әскери прокуратура органдарын ҚР Бас прокурорының орынбасары-Бас әскери прокурор басқарады. Оны ҚР Бас прокурорының ұсынуы бойынша ҚР Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқа қалған әскери прокурорларды Бас әскери прокурордың ұсынуы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды. ҚР Бас прокуроры ғана оларды қызметтен босатады.
Әскери прокуратура өз өкілеттіліктерін ҚР Қорғаныс министрліктерінің бөлімшелерінде ҚР заңдарына сәйкес құрылған қалыптасуларда және басқа әскерлерде іске асырылады.
Көлік прокуратуралары теміржол басқармасының құрылымына және көліктер жүйесіне сәйкес, сондай-ақ көліктегі (желілі бөлімшелер, бөлімдер мен басқармалар) ішкі істер құрылымы есебінен ұйымдастырылады. ҚР Бас прокурордың бұйрығымен көліктік прокурорларға Көлік және коммуникациялар министрлігінің бөлімшелерінде, «Темір жол» РМК», «Қазақстан әуе жолы» (автожол қызметтерін қопағанда), өзен флотының қызметінде және оған жататын мемлекеттік кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, сондай-ақ ҚР Кеден комитеті оның және органдарында заңдардың орындалуына қадағалау жүктелген.
Табиғатты қорғау рокуратуралары экологиялық заңдылықтардың орындалуын қадағалауды күшейту мақсатында құрылған. Облыста прокуратура құығында бір ғана –Каспий табиғатты қорғау прокуратурасы бар. Оның құрамына ауданаралық құқықтардағы әрбіреуі Каспий бассейнінің белгілі учаскелерінде экологиялық заңдардың орындалуын қадағалауды іске асыратын табиғатты қорғау прокуратуралары жатады. Дегенменде, бұл прокуратура таратылды.
Аймақтардың қатарында тиісті облыс прокурорларына бағынышты ауданаралық құқықтардағы табиғатты қорғау прокуратуралары құрылған.
Әскери бөлімдер прокуратуралары жабық әкімшілік-аумақтық білім және аса режимді обьектілерінде іс-қимыл жасайды. Олар әскери прокуратура құрамына кірмейді. ҚР Бас прокурордың бұйрығымен әскери бөлімдердің прокуратуралары (атаулары бірнеше шартты). Өзін-өзі басқару органдарында, кәсіпорындарда, ұйымдарда, жабық әкімшілік-аумақтық білім мекемелерінде, аса маңызды және аса режимді обьектілерде, әскери басқару органдарында, әскери мамандандырылған қалыптасуларда, сондай-ақ тиісті министліктер мен ведомстволарды басқаруда немесе аумақтық органдарда заңдардың орындалуын қадағалауды іске асырады.
Әскери бөлімдердің прокурорлары режимді обьектілер мен аумақтарда өз функцияларын іске асыратын ІІМ органдарының және ҰҚК бөлімшелерінің заңдардың орындалуларына қадағалауды іске асырады.
Әскери бөлім прокуратуралары ҚҰР прокуратурасы жүйесінің төменгі буынына жатады, қалалық және аудандық прокуратуралар құқығында әрекет етеді. Сонымен қатар, әскери бөлімінің прокурорларына ҚР Бас прокурор арқылы заңдардың орындалуына қадағалауды іске асыруға байланысты тікелей тиісті министрліктер мен ведомстволарға өтініш жасау құқығы берілген.
Әскери бөлімнің прокурорлары тікелей ҚР Бас прокурорына бағынады. Оларды әскери бөлім прокуратуралар қызметін бақылау және ұйымдасқан басшылықты іске асыратын Бас прокуратураның ішкі әкімшілік департаментіне басшылық жасау және режимді обьектілері жөніндегі Бас прокурордың аға көмекшісінің ұсынымы бойынша ҚР Бас прокуроры қызметке тағайындайды.
Түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу және тәрбиелеу колонияларының, түрмелер, емдеу-сауықтыру мекемелерінің әкімшілігі қызметінде заңдылықты қадағалауды іске асырады. Осы мамандандырылған прокуратуралардың құзыреттері әртүрлі өзара шекаралас облыстардың аумақтарында орналасқан бірнеше түзету мекемелеріне таратылады. Түзеу мекемелерінде заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорлар аумағында мамандандырылған прокуратуралар орналасқан сол облыстың прокурорына бағынады.
Түзеу мекемелерінің әкімшілігінде заңдардың орындалуын қадағалаудан басқа прокуратуралар жазасын өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ соңғы аумақтағы осы мекемелердің қызметкерлері жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергелуін қадағалауды іске асырады.
ҚР прокуратура органдары жүйесіне ғылыми мекемелер кіреді:С. Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты.
Бас прокурор Институт директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 «Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту концепциясы туралы» Үкімет қаулысын іске асыру, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру мақсатында ҚР Бас прокуроры:
1. «Қазіргі кезеңде кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және біліктілігін арттру жөніндегі жұмыстарды прокуратура органдарының ең маңызды міндеттерінің бірі есептеуді талап етеді . Білімдерін үнемі жаңартып отыру жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігінің және прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымды міндеттерін тиісті орындаудың ең маңызды шарттары болып табылады.
2. Прокуратура органдары басшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттыру міндетті курстарынан өтуді белгіледі. Ал қалған қызметкерлер - үш жылда бір рет».
Достарыңызбен бөлісу: |